Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 қазандағы № 769 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер таратылсын.

      2. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң оқу орталығы (Павлодар қаласы)" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің оқу орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.

      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер мен оның ведомстволарының тізбесінде:

      "1. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі" деген бөлімде:

      реттік нөмірлері 14, 16, 17, 18, 22, 24 және 25-жолдар алып тасталсын;

      "2. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті" деген бөлім:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 96-жолмен толықтырылсын:

      "96. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің оқу орталығы";

      2) "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі №339 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:

      1-бөлімде:

      мына:

      "

1.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

148779

  ";

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

148480

  ";

      мына:

      "

1.2

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:

83624

  ";

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1.2

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:

83325

  ";

      мына:

      "

4)

ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы

283

  ";

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4)

ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы

303

  ";

      мына:

      "

6)

ІІМ Оқу орталығы (Павлодар қаласы)

93

  ";

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

6)

Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің оқу орталығы

93

  ";

      реттік нөмірлері 7), 11), 12), 13), 14) және 15) жолдар алып тасталсын.

      4. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2019 жылғы 15 қазандағы
№ 769 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы таратылатын республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң оқу орталығы (Нұр-Сұлтан қаласы)" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      2. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң оқу орталығы (Алматы қаласы)" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      3. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң оқу орталығы (Ақтау қаласы)" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      4. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң оқу орталығы (Қостанай қаласы)" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      5. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң оқу орталығы (Семей қаласы)" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      6. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң оқу орталығы (Теміртау қаласы)" республикалық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады