"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 43 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.02.2022 № 43 қаулысымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін.

      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдар (келісу бойынша) Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

      3. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар (келісу бойынша) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысына сәйкес Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне ақпарат берсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.

      5. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 968 қаулысымен
бекітілген

"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

      Ескерту. Бағдарламаға өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.04.2020 № 225; 30.07.2020 № 491; 13.10.2021 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      1. Бағдарламаның паспорты

      2. Кіріспе

      3. Ағымдағы ахуалды талдау

      4. Бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары мен іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері

      5. Бағдарламаның негізгі бағыттары, қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары және тиісті шаралар

      6. Қажетті ресурстар

1-тарау. Бағдарламаның паспорты


Атауы

"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіздеме

"Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 772 Жарлығы

Бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
 

Бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар

Орталық және жергілікті атқарушы органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері

Бағдарламаның мақсаты

Өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтау және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру

Міндеттері

1. Шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің қаржыландыруға қолжетімділігін арттыру.

2. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.
3. Өңдеу өнеркәсібі өндірген өнім көлемін ұлғайту.
4. Бәсекеге қабілетті жаңа өндірістер құру.
5. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 20.04.2020 № 225 қаулысымен.
6. Кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету.
7. Кәсіпкерлердің құзыреттерін арттыру.
8. Іскерлік байланыстарды кеңейту.

Іске асыру мерзімдері

2020 – 2024 жылдар

Нысаналы индикаторлары

Бағдарламада қойылған міндеттерді орындау арқылы 2025 жылға қарай мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізілетін болады:
1. ЖІӨ-дегі ШОК үлесін кемінде 33,8 %-ке жеткізу.
2. Бағдарламаға қатысушылардан түсетін салықтық түсімдерді 2017 жылғы деңгейден 2 есеге ұлғайту.
3. Бағдарламаға қатысушылардың жаңа 30 мың жұмыс орнын құруы.
4. ЖІӨ құрылымында өңдеу өнеркәсібінің үлесін кемінде 13,4 %-ке жеткізу.
5. Экономикадағы орта кәсіпкерліктің үлесін кемінде 13,7 %-ке жеткізу.

Қаржыландыру көздері мен көлемдері

Бағдарламаны іске асыруға 2020 – 2024 жылдары 457 435 631 мың теңге көлемінде бюджет қаражаты жұмсалатын болады:
1) республикалық бюджеттен берілетін қаражат:
2020 – 87 590 689 мың теңге;
2021 – 50 319 755 мың теңге;
2022 – 47 394 521 мың теңге;
2023 – 41 016 973 мың теңге;
2024 – 33 613 693 мың теңге;
2) жергілікті бюджеттен берілетін қаражат:
2020 – 39 500 000 мың теңге;
2021 – 39 500 000 мың теңге;
2022 – 39 500 000 мың теңге;
2023 – 39 500 000 мың теңге;
2024 – 39 500 000 мың теңге.
 

2-тарау. Кіріспе

      Ескерту. 2-тарауға өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.04.2020 № 225; 30.07.2020; 13.10.2021 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы "Қазақстан-2050" Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" және 2014 жылғы
17 қаңтардағы "Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Қазақстан халқына жолдауларының мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған.

      Бағдарлама "Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 772 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын іске асыру үшін әзірленді.

      Жалпы елдің орнықты экономикалық дамуын қамтамасыз ету жеке кәсіпкерліктің және бірінші кезекте шағын және орта кәсіпкерліктің жай-күйі мен даму деңгейіне тәуелді. Мемлекеттің экономикалық өсуіне ықпалын тигізетін бәсекелестің дамымауы, материалдық және материалдық емес ресурстарды тиімсіз пайдалану, ішкі сұраныстың импортқа тәуелділігі, жұмыссыздық, кедейшілік және басқалары сияқты көптеген проблемаларды шешу үшін экономиканың нақ осы секторының әлеуетті мүмкіндіктері орасан зор.

      Шағын және орта кәсіпкерліктің экономиканы әртараптандырудағы рөлі де маңызды. Индустриялық-инновациялық даму жағдайында жұмыс процестеріне шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қатарынан көптеген қосалқы мердігерлер тартылуы мүмкін ірі өндірістер көбірек қалыптасатын болады. Ауылдарда, шағын қалалар мен моноқалаларда кәсіпкерлік субъектілері халықтың тұтынушылық сұранысын қанағаттандыруға бағдарланған секторларда жұмыс істей отырып, дамуға жаңа импульс беруі тиіс.

      Осыған байланысты жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша жүйелі шаралар қабылдау қажет, ол қаржыландыруға қолжетімділікті жақсартуды, қажетті инфрақұрылымды қамтамасыз етуді, құзыретті арттыруға жәрдемдесуді, консультациялық қолдау алуды және кәсіпкерлік бастамаларды бірлесіп іске асыру үшін әріптестер тартуды қамтитын болады, бірақ олармен ғана шектелмейді.

      2020 – 2024 жылдар кезеңінде іске асырылатын Бағдарлама өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсуін, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтауды және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құруды қамтамасыз етеді.

      Бағдарламаны іске асырудың төрт негізгі бағыты:

      1) шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін қолдау;

      2) кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін салалық қолдау;

      3) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 20.04.2020 № 225 қаулысымен.

      4) кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау шараларын көрсету.

      Сондай-ақ, осы Бағдарламада "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген Басым жобаларға кредит беру тетігінің (бұдан әрі – Тетік) шеңберінде мемлекеттік қолдау көрсету шарттары анықталған.

      Бағдарламаның негізгі төрт бағыты шеңберіндегі құралдар қағаз/электрондық түрде ұсынылады.

Негізгі терминдер мен анықтамалар

      Осы Бағдарламада мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;

      1-1) "Астана" халықаралық қаржы орталығы (бұдан әрі – АХҚО) – Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын дәл белгіленген шекарасы бар, қаржы саласындағы ерекше құқықтық режим қолданылатын Нұр-Сұлтан қаласының шегіндегі аумақ;

      1-2) "Астана" халықаралық қаржы орталығының қор биржасы (бұдан әрі – АХҚО қор биржасы) – АХҚО-да қаржы құралдарының сауда-саттығын ұйымдастырушылық және техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға;

      2) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі – облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімі айқындайтын облыстық (астана, республикалық маңызы бар қалалар) деңгейде Бағдарламаның іске асырылуына жауапты жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;

      3) банк – Бағдарламаға қатысатын екінші деңгейдегі банк;

      4) банктік кредит/микрокредит (бұдан әрі – кредит) – мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және мақсатты пайдалану шартымен банк кәсіпкерге банктік қарыз шартының/микрокредит беру туралы шарттың негізінде беретін ақшалай қаражат сомасы. Банктік кредитке/микрокредитке кредиттік желі де жатады;

      5) банктік қарыз шарты – шарттары бойынша банк кәсіпкерге кредит беретін банк пен кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім, сондай-ақ банкте кредиттік желі ашу туралы келісім;

      6) "бір терезе" қағидаты – мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды жинау мен дайындауға барынша аз қатысуын және оның көрсетілетін қызметті берушілермен тікелей байланысын шектеуді көздейтін орталықтандырылған мемлекеттік қызмет көрсету нысаны;

      7) даму банкі – "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы және/немесе оның үлестес лизингтік компаниясы;

      7-1) жекелеген кәсіпкерлік субъектілері – қызметін осы Бағдарламаға 2-қосымшаға сәйкес өңдеу өнеркәсібі және тамақ өнімдерінің өндірісі (ЭҚЖЖ 10), сабын және жуғыш, тазалағыш және жылтыратқыш құралдар шығару (ЭҚЖЖ 20.41), шаруашылық-тұрмыстық және санитариялық-гигиеналық мақсатқа арналған қағаз бұйымдарын шығару (ЭҚЖЖ 17.22.0), автомобиль көлігімен жүк тасымалдау (ЭҚЖЖ 49.41), қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі (ЭҚЖЖ 52), туризм (ЭҚЖЖ 55.1, ЭҚЖЖ 55.2, ЭҚЖЖ 55.3.) және жеке меншік немесе жалданатын жылжымайтын мүлікті жалдау және басқару (ЭҚЖЖ 68.20) салаларында жүзеге асыратын ірі кәсіпкерлік субъектілері;

      8) жоба – кіріс алуға бағытталған бастамашылық қызмет ретінде кәсіпкер жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін кәсіпкерлік қызметтің түрлі бағыттарындағы іс-қимылдар мен іс-шаралардың жиынтығы (бір жобаның шеңберінде бірнеше банктік кредит алуға жол беріледі);

      8-1) "жасыл" жобалар – бекітілген сыныптама (таксономия) негізінде айқындалған, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес қолданыстағы табиғи ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыруға, қоршаған ортаға теріс әсер ету деңгейін төмендетуге, энергия тиімділігін, энергия үнемдеуді арттыруға, климаттың өзгеру салдарларын жұмсартуға және климаттың өзгеруіне бейімделуге бағытталған жобалар;

      8-2) "жасыл" таксономия – қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін "жасыл" облигациялар және "жасыл" кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын "жасыл" жобалардың сыныптамасы;

      9) индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі – индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыратын не отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі және (немесе) сыртқы нарықтарға ілгерілету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар (оның ішінде жай серіктестіктер нысанындағы);

      10) кәсіпкер – өз қызметін Бағдарлама шеңберінде жүзеге асыратын шағын және (немесе) орта кәсіпкерлік субъектісі, жекелеген кәсіпкерлік субъектілері, өз қызметін Тетік шеңберінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілері, АХҚО-ның аумағында тіркелген заңды тұлғалар, сондай-ақ жобаларды Қазақстан Республикасының аумағында тікелей инвестициялар қорларының қаражаты есебінен іске асыратын заңды тұлғалар;

      11) кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі – КҚКО) –мемлекеттік қолдау шараларын көрсету және мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа онлайн режимде ұсыну үшін облыс орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей қалаларында және моноқалалардағы, шағын қалалар мен аудан орталықтарындағы кәсіпкерлер палаталарының филиалдары жанынан құрылған инфрақұрылымдық кешен;

      12) КҚКО бөлімшесі – облыс орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей қалаларында кәсіпкерлер барынша көп шоғырланған жерлерде құрылған, кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуге және мемлекеттік қызмет ұсынуға арналған жұмыс орны;

      13) кепілдік беру – Бағдарлама шарттарында және кепілдік шартына сәйкес кәсіпкердің кредит бойынша міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету ретінде ішінара кепілдік беру түрінде пайдаланылатын кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау нысаны;

      13-1) купондық сыйақы мөлшерлемесі – облигация шығарылымының проспектісінде белгіленген және облигация орналастыру салдарынан эмитент алған ақшаны пайдаланғаны үшін мерзімдік негізде төлеуге жататын купондық сыйақының пайызда көрсетілген мөлшері;

      14) қаржы агенттігі – Бағдарлама шеңберінде қаржылық қолдауды іске асыру мен мониторингілеуді жүзеге асыратын "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;

      15) қаржылай емес қолдау операторы – "Сыртқы консультанттарды тарту арқылы озық кәсіпорындардың консультациялық жобаларын бірлесіп қаржыландыру (Еуропа Қайта құру және Даму банкінің (бұдан әрі – ЕҚДБ) Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі бағдарламасы)", "Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту" құрамдауыштарын қоспағанда, Бағдарламаның төртінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлерге мемлекеттік қаржылай емес қолдау көрсетуді жүзеге асыратын Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;

      16) қаржылық лизинг шарты – шарттары бойынша лизингтік компания/банк кәсіпкерге қаржылық лизинг беретін лизингтік компания/банк және кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім;

      16-1) қарыз – мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және мақсатты пайдалану шартымен тікелей инвестициялар қоры кәсіпкерге қарыз шартының негізінде беретін ақша қаражатының сомасы;

      16-2) қарыз шарты – тікелей инвестициялар қоры мен кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім, оның талаптары бойынша тікелей инвестициялар қоры кәсіпкерге қарыз береді;

      16-3) қор биржасы – акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, дауыс беретін акцияларының жалпы санының кемінде жиырма бес пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі болатын, сауда-саттықты ұйымдық және техникалық қамтамасыз етудi осы сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйелерiн пайдалана отырып, оларды тiкелей жүргiзу арқылы жүзеге асыратын заңды тұлға;

      17) лизингтік компания – Бағдарламаға қатысатын лизингтік компания;

      18) лизингтік мәміле (лизинг) – лизингке қатысушылардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге және тоқтатуға бағытталған келісілген іс-қимылдарының жиынтығы;

      19) мемлекеттік-жекешелік әріптестік – "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған белгілерге сәйкес келетін мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес арасындағы ынтымақтастық нысаны;

      19-1) мезониндік келісім – тікелей инвестициялар қоры мен кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім, оның шарттары бойынша тікелей инвестициялар қоры кәсіпкерге мезониндік қаржыландыруды ұсынады;

      19-2) мезониндік қаржыландыру – тікелей инвестициялар қорының кәсіпкерге мезониндік келісім негізінде кәсіпкердің акцияларына немесе капиталындағы қатысу үлестеріне айырбастау құқығымен қоса субординарлық қарыз беруі;

      20) өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – ӨҮК) – облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері құратын және басқаратын, жалпы қатысушылар санының кемінде 50 %-ін бизнес-қоғамдастықтың өкілдері құрайтын консультативтік-кеңесші орган;

      21) субсидиялар – субсидиялау шарттарының негізінде кәсіпкерлерді субсидиялау шеңберінде қаржы агенттігі банкке/лизингтік компанияға/тікелей инвестициялар қорына төлейтін өтеусіз және қайтарымсыз негіздегі мерзімді төлемдер;

      22) субсидиялау – кәсіпкердің операциялық қызметіне жататын белгілі бір шарттарды болашақта орындаудың орнына кредиттер/лизинг бойынша сыйақы ретінде кәсіпкер банкке/лизингтік компанияға/тікелей инвестициялар қорына төлейтін шығыстарды ішінара өтеу үшін пайдаланылатын кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылық қолдау нысаны;

      22-1) тікелей инвестициялар қоры – Қазақстан Республикасының, шет мемлекеттердің және (немесе) АХҚО-ның заңнамасына сәйкес заңды тұлға нысанында және (немесе) заңды тұлға құрмай, кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың өзге де нысанында құрылған, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына және (немесе) заңды тұлға құрмай ұйымдық-кәсіпкерлік қызметтің өзге де нысандарына тікелей немесе жанама қатысу, қаржы құралдарын сатып алу, қарыздар беру арқылы және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де тәсілдермен ақшаны және өзге де мүлікті одан әрі инвестициялау мақсатында ғана оларды тартуды және шоғырландыруды жүзеге асыратын ұйым. Осы Бағдарламаның мақсаттары үшін тікелей инвестициялар қорлары деп тікелей инвестициялар қорлары және (немесе) олар бақылайтын, акциялары және/немесе қатысу үлестері "Қазына Капитал Менеджмент" акционерлік қоғамына тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдар түсініледі;

      23) уәкілетті орган – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган;

      23-1) микрокредит – микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым қарыз алушыға "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 26 қарашадағы № 56-V Заңында айқындалған мөлшерде және тәртiппен ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында беретiн ақша;

      23-2) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым – микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын микроқаржы ұйымы;

      23-3) инвестициялық мақсаттар – негізгі құралдарды сатып алу, жабдықты, негізгі құралдарды, өндірісті кеңейту, жаңғырту, оның ішінде сатып алу және/немесе қызметтер көрсету үшін жағдайлар жасау;

      24) ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер – жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелу мерзімі кредит алу үшін банкке/лизингтік компанияға жүгінген кезде үш жылдан кем уақытты құрайтын, 29 жасқа дейінгі (қоса алғанда) жеке кәсіпкер (жас шамасы ісін жаңа бастаған жеке кәсіпкердің банкке/лизингтік компанияға жүгінген күнге айқындалады, ісін жаңа бастаған кәсіпкер жұмыс істеп жатқан үлестес кәсіпкердің ағымдағы қызметінен ерекшеленетін жаңа қызмет түрін құрған жағдайда, оның ісін жаңа бастаған/істеп жатқан кәсіпкерлермен үлестес болуына жол беріледі);

      25) ісін жаңа бастаған кәсіпкер – жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелу мерзімі банкке/лизингтік компанияға кредит/лизинг шарты үшін жүгінген кезде үш жылдан кем уақытты құрайтын кәсіпкер (ісін жаңа бастаған кәсіпкер жұмыс істеп жатқан үлестес кәсіпкердің ағымдағы қызметінен ерекшеленетін жаңа қызмет түрін құрған жағдайда, оның ісін жаңа бастаған/істеп жатқан кәсіпкерлермен үлестес болуына жол беріледі);

      26) ЭҚЖЖ (бұдан әрі – Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторлары) – Бағдарламаға 2-қосымшаға сәйкес экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес экономиканың басым секторлары;

      27) электрондық өтінім – мемлекеттік қолдауды алуға арналған өтініш, онда ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған;

      28) электрондық құжаттар топтамасы – өтініш берушінің немесе осы құжатты куәландыру өкілеттіктеріне ие адамның не мемлекеттік қызметті алушының өзі болған кезде берген жазбаша келісімі негізінде кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының уәкілетті жұмыскерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, электрондық-цифрлық нысанда түпнұсқа құжаттың түрін және ақпаратын (деректерін) толығымен көрсететін құжаттар.

3-тарау. Ағымдағы ахуалды талдау

      Ескерту. 3-тарауға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

      Бағдарламаны іске асыру өңірлік жеке кәсіпкерлікті дамытуға және бәсекеге қабілеттілікті дамытуға бағытталған.

      "Бизнестің жол картасы-2020" (бұдан әрі – БЖК-2020) бағдарламасын іске асыру кезеңіндегі 2010 – 2018 жылдар аралығында қолдау көрсетуге бағдарланған экономиканың шикізаттық емес секторларының даму көрсеткіштерінде оң үрдіс байқалды. Проценттік мөлшерлемелерді субсидиялау құралдарын пайдалану және кредиттерге кепілдік беру есебінен мемлекеттің екінші деңгейдегі банктерді өңдеу өнеркәсібі, көлік және байланыс сияқты салаларды кредиттеу көлемін ұлғайтуға ынталандыруына мүмкіндік туды.

      БЖК-2020 бірінші кезеңінің мақсаты (2010 – 2015 жылдар) өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ қолда бар жұмыс орындарын қолдау және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру болып табылады.

      БЖК-2020 аясында 16,8 млрд. теңге сомасына кепілдіктер, 87 млрд. теңге – субсидиялар, 1 784,9 млрд. теңге – гранттар қаржыландырылды.

      БЖК-2020 іске асырылған кезеңде ЖІӨ-нің жалпы көлемінде ШОК-нің жалпы қосылған құны 2009 жылғы 17,7 %-тен 2014 жылы 25,9 %-ке дейін өсті.

      Бұл бір мезгілде номиналды ЖІӨ-нің 2,3 есеге – 2009 жылғы 17 трлн. теңгеден 2014 жылы 39,7 трлн. теңгеге дейін өсуіне әкелді.

      БЖК-2020 іске асыру ШОК белсенді субъектілерінің санын 40 %-ке айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді (2010 жылғы 661,6 мың бірліктен 2015 жылы 926,8 мың бірлікке дейін), бұл ШОК-дегі жұмыспен қамтудың 2,6-дан 2,8 млн. адамға дейін болмашы өсуіне ықпал етті.

      ШОК-дегі еңбек өнімділігі ондағы жұмыс істейтін бір адамға 2009 жылғы 1,3 млн. теңгеден 2014 жылы 3,6 млн. теңгеге дейін ұлғайды.

      БЖК-2020 іске асыру ел бюджетінің кіріс бөлігін ШОК салық түсімдерінен 5 жылда 31 есе (2010 жылғы 4,1 млрд. теңгеден 2014 жылы 109,9 млрд. теңгеге дейін) ұлғайтып, оған елеулі үлес қосуға мүмкіндік берді.

      Сонымен қатар, бюджет қаражатының салынуына қарамастан, БЖК-2020 іске асыру кезеңінде ЖІӨ-дегі өңдеу өнеркәсібінің үлесін арттыру жөніндегі мақсатқа қол жеткізілген жоқ.

      Көрсеткіш 2010 жылғы 11,3 %-тен 2014 жылы 10,3 %-ке дейін төмендеді.


      1-кесте. БЖК-2020 іске асырудың әсері


Көрсеткіш

2009

2010

2011

2012

2013

2014

Елдің ЖІӨ (млн. теңге)

17 007 647

21 815 517

28 243 053

31 015 187

35 999 025

39 675 833

ШОК белсенді субъектілері, бірлік

663 374

661 598

846 111

809 750

888 233

926 844

ШОК-де жұмыспен қамтылғандар саны, адам

2 296 600

2 630 580

2 427 135

2 383 338

2 576 899

2 810 962

ШОК субъектілерінің өнім шығаруы, млн. теңге

5 366 936

7 275 779

7 603 804

8 255 123

9 165 412

15 568 081

ШОК субъектілерінің ЖҚҚ, млн. теңге

3 002 660

4 498 009

4 890 986

5 303 593

6 027 426

10 294 709

Жалпы ЖІӨ-дегі ШОК ЖҚҚ үлесі, %

17,7

20,6

17,3

17,1

16,7

25,9

ШОК өнімділігі (млн. теңге/адам)

1,31

1,71

2,02

2,23

2,34

3,66

ЖІӨ-дегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі, %

10,9

11,3

11,0

11,0

10,7

10,2


      Жалпы алғанда, БЖК-2020 бірінші кезеңін іске асыру кезінде ел экономикасындағы ШОК үлесінің өсуі орын алды, бұл ретте ЖІӨ-дегі өңдеу өнеркәсібі үлесінің жоспарлы өсуіне қол жеткізілмеді деген тұжырым жасауға болады.

      БЖК-2020 екінші кезеңінің (2015 – 2020 жылдар) мақсаты өңірлік кәсіпкерліктің орнықты өсуін қамтамасыз ету болып табылады.

      БЖК-2020 екінші кезеңі іске асырылған 4 жыл ішінде елдің жалпы ішкі өніміне ШОК үлесі 2,4 проценттік тармаққа, 2014 жылғы 26 %-тен 2018 жылы 28,4 %-ке дейінгі болмашы өсімді көрсетті.

      Дегенмен, ШОК белсенді субъектілерінің 33 %-ке – 2014 жылы 926,8 мың бірліктен 2018 жылы 1 241,3 мың бірлікке дейін айтарлықтай өсуі байқалады, бұл ШОК субъектілерінің өнім шығаруының 2018 жылы 26,4 трлн. теңгені құрап 70 %-ке өсуіне ықпал етті.

      БЖК-2020 іске асырылған 4 жылда ШОК-де жұмыспен қамтылғандар саны 17,8 %-ке, 2014 жылғы 2 811 мың адамнан 2018 жылы 3 312 мың адамға дейін өсті.

      ШОК-дегі еңбек өнімділігі ШОК-де жұмыспен қамтылған бір адамға 2014 жылғы 3,6 млн. теңгеден 2018 жылы 4,7 млн. теңгеге дейін ұлғайды.

      БЖК-2020 іске асырудың алдыңғы кезеңінің нәтижелерінен өзгешілігі екінші кезең іске асырылған төрт жылдың қорытындысы бойынша ЖІӨ-дегі өңдеу өнеркәсібі үлесінің 2014 жылғы 10,2 %-тен 2018 жылы 11,6 %-ке дейін біртіндеп өскені байқалады.


      2-кесте. БЖК-2020 іске асырудың әсері


Көрсеткіш

2014

2015

2016

2017

2018

Елдің ЖІӨ (млн. теңге)

39 675 833

40 884 134

46 971 150

53 101 282

58 785 738

ШОК белсенді субъектілері, бірлік

926 844

1 242 579

1 106 353

1 145 994

1 241 328

ШОК-де жұмыспен қамтылғандар саны, адам

2 810 962

3 183 844

3 166 792

3 190 133

3 312 457

ШОК субъектілерінің өнім шығаруы, млн. теңге

15 568 081

15 699 405

19 609 010

23 241 125

26 473 049

Жалпы ЖІӨ-дегі ШОК ЖҚҚ үлесі, %

25,9

24,9

26,8

26,8

28,4

ЖІӨ-дегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі, %

10,2

10,2

11,3

11,2

11,6

ШОК өнімділігі (млн. теңге/адам)

3,66

3,20

3,97

4,47

4,76


      2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша БЖК-2020 шеңберінде қолданыстағы кредиттер портфелі 1 527 млрд. теңгені құрады, олардың ішінде инвестициялық мақсаттарға арналған кредиттер портфелі – 998 млрд. теңге.

      Экономиканың басым секторлары бойынша банктік кредиттер портфелінің жалпы көлемі 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 10 150 млрд. теңге, экономиканың басым секторлары бойынша кредит портфелінің жалпы көлемінде БЖК-2020 қамту 15,0 % құрады (бұл экономиканың басым секторларындағы жалпы кредит портфеліндегі қолданыстағы субсидиялау және кепілдік беру шарттарының проценті).

      Жалпы 2010 – 2018 жылдары банктердің жиынтық кредиттік портфелі өңдеу өнеркәсібінде 3 есе (455 млрд. теңгеден 1 359 млрд. теңгеге дейін), көлік секторында – 2,4 есе (252 млрд. теңгеден 593 млрд. теңгеге дейін), байланыс секторында – 1,4 есе (51 млрд. теңгеден 72 млрд. теңгеге дейін) ұлғайды.

      Өңдеу өнеркәсібіне берілген кредиттердің жиынтық көлемі 2010 – 2018 жылдары 3,8 есе (383 млрд. теңгеден 1 455 млрд. теңгеге дейін), көлік секторына – 2,7 есе (145 млрд. теңгеден 395 млрд. теңгеге дейін), байланыс секторына – 2,4 есе (22 млрд. теңгеден 52 млрд. теңгеге дейін) өсті.

      2010 жылдан бері жыл сайын БЖК-2020 іске асырудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігіне өнім шығарудың өсуі, салық төлеу, жұмыс орындарын құру және сақтап қалу тұрғысынан мониторинг жүргізіледі.

      Мәселен, 2010 жылдан бері БЖК-2020 қатысушыларынан түскен салықтық түсімдер мен олардың өнім шығаруының жыл сайынғы өсімі байқалуда.

      Өнім шығару бойынша:

      2010 жылдың қорытындысы бойынша БЖК-2020 қатысушылары 54 млрд. теңгенің өнімін шығарды, 2018 жылы 5,6 трлн. теңгенің өнімін шығарды.


Өнім шығару (сомасы, млрд. теңге)

2010ж.

2011ж.

2012ж.

2013ж.

2014ж.

2015ж.

2016ж.

2017ж.

2018ж.

54

276

671,8

1 061

1 401,6

2 377

3 257,3

4 382,6

5 564


      Салықтық түсімдер бойынша:

      2010 жылдың қорытындысы бойынша БЖК-2020 қатысушылары 4,1 млрд. теңге сомасына салық төледі, 2018 жылы салықтық төлемдердің сомасы 316,1 млрд. теңгені құрады.

      БЖК-2020 қатысушыларынан түсетін салықтық түсімдердің ұлғаюы қатысушылар табысының өскенін және өндірістік қуаттардың ұлғайғанын көрсетеді.


Салықтық түсімдер (сомасы, млрд. теңге)

2010ж.

2011ж.

2012ж.

2013ж.

2014ж.

2015ж.

2016ж.

2017ж.

2018ж.

4,1

27,8

63,5

91,9

110

129,3

204,2

269,3

316,1


      Жұмыс орындарын құру және сақтап қалу бойынша:

      БЖК-2020 іске асырылған кезеңде шамамен 95 мың жаңа жұмыс орны құрылып, 340 мыңнан астам жұмыс орны сақталды.

      Жұмыс орындарын құру және сақтап қалу кәсіпкерлер жобаларының бизнес жоспарларындағы жұмыс орындарының мәлімделген санына байланысты екенін атап өту қажет.

      Жоғарыда көрсетілген деректер мемлекеттік қолдау шараларын алу кезінде Бағдарламаға қатысушылар міндеттемелерінің бір бөлігі болып табылады.

      Қалыптасып отырған ағымдағы жағдайдан мемлекет инвестициялар үшін барлық жағдай мен мүмкіндіктер жасап отырғанын, алайда айналым қаражатын толықтыруды қалайтын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау болмай отырғанын көруге болады. Кредиттеу құрылымы жөніндегі деректерді негізге ала отырып, Бағдарлама құралдарын осы бағытта кеңейту шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау деңгейін айтарлықтай жоғарылатып, осылайша елдегі шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің айтарлықтай өсуіне алғышарт жасайды деп айтуға болады.

      Оқыту түрінде қаржылай емес мемлекеттік қолдау көрсету БЖК-2020-ға 2011 жылы енгізілді. Осы бағыт іске асырылған жылдары аталмыш қолдау танымал бола түсті. 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша "Шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту" жобасы бойынша 2 949 кәсіпкер оқытылды. Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын жасау бойынша жұмыс жүргізілді. Мәселен, 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша облыс орталықтары мен ірі қалаларда кәсіпкерлерге қызмет көрсететін 20 орталық, моноқалаларда, шағын қалалар мен аудан орталықтарында кәсіпкерлерді қолдайтын 191 орталық жұмыс істейді, оларда 468 мыңнан астам кәсіпкер 1 198 мыңнан астам консультация алып, 373 мыңнан астам кәсіпкерге 689 мың сервистік қызмет көрсетілді. Өңірлік деңгейде кәсіпкерлікті қолдаудың 14 мобильді орталығы жұмыс істейді, олар 52 мың клиентке 73 мыңнан астам көшпелі консультация берді.

      Осылайша, ағымдағы жағдайды талдау Бағдарлама ірі қалалардан тыс жерлерде шағын және орта кәсіпкерлікті мақсатты түрде қолдауы әрі кәсіпкерлік әлеуетті күшейтуді көздеуі тиіс екенін көрсетіп отыр.

      2015 жылдан бастап Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – ҰКП) "Бизнестің жол картасы-2020" бірыңғай бағдарламасы шеңберінде қаржылай емес қолдау операторы болып табылатынын атап өту керек. Осылайша, 2015 жылдан бастап ҰКП мынадай жобаларды іске асыруда:

      1. Бизнес-Кеңесші

      2. Бизнес-Өсу

      3. Іскерлік қатынастар

      4. Аға сеньорлар

      5. Бизнес-Насихат

      6. Кәсіпкерлерге арналған сервистік қолдау

      7. Ақпараттық-консультациялық көрсетілетін қызметтер.

      Бағдарлама шеңберінде "Шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін қолдау" бағыты бойынша шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің қаржыландыруға қолжетімділігін арттыру мәселелері шешіледі.

      Шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің қаржыландыруға қолжетімділігін арттыру үшін шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне банктер/микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі – МҚҰ) берген кредиттер/микрокредиттер бойынша портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау және ішінара кепілдік беру жүзеге асырылады.

      Өңдеу өнеркәсібі өндірген өнім көлемін ұлғайту үшін банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және банктердің кәсіпкерлерге берген кредиттеріне ішінара кепілдік беру, сондай-ақ мемлекеттік гранттар беру жүзеге асырылуда.

      Бәсекеге қабілетті жаңа өндірістерді құру үшін кәсіпкерлердің жобаларын және индустриялық аймақтарды жетіспейтін инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жүзеге асырылатын болады.

      Шағын және орта кәсіпкерлікте халықты жұмыспен қамтуды ұлғайту үшін банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және банктердің/даму банкінің кәсіпкерлерге берген кредиттеріне ішінара кепілдік беру, кәсіпкерлер жобаларының және индустриялық аймақтардың жетіспейтін инфрақұрылымын қамтамасыз ету жүзеге асырылатын болады.

      Шетелдік валюталардың құбылмалы болуына байланысты валюталық тәуекелдердің кредиттік тәуекелдерге өзгеруіне жол бермеу үшін банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша сыйақы мөлшерлемесін ұлттық және шетелдік валюталарда субсидиялау жүзеге асырылатын болады.

      Кәсіпкерлікке қаржылай емес қолдау көрсету жөніндегі проблемалардың шешімі кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету, кәсіпкерлердің құзыретін арттыру, кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру, іскерлік байланыстарды кеңейту болып табылады.

      Кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету үшін
"Бизнес-Насихат" жобасы бойынша мемлекеттік қолдау шараларын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттары туралы және агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру жүзеге асырылатын болады.

      Кәсіпкерлердің құзыретін арттыру үшін кәсіпкерлік қызмет негіздеріне оқыту, кәсіпорындар мамандарының, топ-менеджерлерінің біліктілігін арттыру, кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету, рұқсат беру құжаттары мен техникалық шарттарды алу мәселелері бойынша кеңестер беру жүзеге асырылады.

      Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнімділігін арттыру үшін басқарудың жаңа әдістерін енгізу, өндіріс технологиясы, өнімділікті арттыру және кәсіпорынның энергия үнемдеу мәселелері бойынша сыртқы және ішкі консультанттарды тарту жүзеге асырылатын болады.

      Іскерлік байланыстарды кеңейту үшін шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнату және отандық өңделген тауарларды ілгерілету жүзеге асырылады.


Бағдарлама шеңберінде
кәсіпкерлікті дамытудың SWOT-талдауы

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

1. Бәсекеге қабілетті жұмыс күшінің болуы, Қазақстан халқының жартысынан астамы экономикалық белсенді болып табылады.
2. Инфрақұрылымдық және салалық мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шағын және орта бизнесті дамытуға мүмкіндік береді.
3. Мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуды цифрландыру.
4. Бизнесті жүргізу үшін реттеу мен әкімшілік кедергілерді төмендету.
5. Қолайлы салық және кеден саясаты.

1. Кредит бойынша өтімділікті қамтамасыз етудің болмауына, сондай-ақ инфрақұрылымның нашар дамуына және мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде цифрлық көрсетілетін қызметтерге қолжетімділіктің болмауына байланысты ауылдық елді мекендерді, шағын қалалар мен моноқалаларды қаржылық дамытуға екінші деңгейдегі банктер тарапынан қызығушылықтың болмауы.
2. Қазіргі уақытта отандық өнеркәсіптің нашар дамуына байланысты өнеркәсіптік тауарлар импорты үлесінің жоғары болуы байқалады.
3. Кәсіпкерлер үшін шетел валюталары бағамының құбылмалылығына байланысты валюталық тәуекелдердің болуы.

Мүмкіндіктер

Қауіп-қатерлер

1. Отандық тауарлар өндірісін дамыту, кәсіпкерлер үшін валюталық тәуекелдерді төмендету, денсаулық сақтау, білім беру, өнер, ақпараттық технологиялар сияқты әлеуметтік маңызы бар салаларда көрсетілетін қызметтерді дамыту, сондай-ақ инфрақұрылымды дамыту, ауылдық жерлерде, моноқалаларда және шағын қалаларда өмір сүру деңгейін арттыру.
2. Шағын және орта бизнестің кредиттерге қол жеткізуін кеңейту:
1) кредит құнын төмендету (сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау), бұл екінші деңгейдегі банктердің ШОК кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін төмендетуіне алып келеді;
2) кепілмен қамтамасыз ету жетіспеген кезде кредиттер бойынша кепілдік беру.
3. Ел экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлін арттыру:
1) жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілері санының өсуі;
2) ШОК-де жұмыспен қамтылғандар санының өсуі;
3) шағын бизнестің салық төлемдерінің өсуі.
4. Шағын және орта кәсіпорындарды, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі секторында, дамыту жолымен экономиканы әртараптандыру, бұл өңделген өнімнің экспортын ұлғайтады және шикізат экспортының үлесін азайтады.

1. Кәсіпкердің мемлекеттік қолдау қаражатын мақсатты пайдаланбауы.
2. Тұрақсыз экономикалық жағдай.
3. Отандық тауарлар сапасының төмендігі.

4-тарау. Бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары мен іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері

      Ескерту. 4-тарауға өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491; 13.10.2021 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      4.1. Мақсаттар

      Бағдарламаның мақсаттары өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ қазіргі бар жұмыс орындарын сақтап қалу әрі жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру болып табылады.

      4.2. Нысаналы индикаторлар

      Бағдарламаның 2025 жылға қарай қол жеткізілетін нысаналы индикаторлары:

      1) ЖІӨ-дегі ШОК үлесін кемінде 33,8 %-ке жеткізу.

      2) Бағдарламаға қатысушылардан түсетін салықтық түсімдерді 2017 жылғы деңгейден 2 есеге ұлғайту.

      3) Бағдарламаға қатысушылардың жаңа 30 мың жұмыс орнын құруы.

      4) ЖІӨ құрылымында өңдеу өнеркәсібінің үлесін кемінде 13,4 %-ке жеткізу.

      5) Экономикадағы орта кәсіпкерліктің үлесін кемінде 13,7 %-ке жеткізу.


      3-кесте. Нысаналы индикаторлар


Р/с №

Нысаналы индикаторлар

Өлшем бірлігі

Ақпарат көзі

2020

2021

2022

2023

2024

Орындауға жауаптылар

1

ЖІӨ-дегі ШОК үлесін кемінде 33,8 %-ке жеткізу

%

статистикалық деректер

29,0

30,0

31,3

32,5

33,8

ҰЭМ, ЖАО, "Даму" КДҚ" АҚ (келісу бойынша), ҰКП (келісу бойынша), "Назарбаев университеті" ДБҰ (келісу бойынша)

2

Бағдарламаға қатысушылардан түсетін салықтық түсімдерді 2017 жылғы деңгейден 2 есеге ұлғайту

млрд. теңге

ведомстволық деректер

420

450

470

490

520

ҰЭМ, ЖАО, "Даму" КДҚ" АҚ (келісу бойынша), ҰКП (келісу бойынша), "Назарбаев университеті" ДБҰ (келісу бойынша)

3

Бағдарламаға қатысушылардың жаңа 30 мың жұмыс орнын құруы

мың

ведомстволық деректер

5,8

5,9

6,1

6,3

6,5

ҰЭМ, ЖАО, "Даму" КДҚ" АҚ (келісу бойынша), ҰКП (келісу бойынша), "Назарбаев университеті" ДБҰ (келісу бойынша)

4

ЖІӨ құрылымында өңдеу өнеркәсібінің үлесін кемінде 13,4 %-ке жеткізу

%

статистикалық деректер

12,7

13

13

13,2

13,4

ҰЭМ, ЖАО, "Даму" КДҚ" АҚ (келісу бойынша), ҰКП (келісу бойынша), "Назарбаев университеті" ДБҰ (келісу бойынша)

5

Экономикадағы орта кәсіпкерліктің үлесін кемінде 13,7 %-ке жеткізу

%

статистикалық деректер

8,7

10,0

11,2

12,5

13,7

ҰЭМ, ЖАО, "Даму" КДҚ" АҚ (келісу бойынша), ҰКП (келісу бойынша)


      4.3. Міндеттер

      Бағдарламаның мақсаттары мен нысаналы индикаторларына қол жеткізу үшін мынадай төрт:

      1) шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлікті қолдау;

      2) кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін салалық қолдау;

      3) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 20.04.2020 № 225 қаулысымен.

      4) кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылай емес шараларын көрсету бағыттары бойынша жұмыс жүргізілетін болады.

Шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін қолдау

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

      Осы бағыттың шеңберінде шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің қаржыландыруға қолжетімділігін арттыру жөніндегі міндетті шешу қажет.

      1-міндет. Шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің қаржыландыруға қолжетімділігін арттыру, оның ішінде отбасылық кәсіпкерлікті дамыту

      Шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің қаржыландыруға қолжетімділігін арттыру үшін банктердің/МҚҰ-ның кредиттері/микрокредиттері бойынша портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау және ішінара кепілдік беру жүзеге асырылатын болады.


4-кесте. Шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің қаржыландыруға қолжетімділігін арттыру бойынша нәтижелер көрсеткіштері

Р/с
Нәтижелер көрсеткіштері Өлш.бірл. Ақпарат көзі Іске асыру жылдары Орындауға жауаптылар
2020 2021 2022 2023 2024 Жиыны

1.

Шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің субсидияланған жобаларының саны

бірл.

ведомстволық деректер

525

2022

2124

2230

2340

9241

ҰЭМ, ЖАО, "Даму" КДҚ" АҚ (келісу бойынша)

2.

Шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне берілген кепілдіктердің саны

бірл.

ведомстволық деректер

525

2022

2124

2230

2340

9241

ҰЭМ, ЖАО, "Даму" КДҚ" АҚ (келісу бойынша)

5-кесте. Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлері жобаларының өндірістік қуатын ұлғайту бойынша нәтижелер көрсеткіштері

      Ескерту. 5-кесте алып тасталды - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

      Бағдарлама бекітілгенге дейін БЖК-2020 шеңберінде мақұлданған жобалар және 2020 жылғы 1 қаңтардан кейін жасалған шарттар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін бұрын мақұлданған шарттарда қолданылады.

      Қаржыландырудың ағымдағы шарттарының кез келгені өзгерген жағдайда, жоба Бағдарламаның қолданыстағы шарттарына сәйкес келуге тиіс.

Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін салалық қолдау

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

      Осы бағыт шеңберінде мынадай:

      1) өңдеу өнеркәсібі өндірген өнімінің көлемін ұлғайту;

      2) бәсекеге қабілетті жаңа өндірістер құру;

      3) кәсіпкерлердің қаржыландыруға қолжетімділігін арттыру, оның ішінде отбасылық кәсіпкерлікті дамыту міндеттерін шешу қажет.

      3-міндет. Өңдеу өнеркәсібі өндірген өнімінің көлемін ұлғайту

      Өңдеу өнеркәсібі өндірген өнімнің көлемін ұлғайту үшін банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың/тікелей инвестициялар қорларының кредиттер/қаржылық лизинг шарттары/мезониндік қаржыландыру және (немесе) банктердің қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, мемлекеттік гранттар беру және банктердің/даму банкінің кәсіпкерлерге берілген кредиттеріне ішінара кепілдік беру жүзеге асырылатын болады.

      6-кесте. Өңдеу өнеркәсібі өндірген өнімнің көлемін ұлғайту бойынша нәтижелер көрсеткіштері

№ Р/с № Нәтижелер көрсеткіштері Өлшем бірл. Ақпарат көзі Іске асыру жылдары Орындауға жауаптылар
2020 2021 2022 2023 2024 Барлығы

1.

Субсидияланған жобалардың саны

бірл.

ведомстволық деректер

910

932

947

955

969

4713

ҰЭМ, ЖАО, "Даму" КДҚ" АҚ (келісу бойынша)

2.

Берілген кепілдіктердің саны

Ебірл.

ведомстволық деректер

1365

1433

1505

1580

1659

7542

ҰЭМ, ЖАО, "Даму" КДҚ" АҚ (келісу бойынша)

3.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін берілген гранттар саны

Ебірл.

ведомстволық деректер

260

260

140

140

140

940

ҰЭМ, ЖАО, "Даму" КДҚ" АҚ (келісу бойынша)

      4-міндет. Бәсекеге қабілетті жаңа өндірістер құру

      Кәсіпкерлердің қаржыландыруға қолжетімділігін арттыру үшін банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, мемлекеттік гранттар беру және кәсіпкерлерге берілген банктердің/даму банкінің кредиттеріне ішінара кепілдік беру жүзеге асырылатын болады.


      7-кесте. Бәсекеге қабілетті жаңа өндірістер құру бойынша нәтижелер көрсеткіштері


P/с

Нәтижелер көрсеткіштері

Өл-шем бірлігі

Ақпарат көзі

Іске асыру жылдары

Орындауға жауаптылар

2020

2021

2022

2023

2024

Жиыны

1.

Экономиканың басым секторлары, сондай-ақ моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлері-нің қажетті инфрақұры-лыммен қамтамасыз етілген жобаларының саны

бірлік

ведомстволық деректер

10

10

10

10

10

50

ҰЭМ, ЖАО

2.

Қажетті инфрақұры-лыммен қамтамасыз етілген индустриялық аймақтардың саны

бір-лік

ведомстволық деректер

2

2

2

2

2

10

ҰЭМ, ЖАО


      5-міндет. Кәсіпкерлердің қаржыландыруға қолжетімділігін арттыру, оның ішінде экономиканың басым секторларында қызметін жүзеге асыратын отбасылық кәсіпкерлікті дамыту

      Кәсіпкерлердің қаржыландыруға қолжетімділігін арттыру үшін банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың/тікелей инвестициялар қорларының кредиттері/қаржылық лизинг шарттары/мезониндік келісімдері және (немесе) қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, мемлекеттік гранттар беру және банктердің/даму банкінің кәсіпкерлерге берілген кредиттеріне ішінара кепілдік беру жүзеге асырылатын болады.

      Бағдарлама бекітілгенге дейін БЖК-2020 шеңберінде мақұлданған жобалар және 2020 жылғы 1 қаңтардан кейін жасалған шарттар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін бұрын мақұлданған шарттарда қолданылады.

      Қаржыландырудың ағымдағы шарттарының кез келгені өзгерген жағдайда, жоба Бағдарламаның қолданыстағы шарттарына сәйкес келуге тиіс.

Кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау шараларын көрсету

      Осы бағыт шеңберінде мынадай:

      1) кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;

      2) кәсіпкерлердің құзыретін арттыру;

      3) кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру;

      4) іскерлік байланыстарды кеңейту міндеттерін шешу қажет.


      7-міндет. Кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету

      Кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету үшін "Бизнес-Насихат" құрамдауышы бойынша мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттары туралы және агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру жүзеге асырылатын болады.


      9-кесте. Кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету бойынша нәтижелер көрсеткіштері


P/с №

Нәтижелер көрсеткіштері

Өлшем бірлігі

Ақпарат көзі

Іске асыру жылдары

Орындауға жауаптылар

2020

2021

2022

2023

2024

Жиыны

1.

Сарапшылардың,
кәсіпкерлердің, қоғам қайраткерлерінің, шетелдік мамандар мен мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен бұқаралық ақпарат құралдарында ұйымдастырылған телебағдарламалар серияларының саны

бірлік

ведомстволық деректер

10

10

10

10

10

50

ҰЭМ, ҰКП (келісу бойынша)

2.

Ақпараттық-білім беретін анимациялық және бейнероликтер шығару және БАҚ-та орналастыру, оның ішінде әлеуметтік желілер мен бейнехостинг арналарында орналастыру

бірлік

ведомстволық деректер

35

35

35

35

35

175

ҰЭМ, ҰКП (келісу бойынша)


      8-міндет. Кәсіпкерлердің құзыретін арттыру

      Кәсіпкерлердің құзыретін арттыру үшін кәсіпкерлік қызмет негіздеріне оқыту, кәсіпорындар мамандарының, топ-менеджерлерінің біліктілігін арттыру, кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету жүзеге асырылатын болады.


      10-кесте. Кәсіпкерлердің құзыретін арттыру бойынша нәтижелер көрсеткіштері


P/с №

Нәтижелер көрсеткіштері

Өлшем бірлігі

Ақпарат көзі

Іске асыру жылдары

Орындауға жауаптылар

2020

2021

2022

2023

2024

Жиыны

1.

Оқытудан өткен кәсіпкерлердің саны

бірл.

ведомстволық деректер

7850

7920

7920

7920

7920

39600

ҰЭМ, ҰКП (келісу бойынша), "Назарбаев Университеті" ДБҰ (келісу бойынша)

2.

Сервистік қызмет көрсетілген кәсіпкерлердің саны

бір-лік

ведомстволық деректер

30000

30000

30000

30000

30000

150000

ҰЭМ, ҰКП (келісу бойынша)


      9-міндет. Кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру

      Кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру үшін басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын енгізу (Аға сеньорлар), кәсіпорындардың өнімділігін арттыру және энергия үнемдеу (ЕҚДБ-ның Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі бағдарламасы) мәселелері бойынша сыртқы және ішкі консультанттарды тарту жүзеге асырылатын болады.


      11-кесте. Кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру бойынша нәтижелер көрсеткіштері

Р/с № Нәтижелер көрсеткіштері Өл-шем бірл. Ақпарат көзі Іске асыру жылдары  
Орындауға жауаптылар
2020 2021 2022 2023 2024 Жиыны

1.

Басқарудың жаңа әдістерін, өндірістің технологияларын енгізу, кәсіпорындардың өнімділігін арттыру және энергия үнемдеу мәселелері бойынша тартылған сыртқы консультанттардың саны

 
бірл.

 
ведомстволық деректер

34

85

85

85

85

374

ҰЭМ, ҰКП (келісу бойынша)

      10-міндет. Іскерлік байланыстарды кеңейту

      Іскерлік байланыстарды кеңейту үшін шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнату ("Іскерлік байланыстар" құралы) және отандық өңделген тауарларды ілгерілету жүзеге асырылатын болады.


      12-кесте. Іскерлік байланыстарды кеңейту бойынша нәтижелер көрсеткіштері


P/с №

Нәтижелер көрсеткіші

Өл-шем бірлігі

Ақпарат көзі

Іске асыру жылдары

Орындауға жауаптылар

2020

2021

2022

2023

2024

Жиыны

1.

Іскерлік байланыстарды кеңейту үшін шет мемлекеттерге жіберілген кәсіпкерлер саны

бір-лік

ведомстволық деректер

30

30

30

30

30

150

ҰЭМ, ҰКП (келісу бойынша)


      Бағдарлама бекітілгенге дейін БЖК-2020 шеңберінде мақұлданған жобалар және 2020 жылғы 1 қаңтардан кейін жасалған шарттар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін бұрын мақұлданған шарттарда қолданылады.

      Қаржыландырудың ағымдағы шарттарының кез келгені өзгерген жағдайда, жоба Бағдарламаның қолданыстағы шарттарына сәйкес келуге тиіс.

5-тарау. Бағдарламаның негізгі бағыттары, қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары мен тиісті шаралар

      Ескерту. 5-тарауға өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491; 13.10.2021 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      1. Бағдарламада – өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ бар жұмыс орындарын қолдау және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру сияқты түйінді мақсаттарға қол жеткізу үшін іске асырылуы қажет өзара байланысты шаралар кешенін іске асыру болжанады.

Бірінші бағыт: шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін қолдау

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

      2. Бағдарламаның бірінші бағыты кәсіпкерлерге мынадай қаржылай қолдау шараларын көрсетуді көздейді:

      1) кредиттер/микрокредиттер бойынша портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау және ішінара кепілдік беру;

      2) ислам банктерінің кірісін құрайтын тауарға үстеме бағаның бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

      3. Шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері Бағдарламаның бірінші бағытының қатысушылары болып табылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.
      4. Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

Кредиттер/микрокредиттер бойынша портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау және ішінара кепілдік беру

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

      5. Кредиттер/микрокредиттер бойынша портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау және ішінара кепілдік беру инвестициялық мақсаттарға және айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттер/микрокредиттер бойынша жүзеге асырылады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

      6. Ломбардтардың, микроқаржы ұйымдарының және лизингтік компаниялардың қызметін қоспағанда, шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне арналған кредиттер/микрокредиттер бойынша портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау және ішінара кепілдік беру өтеусіз негізде және салалық шектеулерсіз беріледі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.10.2021 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Егер бір жоба бойынша бірнеше кредит беру/микрокредит беру шарттары жасалатын болса, онда осы жоба бойынша портфельдік субсидиялаудың жалпы мерзімі банк/МҚҰ бірінші кредитті/микрокредитті берген сәттен бастап белгіленеді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

      8. Кредиттер/микрокредиттер бойынша портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді қаржыландыру республикалық және/немесе жергілікті бюджеттердің қаражатынан жүзеге асырылады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.10.2021 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Ұсынылатын портфельдік кепілдік мерзімі – кредит мерзімінен аспайды.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

      10. Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде берілетін кредиттер/микрокредиттер бойынша портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау және ішінара кепілдік беру шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Бағдарлама шеңберінде шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне берілетін кредиттер/микрокредиттер бойынша портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді ұсыну қағидаларымен регламенттеледі.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

Ислам банктерінің кірісін құрайтын тауарға үстеме бағаның бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау

      11. Субсидиялау кәсіпкерлер ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауарға үстеме бағаның бір бөлігі/жалдау төлемінің бір бөлігі ретінде төлейтін шығыстардың бір бөлігін өтеу үшін пайдаланылады және мемлекеттің бизнеспен өзара іс-қимылының тиімді тетіктері арқылы жүзеге асырылады.

      12. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалатын болса, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.

      13. Кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын/қаржыландыру шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған қаржыландыру да субсидиялауға жатады.

      14. Кәсіпкердің ағымдағы міндеттемелерін қайта қаржыландыру кезіндегі субсидиялау мерзімі қаржы агенттігі қайта қаржыландыру жүзеге асырылған кредитор-банкте/лизингтік компанияда бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.

      15. Ислам банктерінің кірісін құрайтын тауарға үстеме бағаның бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялауды қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатынан жүзеге асырылады.

      16. Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауарға үстеме бағаның бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Бағдарлама шеңберінде ислам банктері кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру кезінде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауарға үстеме бағаның бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларымен регламенттеледі.

Банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру

      Ескерту. Бөлім алып тасталды - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

Екінші бағыт: кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін салалық қолдау

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

      24. Бағдарламаның екінші бағыты кәсіпкерлерге/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мынадай қаржылық қолдау шараларын көрсетуді көздейді:

      1) банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың/тікелей инвестициялар қорларының кредиттері/қаржылық лизинг шарттары/мезониндік келісімдері және (немесе) қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;

      2) "жасыл" жобаларды іске асыру мақсаттары үшін кәсіпкерлік субъектілеріне берілетін банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;

      3) ислам банктерінің кірісін құрайтын тауарға үстеме бағаның бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау;

      4) өңдеу өнеркәсібінде және көрсетілетін қызметтер, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу бойынша қолжетімді кредиттеу міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз ету шеңберінде берілген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;

      5) кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;

      6) қор биржасының ресми тізіміне енгізілген "жасыл" облигациялар және (немесе) АХҚО актілеріне сәйкес шығарылған және АХҚО қор биржасының тізіміне енгізілген "жасыл" облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;

      7) банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру;

      8) өңдеу өнеркәсібінде және көрсетілетін қызметтер, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу бойынша қолжетімді кредиттеу міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз ету шеңберінде банктер беретін кредиттер бойынша ішінара кепілдік беру;

      9) мемлекеттік гранттар беру;

      10) өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту;

      11) индустриялық аймақтар құру.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.10.2021 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      25. Мыналарды:

      1) сауда қызметі саласындағы жобаларды (айналым қаражатын толықтыруға арналған сомасы 100 млн. теңгеден аспайтын сомадағы кредиттерден басқа);

      2) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 24-бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша кәсіпкерлер/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері іске асыратын жобаларды (осы тармақшаның күші 2020 жылғы 20 сәуірден бастап туындаған қатынастарға қолданылады);

      3) ломбардтардың, микроқаржы ұйымдары мен лизингтік компаниялардың қызметін;

      4) Бағдарламаға 2-қосымшада көрсетілген экономиканың басым секторларына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік гранттар беруді және өндірістік инфрақұрылымды дамытуды қоспағанда, өз жобаларын салалық шектеулерсіз іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын тиімді кәсіпкерлер/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері Бағдарламаның екінші бағытына қатысушылар болып табылады.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.10.2021 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      25-1. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін "жасыл" жобалардың сыныптамасына (таксономиясына) сәйкес "жасыл" жобаларды іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері де Бағдарламаның екінші бағытына қатысушылар болып табылады.

      Ескерту. 5-тарау 25-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 13.10.2021 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың/тікелей инвестициялар қорларының кредиттері/қаржылық лизинг шарттары/мезониндік келісімдері және (немесе) қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау

      Ескерту. Бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.10.2021 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      26. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жаңа тиімді инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге, айналым қаражатын толықтыруға және франчайзингке бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер/қаржылық лизинг шарттары/мезониндік келісімдер және (немесе) қарыздар бойынша жүзеге асырылады.

      Бұл ретте сауда қызметі саласындағы айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттер/мезониндік келісімдер және (немесе) қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау 100 млн. теңгеден аспайтын сомадағы кредиттер/мезониндік келісімдер және (немесе) қарыздар бойынша жүзеге асырылады.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.10.2021 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      27. Мыналарды:

      1) сауда қызметі саласындағы жобаларды (айналым қаражатын толықтырудан басқа);

      2) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 24-бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша кәсіпкерлер/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері іске асыратын жобаларды (осы тармақшаның күші 2020 жылғы 20 сәуірден бастап туындаған қатынастарға қолданылады) қоспағанда, банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың/тікелей инвестициялар қорларының кредиттері/қаржылық лизинг шарттары/мезониндік келісімдері және (немесе) қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жобаларды мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде іске асыру үшін салалық шектеулерсіз берілетін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша да жүзеге асырылады.

      Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалатын жағдайда, субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.10.2021 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      28. Кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын/мезониндік қаржыландыру мен қарыздарды қайта қаржыландыруға бағытталған кредиттер/лизингтік мәмілелер/мезониндік қаржыландыру мәмілелері және (немесе) қарыздар да субсидиялауға жатады.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.10.2021 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      29. Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың/тікелей инвестициялар қорларының кредиттері/қаржылық лизинг шарттары/мезониндік келісімдері және (немесе) қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды қаржыландыру республикалық және/немесе жергілікті бюджеттердің қаражатынан жүзеге асырылады.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.10.2021 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      30. Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың/тікелей инвестициялар қорларының кәсіпкерлердің кредиттері/қаржылық лизинг шарттары/мезониндік келісімдері және (немесе) қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Бағдарлама шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларымен регламенттеледі.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.10.2021 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Банктердің/даму банкінің "жасыл" жобаларды іске асыру мақсаттары үшін берілетін кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау

      Ескерту. 5-тарау бөліммен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 13.10.2021 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      30-1. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген "жасыл" жобаларды айқындауға сәйкес "жасыл" жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер бойынша жүзеге асырылады.

      30-2. Банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде "жасыл" жобаларды іске асыру үшін берілетін кредиттер бойынша да жүзеге асырылады.

      30-3. Егер кредит беру негізгі құралдарды сатып алу және (немесе) жаңғырту және (немесе) өндірісті кеңейту шеңберінде жүзеге асырылатын, бірақ кредит сомасының 20 %-ынан аспайтын болса, "жасыл" жобаларды іске асыру үшін берілген кредит бойынша айналым қаражатын толықтыру үшін субсидиялауға жол беріледі.

      30-4. "Жасыл" жобаларды іске асыру үшін банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатынан жүзеге асырылады.

      30-5. Банктердің/даму банкінің кәсіпкерлердің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау шарттары мен тәртібі, сондай-ақ Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде "жасыл" таксономияны қолдану жөніндегі жекелеген ережелер Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Бағдарлама шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларымен регламенттеледі.

Ислам банктерінің кірісін құрайтын тауарға үстеме бағаның бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау

      31. Ислам банкінің/ислам лизингтік компаниясының кірісін құрайтын тауарға үстеме бағаны/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге және айналым қаражатын толықтыруға бағытталған жобаларды іске асыру үшін ұсынылатын жаңа қаржыландыру бойынша жүзеге асырылады.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.04.2020 № 225 қаулысымен.

      32. Мыналарды:

      1) сауда қызметі саласындағы жобаларды (айналым қаражатын толықтырудан басқа);

      2) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 24-бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша кәсіпкерлер/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері іске асыратын жобаларды (осы тармақшаның күші 2020 жылғы 20 сәуірден бастап туындаған қатынастарға қолданылады);

      3) ломбардтардың, микроқаржы ұйымдары мен лизингтік компаниялардың қызметін қоспағанда, банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау салалық шектеулерсіз кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша да жүзеге асырылады.

      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.10.2021 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      33. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалса, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.

      34. Кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын/қаржыландыру шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған қаржыландыру да субсидиялауға жатады.

      Кәсіпкердің ағымдағы міндеттемелерін қайта қаржыландыру кезінде субсидиялау мерзімі қаржы агенттігі қайта қаржыландыру жүзеге асырылған кредитор-банкте/лизингтік компанияда бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.

      35. Ислам банктерінің кірісін құрайтын тауарға үстеме бағаның бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялауды қаржыландыру республикалық және/немесе жергілікті бюджеттердің қаражатынан жүзеге асырылады.

      Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.10.2021 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      36. Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауарға үстеме бағаның бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Бағдарлама шеңберінде ислам банктері кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру кезінде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауарға үстеме бағаның бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларымен регламенттеледі.

Өңдеу өнеркәсібінде және көрсетілетін қызметтер, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу бойынша қолжетімді кредиттеу міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз ету шеңберінде берілген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау

      37. Өңдеу өнеркәсібінде және көрсетілген қызметтерді, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу бойынша қолжетімді кредиттеу міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз ету шеңберінде берілген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау Тетікте көзделген шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

Кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау

      38. Кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау эмитенттер облигациялар бойынша сыйақы ретінде төлейтін шығыстардың бір бөлігін өтеу үшін пайдаланылады және мемлекеттің бизнеспен өзара іс-қимылының тиімді тетіктері арқылы жүзеге асырылады.

      39. Кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау инвестициялық жаңа жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге және айналым қаражатын толықтыруға бағытталған жобаларды іске асыруды қаржыландыру үшін шығарылған облигациялар бойынша жүзеге асырылады.

      Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.04.2020 № 225 қаулысымен.

      40. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалса, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.

      41. Кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды қаржыландыру республикалық және/немесе жергілікті бюджеттердің қаражатынан жүзеге асырылады.

      Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.10.2021 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      42. Кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларымен регламенттеледі.

Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) "Астана" халықаралық қаржы орталығының актілеріне сәйкес шығарылған "жасыл" облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау

      Ескерту. 5-тарау бөліммен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 13.10.2021 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      42-1. Кәсіпкерлік субъектілері шығарған және қор биржасының ресми тізіміне енгізілген "жасыл" облигациялар және (немесе) АХҚО актілеріне сәйкес шығарылған және АХҚО қор биржасының тізіміне енгізілген "жасыл" облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау эмитенттер облигациялар бойынша сыйақы ретінде төлейтін шығыстардың бір бөлігін өтеу үшін пайдаланылады және мемлекеттің бизнеспен өзара іс-қимылының тетіктері арқылы жүзеге асырылады.

      42-2. "Жасыл" облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау "жасыл" жобаларды іске асыруды қаржыландыру үшін кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша жүзеге асырылады.

      42-3. Кәсіпкерлік субъектілері шығарған "жасыл" облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатынан жүзеге асырылады.

      42-4. Кәсіпкерлік субъектілері шығарған "жасыл" облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларымен регламенттеледі.

Банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру

      43. Ішінара кепілдік беру тиімді инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге, айналым қаражатын толықтыруға және франчайзингке бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін кредиттер бойынша ғана беріледі.

      Бұл ретте сауда қызметі саласындағы айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттер бойынша ішінара кепілдік беру 100 млн.теңгеден аспайтын сомадағы кредиттер бойынша жүзеге асырылады.

      Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.04.2020 № 225 қаулысымен.

      44. Кәсіпкерлер үшін ішінара кепілдік беру өтеусіз негізде ұсынылады.

      45. Кепілдік мөлшері кәсіпкерліктің түріне және жоба шеңберіндегі кредиттің сомасына байланысты.

      46. Ұсынылатын кепілдік мерзімі кредит мерзімінен аспайды.

      47. Банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беруді қаржыландыру республикалық және/немесе жергілікті бюджеттердің қаражатынан жүзеге асырылады.

      Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.10.2021 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      48. Қаржы агенттігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Бағдарлама шеңберінде кредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларында белгіленген жағдайларда кепілдік беруден бас тартады.

      49. Бағдарламаның екінші бағытының шеңберінде банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Бағдарлама шеңберінде кредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларымен регламенттеледі.

Өңдеу өнеркәсібінде және көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу және өндіру бойынша қолжетімді кредиттеу міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз ету шеңберінде берілетін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша ішінара кепілдік беру

      Ескерту. Бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.10.2021 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      50. Өңдеу өнеркәсібінде және көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу және өндіру бойынша қолжетімді кредиттеу міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз ету шеңберінде берілетін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша ішінара кепілдік беру Тетікте көзделген шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.10.2021 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Мемлекеттік гранттар беру

      51. Мемлекеттік гранттар Бағдарламаға 2-қосымшада көрсетілген экономиканың басым секторларындағы жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне беріледі.

      52. Мемлекеттік гранттар беру нысанындағы қолдау шараларын қаржыландыру республикалық және/немесе жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.10.2021 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      53. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттарды мемлекет шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін іріктеу бойынша өткізілетін конкурстардың қорытындылары бойынша Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері арқылы береді.


      54. Мемлекеттік гранттарды беру шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Бағдарлама шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру қағидаларымен регламенттеледі.

Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту

      55. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту жекелеген жобалар үшін дербес (оның ішінде бірнеше жобаларды қамтамасыз ету үшін), сол сияқты индустриялық аймақтарды құру шеңберінде де жаңа өндіріс құруға, жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған шағын және орта кәсіпкерлік жобаларына жетіспейтін инфрақұрылым жүргізуді білдіреді.

      56. Шағын және орта кәсіпкерлік жобаларының және индустриялық аймақтардың инфрақұрылымын дамытуға қаражат бөлу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      57. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту Бағдарламаға 2-қосымшада көрсетілген экономиканың басым секторларында қызмет ететін кәсіпкерлер үшін жүзеге асырылады.

      58. Моноқалаларда, шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде қызмет ететін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту салалық шектеулерсіз жүзеге асырылады.

      59. Бөлінген қаражат мынадай инфрақұрылымдарды салуға және реконструкциялауға бағытталады: су бұру, сумен жабдықтау (сумен жабдықтау үшін ұңғымаларды бұрғылау), газдандыру, сутаратқыштар, буқұбырлары, жылумен жабдықтау, су құбырлары, темiржол тұйықтары, темiржол кірме жолдары, телефондандыру, кіші электр станциялары, электр беру желілері, септиктер, бу-газ қондырғылары.

      60. Жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізу шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің объектісі аумағының шекарасына дейін жүзеге асырылады, бұл ретте кәсіпкерлік объектісі аумағының ішінде инфрақұрылым жүргізуге қаражат бөлу көзделмейді.

      61. Инфрақұрылымды салу (реконструкциялау) құны шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жобасы құнының 50 %-інен аспауға тиіс.

      62. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларына жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу құрылыс құнының кемінде 10 % мөлшерінде жергілікті бюджеттен қоса қаржыландырылған жағдайда жүзеге асырылады.

      63. Республикалық бюджеттен құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техникалық-экономикалық негіздеме) немесе жобалау (жобалық-сметалық) құжаттамасын әзірлеумен байланысты шығындарды қаржыландыруға жол берілмейді.

      64. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жүргізу шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Бағдарлама шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жүргізу қағидаларымен регламенттеледі.

Индустриялық аймақтарды дамыту

      65. Индустриялық аймақтың аумағында өндірістік мақсаттағы (өндірістік, қойма және әкімшілік үй-жайлар), әлеуметтік қызметтер көрсету объектілері (қоғамдық тамақтандыру, жұмыскерлердің біліктілігін арттыру, коммуналдық қызметтер көрсету пункттері), банктік қызметтер көрсету объектілері орналастырылады.

      66. Индустриялық аймақтар құрудың негізгі міндеттері:

      1) өнеркәсіп саласындағы жеке кәсіпкерліктің жедел дамуына жәрдемдесу;

      2) жаңа өндірістердің инфрақұрылымын құруға және дамытуға арналған шығындарды оңтайландыру;

      3) өндіріс тиімділігін арттыру;

      4) халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету болып табылады.

      67. Индустриялық аймақтар:

      1) өндіріске арналған ғимараттар мен құрылысжайлар салуға инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген жер учаскелері;

      2) кәсіпкерге жалға беру немесе сату үшін дайын өндірістік үй-жайлар, оның ішінде өндірістік инфрақұрылымы бар тоқтап тұрған, консервацияланған немесе жұмыс істемейтін өндірістер;

      3) құрылысқа арналған жер учаскелері, сол сияқты өндірістік үй-жайлары да бар кешенді индустриялық аймақтар түрінде құрылады.

      68. Индустриялық аймақ аумағының шекарасына дейін және оның ішінде инфрақұрылымды жүргізу республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады, бұл ретте бюджет заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен қоса қаржыландырылады.

      69. Бұл ретте жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізу өлшемшарттарына сәйкес келетін индустриялық аймақтарды құру және дамыту жобаларына жетіспейтін инфрақұрылым жүргізу де жергілікті атқарушы органдардың қалауы бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.

      70. Индустриялық аймақтарды құру өңірлік мамандануға және жергілікті кәсіпкерліктің мүмкіндіктеріне сәйкес жүзеге асырылады.

      71. Инфрақұрылым салу (реконструкциялау) құны индустриялық аймақтар құру немесе дамыту жобасы құнының 50 %-інен аспауға тиіс.

      72. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы (бұдан әрі – ӘКК) индустриялық аймақтардың операторы болып табылады.

      73. Индустриялық аймақтар операторының функцияларына:

      1) индустриялық аймақтарға қатысушыларды тарту;

      2) инфрақұрылым объектілерін салу үшін инвестициялар тарту және индустриялық аймақты қаржыландыру мәселелерін шешу;

      3) жер учаскелерін жерді қайтадан пайдалануға (қосалқы жалға) беру және инфрақұрылым объектілерін жалға (қосалқы жалға) беру;

      4) қызметті жүзеге асыру туралы шарттар жасасу, оларды бұзу және олардың талаптарының орындалуын мониторингілеу;

      5) индустриялық аймақ қызметін қамтамасыз ету және қолдау жатады.

      74. ӘКК операторлық көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      75. ӘКК индустриялық аймақтарды тиімді басқару мақсатында басқарушы компанияларды, оның ішінде жергілікті және шетелдік бөгде ұйымдарды тарта отырып, құра алады.

      76. Өнеркәсiптiк аймақтарды құру немесе дамыту жобалары үшін жетiспейтiн инфрақұрылымды жеткізу шарттары мен тәртiбi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiлетін Бағдарлама шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жүргiзу қағидаларымен регламенттеледі.

Үшінші бағыт: кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерінің төмендеуі

      Ескерту. Бөлім алып тасталды - ҚР Үкіметінің 20.04.2020 № 225 қаулысымен.

Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау

      Ескерту. Бөлім алып тасталды - ҚР Үкіметінің 13.10.2021 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Ислам банктерінің кірісін құрайтын тауарға үстеме бағаның бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау

      Ескерту. Бөлім алып тасталды - ҚР Үкіметінің 13.10.2021 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Төртінші бағыт: кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау шаралары

      94. Кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау шаралары кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа мынадай:

      1) кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;

      2) кәсіпкерлердің құзыреттерін дамыту;

      3) кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру;

      4) іскерлік байланыстарды кеңейту функционалдық бағыттары бойынша мемлекеттік қаржылай емес қолдау көрсетуді көздейді.

      95. Осы бағыттардың шеңберінде мынадай қаржылай емес қолдау құралдарын ұсыну:

      1) "Кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету" функционалдық бағыты бойынша:

      кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;

      "Бизнес-Насихат" құрамдауышы бойынша мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру;

      2) кәсіпкерлердің құзыретін дамыту функционалдық бағыты бойынша:

      "Бизнес-Мектеп" кәсіпкерлік қызметті жүргізудің функционалдық бағыттарына оқыту;

      шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту;

      кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсетуді ұсыну;

      осы Бағдарлама шеңберінде шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдікті кредит беру аясында кәсіпкерлерді атаулы оқыту;

      3) кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру функционалдық бағыты бойынша:

      жаңа басқару әдістерін, өндіріс технологияларын енгізу мәселелері бойынша сыртқы консультанттарды (Аға сеньорлар) тарту;

      Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бойынша Еуропа Қайта Құру және Даму банкінің іскерлік консультациялық көрсетілетін қызметтер бағдарламасы;

      4) іскерлік байланыстарды кеңейтудің функционалдық бағыты бойынша:

      шетелде тақырыптық бизнес-тағылымдаманы, сондай-ақ ұқсас бейіндегі кәсіпорындарға бару және шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнату көзделеді.

      Ескерту. 95-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

      96. Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту функционалдық бағыттарын іске асыру мынадай: кәсіпкерлік субъектілеріне "бір терезе" арқылы қызмет көрсету, қайталауды жою, қағидалар мен талаптарды жеңілдету және оңтайландыру, белгіленген рәсімдер мен регламенттерді автоматтандыру қағидаттары сақталған жағдайда кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымы шеңберінде жүзеге асырылады.

      97. Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымына:

      1) облыс орталықтарындағы, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей қалаларындағы, сондай-ақ моноқалалардағы, шағын қалалар мен аудан орталықтарындағы КҚКО;

      2) КҚКО бөлімшелері кіреді.

      98. Бағдарлама бойынша кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау шараларын ұсыну шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау шараларын ұсыну қағидаларымен регламенттеледі.

      Ескерту. 98-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

Бағдарламаны іске асыруды мониторингілеу

      99. Бағдарламаны іске асыруды мониторингілеу оның нысаналы индикаторларына, міндеттері мен нәтижелер көрсеткіштеріне толық және уақтылы қол жеткізуді, Бағдарламаны іске асырудың ағымдағы жай-күйі туралы ақпаратты тұрақты алуды, сондай-ақ Бағдарламаны, оның ішінде Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытудың құбылмалы сыртқы және ішкі факторларын ескере отырып, оның құралдары мен тетіктерін уақтылы өзектілендіруді қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.

      100. Бағдарламаны мониторингілеу мынадай үш деңгейде жүргізіледі:

      1) статистикалық деректерді талдау кәсіпкерлік санаттары, мемлекеттік қолдау түрлері, салалық және өңірлік тиесілілік бөлінісінде ұсынылатын қызметтер саны мен қолдау құралдарының тізбесі бойынша мәліметтерді жинауға және өңдеуге бағытталған;

      2) Бағдарлама құралдарын іске асыру сапасының аудиті Бағдарлама құралдарын алушылардың қанағаттануын, ұсынылатын мемлекеттік қолдау құралдарының жеткілікті және толық болуын бағалауды көздейтін Бағдарлама құралдарын іске асыру сапасын бағалауға бағытталған;

      3) Бағдарламаның нәтижелілік аудиті мемлекеттік қолдау құралдарының кәсіпкерлік субъектілерінің кәсіпкерлік қызметінің түпкілікті сапасы мен нәтижелілігіне ықпалын субъективті бағалауға, сондай-ақ Бағдарлама құралдарының әлеуметтік, бюджеттік және экономикалық тиімділігін объективті бағалауға бағытталған.

      101. Бағдарламаны пайдаланушының бейнесін сипаттауға, кәсіпкерлік қызмет нәтижелілігінің жақсаруын/нашарлауын экономикалық немесе басқарушылық тұрғыдан бағалауға, сондай-ақ қолдау құралдарын алудың жылдамдығы мен сапасын айқындайтын Бағдарламаның ішкі факторларына баға беруге қабілетті кешенді талдамалық есеп мониторинг қорытындысы болып табылады.

      102. Мониторинг жүргізу үшін мыналар:

      1) ұлттық және ведомстволық статистика;

      2) Бағдарлама құралдарын алу кезінде толтырылатын бастапқы нысандар;

      3) кәсіпкерлердің көрсетілген қызметтер сапасына қанағаттануын бағалауға арналған нысандар;

      4) мемлекеттік қолдау алған кәсіпкерлерге телефон арқылы және тікелей пікіртерім жүргізу;

      5) кәсіпкерлермен өткізілетін семинарлар, кеңестер, кездесулер ақпарат көзі болып табылады.

      103. Бағдарламаның бірінші және екінші бағыттары шеңберінде статистикалық деректерді талдауды, сапа мен нәтижелілік аудитін қаржы агенттігі жүргізеді.

      Ескерту. 103-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.04.2020 № 225 қаулысымен.

      104. Бағдарламаның төртінші бағыты шеңберінде статистикалық деректерді талдауды, сапа мен нәтижелілік аудитін қаржылай емес қолдау операторы жүргізеді.

      105. Қаржы агенттігі мен қаржылай емес қолдау операторы телефон арқылы және тікелей пікіртерім жүргізу арқылы Бағдарлама құралдарының іске асырылу сапасына аудит жүргізеді. Сауалнама жүргізу үшін қаржы агенттігі мен қаржылай емес қолдау операторы білікті мамандар бөледі, олар қызметтерді ұсыну сапасын тікелей мониторингілеуді жүзеге асырады. Тікелей пікіртерім кәсіпкер толтыратын сауалнама негізінде жүргізіледі.

      106. Бағдарлама нәтижелілігінің аудиті статистикалық деректерді талдау, Бағдарлама құралдарының іске асырылу сапасы аудитінің нәтижелері, оның ішінде Бағдарлама құралдарын пайдаланғаннан кейін өздері алған әлеуметтік, бюджеттік және экономикалық нәтижелерді көрсетіп, кәсіпкерлер есеп беретін семинарлар мен кездесулердің қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.

      107. Бағдарлама тиімділігінің кешенді талдамалық есебін дайындауды қаржылай емес қолдау операторы бір жылдық статистикалық деректерді, сапа және нәтижелілік аудитін талдау нәтижелерін пайдалана отырып жүзеге асырады.

      108. Бағдарламаға мониторинг жүргізудің тұрақтылығы:

      1) статистикалық деректерді талдау – уәкілетті органға мемлекеттік қолдау құралдарының іске асырылуы бойынша ақпарат беру арқылы ай сайын;

      2) Бағдарлама құралдарының іске асырылу сапасының аудиті – кейіннен уәкілетті органға жиынтық есеп жібере отырып, Бағдарлама жұмысының сапасын бағалау сауалнамаларының деректерін өңдеу арқылы – тоқсан сайын және қолдау шараларын алу үшін жыл бойы барлық өтініш бергендердің жалпы санынан кемінде 5 % мөлшерінде көрсетілетін қызметтерді алған кәсіпкерлерге телефон арқылы немесе тікелей сауалнама жүргізу арқылы – жыл сайын;

      3) Бағдарлама нәтижелілігінің аудиті – КҚКО базасындағы форматқа сәйкес семинар өткізу арқылы – жыл сайын.

      Бағдарлама нәтижелілігі аудитінің нәтижелері қаржылай емес қолдау операторы уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі қаржы жылының шілдесінен кешіктірмей беретін Бағдарлама тиімділігінің кешенді талдамалық есебіне қосылады.

      109. Мониторингті қаржыландыру мынадай түрде:

      1) Бағдарламаның бірінші және екінші бағыттары шеңберіндегі статистикалық деректердің аудиті – қаржы агенттігінің жеке қаражаты есебінен; Бағдарламаның төртінші бағыты шеңберінде – қаржылық емес қолдау операторының жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылады;

      2) Бағдарлама құралдарының іске асырылу сапасының аудиті – қаржы агенттігінің меншікті қаражаты есебінен; Бағдарламаның төртінші бағыты шеңберінде – қаржылай емес қолдау операторының меншікті қаражаты есебінен;

      3) Бағдарлама нәтижелілігінің аудиті – қаржылай емес қолдау операторының қаражаты есебінен;

      4) "Бағдарламаның іске асырылуын мониторингілеу" тақырыбы бойынша қорытынды жұмыс кеңесін өткізу қаржылай емес қолдау операторының қаражаты есебінен жүргізіледі. 

      Ескерту. 109-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.04.2020 № 225 қаулысымен.

Бағдарламаға қатысушылардың өзара іс-қимылы

      110. БЖК-2020 іске асыру шеңберінде жасалған банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары/мезониндік келісімдер және (немесе) қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және банктердің/лизингтік компаниялардың/тікелей инвестициялар қорларының кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша кепілдік беру жөніндегі келісімдер Бағдарламаны іске асыру кезінде қолданылады және қайтадан жасалмауға тиіс.

      Ескерту. 110-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.10.2021 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      111. Қаржы агенттігі кредиттер/қаржылық лизинг шарттары/мезониндік келісімдер және (немесе) қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, кредиттер бойынша кепілдік беру, кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету, "Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту" құрамдауышы және мемлекеттік гранттар беру бөлігінде Бағдарламаның іске асырылуын мониторингтеуді жүзеге асырады.

      Ескерту. 111-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.10.2021 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      112. Қаржы агенттігі Бағдарлама тиімділігінің кешенді жылдық жалпы талдамалық есебін қалыптастыру мақсатында есепті жылдан кейінгі жылдың сәуірінен кешіктірмей, Бағдарламаның бірінші және екінші бағыттарын мониторингтеу нәтижелерін қаржылық емес қолдау операторы мен уәкілетті органға жібереді.

      Ескерту. 112-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.04.2020 № 225 қаулысымен.

      113. Жұмыскерлер кірісінің, орташа жылдық санының артуын, кәсіпкердің салықтық төлемдерінің ұлғаю серпінін айқындау үшін қаржы агенттігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінен алынған ақпаратты пайдаланады. Қаржы агенттігі шешім қабылдаған күнге қарамастан, келесі қаржы жылының басы жұмыскерлер кірісінің, орташа жылдық санының артуын, кәсіпкердің салықтық төлемдерінің ұлғаю серпінін есептеу кезіндегі есепті күн болып табылады.

      114. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 30-бабының 2-тармағына сәйкес кәсіпкерлік субъектілерінің салық төлеуші туралы мәліметтерді беруге келісуі туралы ұсынылған өтініштердің негізінде төленген салықтар мен бюджет төлемдерінің көлемі және қаржы агенттігі Бағдарламасына қатысушылар жұмыскерлерінің саны туралы мәліметтерді қаржы агенттігі мен қаржылай емес қолдау операторына жолдайды. Кірістер, төленген салықтар мен бюджет төлемдерінің көлемі және Бағдарламаға қатысушылар жұмыскерлерінің саны туралы соңғы 5 жылғы жылдық деректер кәсіпкерлік субъектілерінің салық төлеуші туралы мәліметтерді беруге келісуі туралы ұсынылған өтініштердің негізінде қаржы агенттігі мен қаржылай емес қолдау операторының сұрау салуы бойынша ұсынылады.

      115. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі Бағдарламаның өңірлерде өндірістік инфрақұрылымды дамыту бөлігінде іске асырылуын мониторингілеуді жүзеге асырады.

Бағдарламаның өлшемшарттары

      116. Мемлекеттік қолдау алуға үміткер кәсіпкерлердің кредиттері/лизингтік мәмілелері/мезониндік қаржыландыру мәмілелері және (немесе) қарыздары мынадай өлшемшарттарға сәйкес келуге тиіс:

      1) кәсіпкердің кредиті/лизингтік мәмілесі/мезониндік қаржыландыру мәмілесі және (немесе) қарызы Бағдарлама шарттарына сәйкес жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруға, өндірістерді жаңғыртуға және кеңейтуге, оның ішінде айналым қаражатын толықтыруға, сондай-ақ "жасыл" жобаларды іске асыруға бағытталуға тиіс;

      2) сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауды және оларға ішінара кепілдік беруді:

      даму банкінің ұйымдардың үлестерін, акцияларын сатып алуға бағытталған кредиттерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның ұсынымы бойынша қаражатты кейіннен екінші деңгейдегі банктер алдындағы берешекті өтеуге жібере отырып, ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған;

      даму банкі мен тікелей инвестициялар қорларын қоспағанда, мемлекеттік даму институттары берген;

      банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың/тікелей инвестициялар қорларының сыйақы мөлшерлемесі Бағдарлама шеңберінде арзандатылған кредиттерін/лизингтік мәмілелерін/мезониндік қаржыландыру мәмілелерін және (немесе) қарыздарын қоспағанда, сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражаты есебінен арзандатылған;

      овердрафт түріндегі кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асыруға болмайды;

      3) кәсіпкердің кредиті/лизингтік мәмілесі/мезониндік қаржыландыру мәмілесі және (немесе) қарызы ұлттық валютада берілуге тиіс.

      Ескерту. 116-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.10.2021 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      117. Мыналар:

      1) моторлы көлік құралдарын шығаруды және өзі өсірген жүзімнен шарап өндіруді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген құрамында спирті бар медициналық мақсаттағы өнім (бальзамнан басқа) шығаруды көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарлар/өнімдер шығаруды жүзеге асыратын кәсіпкерлер;

      2) қиыршықтас және құм карьерлерін игеруге арналған жобаларды қоспағанда, жобаны тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді игеруде іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер;

      3) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам проценті тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлерді қоспағанда) тиесілі кәсіпкерлер/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері;

      4) меншік нысаны жеке меншік мекеме ретінде ресімделген кәсіпкерлер және коммерциялық емес ұйымдар Бағдарламаға қатысушылар бола алмайды.

      118. Субсидиялау қайтарымды лизинг, қайталама лизинг, қосалқы лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылмайды.

      119. Уәкілетті орган Бағдарламаның бірінші және екінші бағыттарын іске асыру мақсатында әрбір облыс, астана, республикалық маңызы бар қалалар үшін қаржыландырудың жалпы лимитін айқындайды.

      Ескерту. 119-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.04.2020 № 225 қаулысымен.

      120. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кәсіпкерлік әлеуетін тарту Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының резиденттері бірлесіп қатысатын кәсіпорындар құрудың ресурстық әлеуеті мен қажеттілігі бар Қазақстан Республикасының шекара маңындағы аумақтарында қаржылай және қаржылай емес қолдау шараларын ұсыну жолымен жүзеге асырылады.

      121. Қаржылай және қаржылай емес қолдау шаралары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер кәсіпкерлерінің қатысуымен жаңадан құрылған және жобаларды Қазақстан Республикасының аумағында іске асыратын Қазақстан Республикасының резиденттері – кәсіпкерлерге/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне де ұсынылады.

      122. Бағдарлама шарттарының бірі бар жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңа жұмыс орындарын құру, еңбек өнімділігін арттыру және Қазақстан Республикасы резиденттерінің жаңа нарықтарға шығуы болып табылады.

      123. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін кредиттік ресурстар құнын төмендету және банктердің/лизингтік компаниялардың
ұйымдық-техникалық мүмкіндіктерін тарту арқылы олардың қаржыландыруға қолжетімділігін арттыру мақсатында даму банкі берген кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын қоспағанда, қаржы агенттігі арқылы халықаралық қаржы институттарының кредиттік ресурстарын тарту бойынша шаралар қабылданады.

      124. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу кезінде осы Бағдарламаның ережелерін ескеретін болады.

      125. Кәсіпкерге/индустриялық-инновациялық қызмет субъектісіне Бағдарламаның барлық құралдары шеңберінде кешенді қолдау көрсетілуі мүмкін.

      126. Субсидиялау, кепілдік беру жөніндегі, гранттар беруге және өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды салуға немесе реконструкциялауға арналған, 2015 жылғы 31 наурызға дейін ӨҮК-те мақұлданған жобаларды қаржыландыру бұған дейін ӨҮК-те мақұлдаған талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

6-тарау. Қажетті ресурстар

      Ескерту. 6-тарауға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

      Бағдарламаны іске асыруға:

      1) республикалық бюджеттен 2020 жылы – 87 590 689 мың теңге, 2021 жылы – 50 319 755 мың теңге, 2022 жылы – 47 394 521 мың теңге, 2023 жылы – 41 016 973 мың теңге, 2024 жылы – 33 613 693 мың теңге көзделетін болады;

      2) жергілікті бюджеттен 2020 жылы – 39 500 000 мың теңге, 2021 жылы – 39 500 000 мың теңге, 2022 жылы – 39 500 000 мың теңге, 2023 жылы – 39 500 000 мың теңге, 2024 жылы – 39 500 000 мың теңге көзделетін болады.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ЖАО – жергілікті атқарушы органдар

      ЖІӨ – жалпы ішкі өнім

      ИИДМ – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

      ШОК – шағын және орта кәсіпкерлік

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі




  "Бизнестің жол картасы-2025"
бизнесті қолдау мен дамытудың
мемлекеттік бағдарламасына
1-қосымша

"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

      Ескерту. Жоспарға өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.04.2020 № 225; 30.07.2020 № 491; 13.10.2021 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.


Р/с №

Атауы

Өлш. бірл.

Орындалу мерзімдері

Аяқталу нысаны

Орындауға жауаптылар

Болжанатын шығыстар

Қаржыландыру көздері

2020жыл

2021 жыл

2022 жыл

2023 жыл

2024 жыл


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Бірінші бағыт: шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлікті қолдау

1. Банктердің/МҚҰ кредиттері/микрокредиттері бойынша портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау және ішінара кепілдік беру

1

ЕДБ/МҚҰ кредиттері бойынша портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау және ішінара кепілдік беру үшін кәсіпкерлердің жобаларын қарау және мақұлдау

бірл.

ай сайын

қаржы агенттігінің шешімі (хаттамасы)

"Даму" КДҚ" АҚ (келісу бойынша)

талап етілмейді


2

Портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау және ішінара кепілдік беру туралы шарттар жасасу

мың теңге

жыл сайын қаңтар, шілде

ҰЭМ-ге ақпарат

"Даму" КДҚ" АҚ (келісу бойынша), ЕДБ / МҚҰ (келісу бойынша)

талап етілмейді


3

"Даму "КДҚ" АҚ-ның кәсіпкерлердің жобалары бойынша ЕДБ/МҚҰ субсидиялар мен кепілдіктер төлеуі

мың теңге

жыл сайын қаңтар, шілде

ҰЭМ-ге ақпарат

"Даму" КДҚ" АҚ (келісу бойынша),
ЕДБ / МҚҰ (келісу бойынша)

946 813

990 769

1 064 030

1 064 030

1 064 030

республикалық бюджет

8 652 887

8 903 931

9 255 670

9 355 670

9 355 670

жергілікті бюджет

2. Банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру

Ескерту. 2 кіші бөлім алып тасталды - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

3. Ислам банктерінің кірісін құрайтын тауарға үстеме бағаның бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау

Ескерту. 3 кіші бөлім алып тасталды - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен.

Екінші бағыт: кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін салалық қолдау

1. Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың/тікелей инвестициялар қорларының кредиттері/қаржылық лизинг шарттары/мезониндік келісімдері және (немесе) қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау

Ескерту. Кіші бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.10.2021 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1

Банктердің/ даму банкінің/лизингтік компаниялардың/тікелей инвестициялар қорларының кредиттері/ қаржылық лизинг шарттары/"жасыл" жобаларды іске асыруға арналған кредиттері/ мезониндік келісімдері және (немесе) қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау үшін кәсіпкерлердің жобаларын қарау және мақұлдау

бірл.

ай сайын

қаржы агенттігінің шешімі (хаттамасы)

"Даму" КДҚ" АҚ (келісу бойынша)

талап етілмейді


2

Субсидиялау шарттарын жасасу

бірл.

жыл сайын қаңтар, шілде

ҰЭМ-ге ақпарат

"Даму" КДҚ" АҚ (келісу бойынша), екінші деңгейдегі банктер, лизингтік компаниялар

талап етілмейді


3

Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде "Даму" КДҚ" АҚ-ның кәсіпкерлердің жобалары бойынша екінші деңгейдегі банктерге/ лизингтік компанияларға/тікелей инвестициялар қорларына субсидиялар төлеуі

мың теңге

жыл сайын қаңтар, шілде

ҰЭМ-ге ақпарат

"Даму" КДҚ" АҚ (келісу бойынша), екінші деңгейдегі банктер, лизингтік компаниялар (келісу бойынша)

64 052 269

35 161 074

32 762 579

26 385 031

18 981 751

республикалық бюджет

27 622 813

27 471 769

27 220 030

27 220 030

27 220 030

жергілікті бюджет

2. Банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру

1

Банктердің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру үшін кәсіпкерлердің жобаларын қарау және мақұлдау

бірл.

ай сайын

қаржы агенттігінің шешімі (хаттамасы)

"Даму" КДҚ" АҚ (келісу бойынша)

талап етілмейді


 
 
 
 
 

2

Кепілдік туралы шарттар жасасу

бірл.

жыл сайын қаңтар, шілде

ҰЭМ-ге ақпарат

"Даму" КДҚ" АҚ (келісу бойынша), екінші деңгейдегі банктер

талап етілмейді


 
 
 
 
 

3

"Даму" КДҚ" АҚ-ның кепілдігін төлеу

мың теңге

жыл сайын қаңтар, шілде

ҰЭМ-ге ақпарат

ЖАО

10 571 405





республика
лық бюджет

2 571 300

2 471 300

2 371 300

2 271 300

2 271 300

жергілікті бюджет

3. Мемлекеттік гранттар беру

1

Конкурстық негізде гранттар беру үшін жобаларды қарау және мақұлдау

бірл.

жыл сайын қаңтар, шілде

ҰЭМ-ге ақпарат

ЖАО

талап етілмейді


2

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар төлеу

мың теңге

жыл сайын қаңтар, шілде

ҰЭМ-ге ақпарат

ЖАО

600 000
 

600 000

0

0

0

республикалық бюджет

653 000

653 000

653 000

653
000

653 000

жергілікті бюджет

4. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту

1

Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жүргізуге арналған ЖАО-ның бюджеттік өтінімдерін қарау

бірл.

жыл сайын

РБК-де қарау

ҰЭМ, Қаржымині, ЖАО

талап етілмейді


 
 
 
 
 

2

Кәсіпкерлердің жобаларына өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жүргізуді қаржыландыру

мың теңге

жыл сайын

ҰЭМ-ге ақпарат

ЖАО, ҰЭМ, Қаржымині

6 287 858

6 000 000

6 000 000

6 000 000

6 000 000

республикалық бюджет

5. Индустриялық аймақтарды дамыту

1

Индустриялық аймақтарға өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жүргізуге арналған ЖАО-ның бюджеттік өтінімдерін қарау

бірл.

жыл сайын

РБК-де қарау

ҰЭМ, Қаржымині, ЖАО

талап етілмейді


2

Индустриялық аймақтарға өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жүргізуді қаржыландыру

мың теңге

жыл сайын

ҰЭМ-ге ақпарат

ЖАО, ҰЭМ, Қаржымині

2 000 000

4 000 000

4 000 000

4 000 000

4 000 000

республикалық бюджет

6. Ислам банктерінің кірісін құрайтын тауарға үстеме бағаның бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау

1

Ислам банктерінің/ислам лизингтік компанияларының кірісін құрайтын тауарға үстеме бағаның бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау үшін кәсіпкерлердің жобаларын қарау және мақұлдау

бірл.

ай сайын

қаржы агенттігінің шешімі (хаттамасы)

"Даму" КДҚ" АҚ (келісу бойынша)

талап етілмейді


2

Субсидиялау шарттарын жасасу

бірл.

жыл сайын қаңтар, шілде

ҰЭМ-ге ақпарат

"Даму" КДҚ" АҚ (келісу бойынша), ислам банктері, ислам лизингтік компаниялары

талап етілмейді


3

"Даму" КДҚ" АҚ-ның кәсіпкерлердің жобалары бойынша ислам банктеріне/ислам лизингтік компанияларына субсидиялар төлеуі

мың теңге

жыл сайын қаңтар, шілде

ҰЭМ-ге ақпарат

"Даму" КДҚ" АҚ (келісу бойынша), ислам банктері, ислам лизингтік компаниялары

сома Бағдарламаның екінші бағытының іс-шаралар жоспарының 1.3-тармағында көрсетілген


7. Кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау

1

Қор биржасының бағалы қағаздарының ресми тізіміне енгізілген эмитенттердің облигациялары және қор биржасының ресми тізіміне енгізілген "жасыл облигациялар" және (немесе) АХҚО актілеріне сәйкес шығарылған және АХҚО қор биржасының тізіміне енгізілген "жасыл облигациялар" бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау үшін кәсіпкерлердің жобаларын қарау және мақұлдау

бірл.

алты айда бір рет не 12 айда бір рет

қаржы агенттігінің шешімі (хаттамасы)

"Даму" КДҚ" АҚ (келісу бойынша)

талап етілмейді


2

Субсидиялау шарттарын жасасу

бірл.

жыл сайын қаңтар, шілде

ҰЭМ-ге ақпарат

"Даму" КДҚ" АҚ (келісу бойынша), Орталық депозитарий

талап етілмейді


3

"Даму" КДҚ" АҚ-ның Орталық депозитарийге кәсіпкерлердің жобалары бойынша субсидиялар төлеуі

мың теңге

жыл сайын қаңтар, шілде

ҰЭМ-ге ақпарат

"Даму" КДҚ" АҚ (келісу бойынша), Орталық депозитарий

сома Бағдарламаның екінші бағытының іс-шаралар жоспарының 1.3-тармағында көрсетілген


Төртінші бағыт: кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылай емес шараларын ұсыну

1. "Кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету" функционалдық бағыты

1

"Бизнес-Насихат" жобасы бойынша мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру

мың теңге

жыл сайын

ҰЭМ-ге ақпарат

ҰКП (келісу бойынша)

110 105

110 105

110 105

110 105

110 105

республикалық бюджет

2

Моноқалаларда, шағын қалалар мен аудан орталықтарында кәсіпкерлерді ақпараттық қамтамасыз ету

мың теңге

жыл сайын

ҰЭМ-ге ақпарат

ҰКП (келісу бойынша)

546 433

710 000

710 000

710 000

710 000

республикалық бюджет

2. "Кәсіпкерлердің құзыреттерін арттыру" функционалдық бағыты

1

Кәсіпкерлерді оқыту

мың теңге

өтінімдердің түсуіне қарай

ҰЭМ-ге ақпарат

ҰКП (келісу бойынша), "Назарбаев Университеті" ДБҰ (келісу бойынша)

398 258

598 258

598 258

598 258

598 258

республикалық бюджет

2

Сервистік қызметтер көрсету

мың теңге

өтінімдердің түсуіне қарай

ҰЭМ-ге ақпарат

ҰКП (келісу бойынша)

1 158 549

1 158 549

1 158 549

1 158 549

1 158 549

республикалық бюджет

3. "Кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру" функционалдық бағыты

1

Жаңа басқару әдістерін, өндіріс технологияларын енгізу, кәсіпорындардың өнімділігі мен энергия үнемдеуін арттыру мәселелері бойынша сырттан консультанттар тарту

мың теңге

жыл сайын

ҰЭМ-ге ақпарат

ҰКП (келісу бойынша)

47 999

120 000

120 000

120 000

120 000

республикалық бюджет

4. "Іскерлік байланыстарды кеңейту: шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнату" функционалдық бағыты

1

Халықаралық және шетелдік ұйымдардың қолдауымен шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнату

мың теңге

жыл сайын

ҰЭМ-ге ақпарат

ҰКП (келісу бойынша)

80 000

80 000

80 000

80 000

80 000

республикалық бюджет

5. Өзге іс-шаралар

1

Қаржы агенттігінің Бағдарлама шеңберінде көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу

мың теңге

жыл сайын

көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт

ҰЭМ, "Даму" КДҚ"АҚ (келісу бойынша)

791 000

791 000

791 000

791 000

791 000

республикалық бюджет


      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      "Даму" КДҚ" АҚ – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы

      ЖАО – жергілікті атқарушы органдар

      Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      РБК – республикалық бюджет комиссиясы

      ҰКП – "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі


  "Бизнестің жол картасы-2025"
бизнесті қолдау мен дамытудың
мемлекеттік бағдарламасына
2-қосымша

Бағдарламаға әлеуетті қатысушылар үшін экономиканың басым секторларының тізбесі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.10.2021 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

ЭҚЖЖ коды

Атауы

Агроөнеркәсіптік кешен

01

01.11 "Дәнді дақылдарды (күрішті қоспағанда), бұршақты дақылдар мен майлы тұқымдарды өсіруді" қоспағанда, өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы, аңшылық және осы салаларда көрсетілетін қызметтерді ұсыну

03

Балық аулау және балық өсіру

10

Тамақ өнімдерінің өндірісі

11.06

Уыт өндірісі

11.07

Алкогольсіз сусындар, минералды сулар және басқа да бөтелкелерге құйылатын сусындар шығару

Тау-кен өндіру өнеркәсібі

08.12.1

Қиыршықтас және құм карьерлерін игеру

09

Тау-кен өндіру өнеркәсібі саласындағы көрсетілетін қызметтерді ұсыну

Жеңіл өнеркәсіп және жиһаз жасау

13

Тоқыма бұйымдарын өндіру

14

Киім шығару

15

Былғарыдан жасалған және оған қатысты өнімдер өндірісі

16

Жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіру; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіру

17

Қағаз және қағаз өнімдерінің өндірісі

18

Полиграфиялық қызмет және жазылған ақпарат жеткізгіштерді жаңғырту

20

Химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі

21

Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндірісі

22

Резеңке және пластмасса бұйымдарын шығару

31

Жиһаз жасау

Құрылыс материалдары және өзге де металл емес минералды өнімдер өндірісі

23

Өзге де металл емес минералды өнімдер өндірісі

Металлургия, металл өңдеу, машина жасау

24

Металлургия өндірісі

25

Машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдарының өндірісі

26

Компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндірісі

27

Электр жабдықтарын шығару

28

Басқа санаттарға қосылмаған машиналар мен жабдықтар өндірісі

29

Автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер шығару

30

Өзге де көлік құралдарын шығару

33

Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату

Өнеркәсіптің басқа да секторлары

32

Өзге де дайын бұйымдар өндірісі

35.11.4

Жел электр станцияларымен электр энергиясын өндіру

35.11.5

Күн электр станцияларымен электр энергиясын өндіру

35.11.9

Өзге де электр станцияларымен электр энергиясын өндіру

35.11.2

Гидроэлектр станцияларымен электр энергиясын өндіру

38

Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру)

39

Ластануды жою жөніндегі қызмет және қалдықтарды жою саласындағы өзге де көрсетілетін қызметтер

Көлік және қоймалау

45.2

Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу

49.3

Өзге құрлықтағы жолаушылар көлігінің қызметі

49.41

Жүк автомобиль көлігінің қызметі

50

Су көлігінің қызметі

52

Жүктерді қоймалау және қосалқы көлік қызметі

53

Табиғи монополиялар саласына жататын қызметті қоспағанда, пошта және курьерлік қызмет

Туризм

55.10

Қонақ үйлердің және тұруға арналған ұқсас орындардың қызметтерін ұсыну

55.20

Демалыс күндеріне және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдеріне тұрғын үй ұсыну

55.30

Кемпингтер, автофургондарға арналған тұрақтар және тұруға арналған автотіркемелер қызметтерін ұсыну

Ақпарат және байланыс

59.14

Кинофильмдер көрсету жөніндегі қызмет

61

Телекоммуникациялар

62

Компьютерлік бағдарламалау, консультациялар және басқа да ілеспе көрсетілетін қызметтер

Кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет

69.2

Бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы қызмет; салық салу жөнінде консультациялар беру

71

Сәулет, инженерлік ізденістер; техникалық сынақтар мен талдау саласындағы қызмет

72

Ғылыми зерттеулер және әзірлемелер

74

Өзге де кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

75

Ветеринариялық қызмет

81

Ғимараттарға қызмет көрсету және аумақтарды абаттандыру бойынша қызмет

Білім беру

85

Білім беру

Денсаулық сақтау және әлеуметтік көрсетілетін қызметтер

86

Денсаулық сақтау саласындағы қызмет

87

Тұратын жермен қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну

88

Тұратын жермен қамтамасыз етпей, әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну

Өнер, ойын-сауық және демалыс

91

Кітапханалардың, архивтердің, музейлердің қызметі және мәдениет саласындағы өзге де қызмет

93

Спорт, ұйымдастыру және ойын-сауық (дискотекаларды қоспағанда) саласындағы қызмет

Өзге де көрсетілетін қызмет түрлерін ұсыну

95

Компьютерлерді, жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды жөндеу

96.01

Тоқыма және былғары бұйымдарын жуу және (химиялық) тазалау

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады