Ауылдық жерлерде тұратын, сондай-ақ әлеуметтік жағдайы төмен және көп балалы отбасылардан шыққан дарынды балаларды анықтау жүйесін енгізу және оларға қолдау көрсету мен қабілетін дамыту бойынша олардың әрқайсысы үшін жеке жол картасын жасау жөніндегі жол картасын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 997 қаулысы

      Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № 152 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 55-тармағын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Ауылдық жерлерде тұратын, сондай-ақ, әлеуметтік жағдайы төмен және көп балалы отбасылардан шыққан дарынды балаларды анықтау жүйесін енгізу және оларға қолдау көрсету мен қабілетін дамыту бойынша жеке жол картасын жасау жөніндегі жол картасы (бұдан әрі – Жол картасы) бекітілсін.

      2. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері:

      1) Жол картасын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын;

      2) Жол картасының іске асырылу барысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне есепті жылдан кейінгі айдың 10-шы күнінен кешіктірмей берсін.

      3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі есепті жылдан кейінгі айдың 25-ші күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жол картасының іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 997 қаулысымен
бекітілген

Ауылдық жерлерде тұратын, сондай-ақ әлеуметтік жағдайы төмен және көп балалы отбасылардан шыққан дарынды балаларды анықтау жүйесін енгізу және оларға қолдау көрсету мен қабілетін дамыту бойынша олардың әрқайсысы үшін жеке жол картасын жасау жөніндегі жол картасы

Р/с№
 
 
Іс-шараның атауы
Аяқтау нысаны
 
Орындауға (іске асыруға) жауаптылар Орындау мерзімі Қаржыландырудың қажетті көлемдері мен көздері
1 2 3 4 5 6

1

Өңірлер бөлінісінде білім беру жүйесіндегі статистикалық деректерді талдау және қалыптастыру
- ауылдық жерлерде тұратын дарынды оқушылар саны;
- көп балалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан қалалық мектептердегі дарынды оқушылар саны.

ҚР БҒМ-ге ақпарат

ЖАО
 

2020 жылғы мамыр

талап етілмейді

2

Республиканың 7 өңірінде орталықтар құру (Алматы, Шымкент қ.қ., Алматы, Атырау, Жамбыл, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстары)

ҚР БҒМ-ге ақпарат

ЖАО

2020 жылғы І тоқсан
 

ЖБ

3

Облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттерінде ауылдық жерлерде тұратын, көп балалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан дарынды балаларды анықтау, дамыту және оқыту жөніндегі үйлестірушілерді айқындау

ҚР БҒМ-ге ақпарат

ЖАО, "Дарын" РҒПО (келісу бойынша)

2020 жылғы І тоқсан

талап етілмейді

4

Ауылдық жерлерде тұратын, көп балалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан дарынды балаларды анықтау, дамыту және оқыту бойынша "Дарын" РҒПО мамандары, облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, аудандық (қалалық) әдістемелік кабинеттерінің, орталықтардың әдіскерлері және мектеп педагогтері мен психологтары үшін оқыту семинарларын, тренингтерді өткізу

ҚР БҒМ-ге ақпарат

ҚР БҒМ,
"Дарын" РҒПО
(келісу бойынша)

2020 - 2025 жылдар
дағы
желтоқсан

ЖБ көзделген қаражат шегінде

5

Республикалық және халықаралық олимпиадалар мен конкурстардың, спорттық жарыстардың жүлдегерлерін дайындаған ауылдық жерлерде тұратын, көп балалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан дарынды балаларды анықтау, дамыту және оқыту бойынша республиканың үздік педагогтерінің тәжірибесін тарату

ҚР БҒМ-ге ақпарат

ҚР БҒМ, ЖАО
"Дарын" РҒПО
(келісу бойынша)
 

2020 - 2025 жылдар
дағы
желтоқсан

талап етілмейді

6

Мектеп, аудан және облыс деңгейлерінде ұйымдастырылатын білім алушылардың ғылым, мәдениет, өнер, спорт, әскери іс негіздерін терең меңгеруіне, олардың шығармашылық әлеуетін және дарындылығын дамытуға бағытталған қызметтің әрқилы түрлерімен және нысандарымен ауылдық жерлерде тұратын балаларды, сондай-ақ көп балалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларды барынша қамтуды қамтамасыз ету

ҚР БҒМ-ге ақпарат

ЖАО
"Дарын" РҒПО
(келісу бойынша)
 

2020 - 2025 жылдар
дағы
желтоқсан

талап етілмейді

7

Балалардың қабілеттерін қолдау және дамыту бойынша жеке жол картасының нысанын әзірлеу

қабілеттерді қолдау және дамыту бойынша жеке жол картасының нысаны

ҚР БҒМ
 

2020 жылғы І тоқсан

талап етілмейді

8

Ауылдық жерлерде тұратын көп балалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балалардың балалар технопарктеріне жүйелі қатысуы (жобалау қызметі, семинарлар, бағдарламашыларға арналған хакатондар, қосымша білім беру жүйесіндегі тьюторлық курстар)

ҚР БҒМ-ге ақпарат

ЖАО
 

2020 - 2025 жылдар
дағы
желтоқсан

ЖБ көзделген қаражат шегінде, бюджеттен тыс қаражат есебінен (меценаттар, демеушілер)

9

Ауылдық жерлерде тұратын, көп балалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан оқушылар үшін жазғы пәндік ауысымдарды өткізу

ҚР БҒМ-ге ақпарат

ЖАО
 

2020 - 2025 жылдар
дағы
желтоқсан

ЖБ көзделген қаражат шегінде

10

Ауылдық жерлерде тұратын, көп балалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балалар үшін жеке тұлға ретінде өсуі бойынша мектептердің психологиялық қызметтерінің, орталықтардың тренингтер ұйымдастыруы

ҚР БҒМ-ге ақпарат

ЖАО
 

2020 - 2025 жылдар
дағы
желтоқсан

талап етілмейді

11

Зияткерлік, шығармашылық және спорттық іс-шаралардың жеңімпаздары үшін "Сен үздіксің!" облыстық форумдарын, сондай-ақ аудандық (қалалық) деңгейде іс-шаралар өткізу

ҚР БҒМ-ге ақпарат

ЖАО
 

2020 - 2025 жылдар
дағы
желтоқсан

бюджеттен тыс қаражат есебінен (меценаттар, демеушілер

12

Облыстық және республикалық мұражайларға, көрмелерге, киелі жерлерге және т. б. бару

ҚР БҒМ-ге ақпарат

ЖАО
 

2020 - 2025 жылдар
дағы
желтоқсан

ЖБ көзделген қаражат шегінде, бюджеттен тыс қаражат есебінен (меценаттар, демеушілер)

13

Облыстық және республикалық маңызы бар сауықтыру лагерьлеріне және санаторийлерге жолдамалармен қамтамасыз ету

ҚР БҒМ-ге ақпарат

ЖАО
 

2020 - 2025 жылдар
дағы
желтоқсан

ЖБ көзделген қаражат шегінде

14

Ауылдық жерлерде тұратын, көп балалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларынан шыққан жалпы білім беретін мектептердің білім алушыларының мына санаттары үшін көтермелеу (ай сайын атаулы және мемлекеттік стипендиялар төлеу):
- облыстық және республикалық олимпиадалардың, ғылыми жобалар конкурстарының және спорт жарыстары мен конкурстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері;
- халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының, шығармашылық жарыстар мен конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері;
- оқу озаттары

ҚР БҒМ-ге ақпарат

ЖАО
 

2020 - 2025 жылдар
дағы
желтоқсан

ЖБ көзделген қаражат шегінде, бюджеттен тыс қаражат есебінен (меценаттар, демеушілер)

15

Ауылдық мектептердің, көп балалы және аз қамтылған отбасылардың оқушылары арасынан республикалық және халықаралық олимпиадалар мен конкурстардың, спорттық жарыстардың жүлдегерлерін дайындаған 100 үздік педагогті марапаттау

ҚР БҒМ-ге ақпарат

ЖАО
 

2020 - 2025 жылдар
дағы
желтоқсан

ЖБ көзделген қаражат шегінде

16

Жергілікті атқарушы органдардың ауылдық жерлерде тұратын, көп балалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан дарынды балаларға арналған жоғары оқу орындарында білім алу үшін білім беру гранттарын беру

ҚР БҒМ-ге ақпарат

ЖАО
 

2020 - 2025 жылдар
дағы
желтоқсан

ЖБ көзделген қаражат шегінде

17

Ауылдық жерлерде тұратын, сондай-ақ көп балалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан оқушылар республикалық және халықаралық олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпаздарын дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарына түсу кезінде қолдау үшін "Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығына өзгерістер енгізу

бұйрық

ҚР БҒМ

2021 жылғы
І тоқсан

талап етілмейді

18

Жол картасын іске асыруды ақпараттық сүйемелдеу (роликтер, билбордтар, жинақтар және т. б.)

ҚР БҒМ-ге ақпарат

ЖАО
 

2020 - 2025 жылдар
дағы
желтоқсан

ЖБ көзделген қаражат шегінде, бюджеттен тыс қаражат есебінен (меценаттар, демеушілер)

19

Үйлестірушілердің қабілеттерді қолдау және дамыту жөніндегі жеке жол карталарының негізінде ауылдық жерлерде тұратын, сондай-ақ әлеуметтік жағдайы төмен және көп балалы отбасылардан шыққан дарынды балалардың деректер базасын құруы

ҚР БҒМ-ге ақпарат

ЖАО
 

2020 - 2025 жылдар
дағы
желтоқсан

талап етілмейді

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:


ҚР БҒМ

- Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

ЖАО

- жергілікті атқарушы органдар

ЖБ

- жергілікті бюджет

"Дарын" РҒПО

- "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы

"Бөбек" ҰҒПББСО
Орталық

- "Бөбек" ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы" - дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталық


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады