"Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қаңтардағы № 8 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 қаңтардағы № 18 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.01.2024 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 25-26, 139-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларында:

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын кредиттің/қаржылық лизинг шартының сомасы барлық қолданыстағы кредиттер ескеріле отырып, бір кәсіпкер үшін 750,0 млн. теңгеден аспауға тиіс және онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі. Даму банкі қаржыландыратын жобалар бойынша субсидияланатын кредиттің ең жоғары сомасы шектелмейді. Бағдарламада белгіленген лимиттер шеңберінде субсидияланатын кредит бойынша негізгі қарыз ішінара/толығымен мерзімінен бұрын өтелген жағдайда кәсіпкерлердің кредиттерін субсидиялауға жол беріледі.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын және 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша ғана жүзеге асырылады, оның номиналды мөлшерлемесінің 50 %-ын мемлекет өтейді, ал айырмасын кәсіпкер төлейді.

      Даму банкінің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі 13 %-дан аспайтын кредиттер бойынша жүзеге асырылады, оның 6 %-ын жеке кәсіпкерлік субъектісі төлейді, ал айырмасын мемлекет өтейді. Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған, БЖЗҚ қаражаты есебінен берілген, банктердің кредиттері бойынша субсидиялауға жататын шекті сыйақы мөлшерлемесін есептеу осы тармақта белгіленген шарттарда жүзеге асырылады.";

      42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "42. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын кредиттің/қаржылық лизинг шартының сомасы барлық қолданыстағы кредиттерді ескере отырып бір кәсіпкер үшін 2,5 млрд. теңгеден аспауға тиіс және онымен үлестес тұлғалардың /компаниялардың кредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі. Даму банкі қаржыландыратын жобалар бойынша субсидияланатын кредиттің ең жоғары сомасы шектелмейді.

      Бағдарламада белгіленген лимиттер шеңберінде субсидияланатын кредит бойынша негізгі борыш мерзімінен бұрын ішінара/толығымен өтелген жағдайда кәсіпкерлердің кредиттерін субсидиялауға рұқсат етіледі.

      Бұл ретте 2018 жылғы 27 қаңтарға дейін мақұлданған 4,5 млрд. теңгеге дейінгі кредиттік лимиті бар жобалар бойынша субсидиялар Бағдарламаның бұрын мақұлданған шарттарымен жүзеге асырылады.";

      49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "49. Даму банкінің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі 13 %-дан аспайтын кредиттер бойынша жүзеге асырылады, оның 6 %-ын жеке кәсіпкерлік субъектісі төлейді, ал айырмасын мемлекет өтейді.

      Даму банкінің қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі 13 %-дан аспайтын қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады, оның 5 %-ын мемлекет өтейді, ал айырмасын кәсіпкер төлейді.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2019 года № 1060 "О некоторых мерах государственной поддержки частного предпринимательства"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 22 января 2020 года № 8. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 января 2024 года № 18.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 18.01.2024 № 18 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2019 года № 1060 "О некоторых мерах государственной поддержки частного предпринимательства" (САПП Республики Казахстан, 2016 г., № 25-26, ст. 139) следующие изменения:

      в Правилах субсидирования части ставки вознаграждения в рамках Государственной программы поддержки и развития бизнеса "Дорожная карта бизнеса-2025", утвержденных указанным постановлением:

      пункт 20 изложить в следующей редакции:

      "20. Сумма кредита/договора финансового лизинга с учетом всех действующих кредитов, по которому осуществляется субсидирование части ставки вознаграждения, не может превышать 750 (семьсот пятьдесят) млн. тенге для одного предпринимателя и рассчитывается без учета задолженности по кредиту/договору финансового лизинга аффилиированных с ним лиц/компаний. По проектам, финансируемым банком развития, максимальная сумма субсидируемого кредита не ограничена.

      Допускаются к субсидированию кредиты предпринимателей в случае частичного/полного досрочного погашения основного долга по субсидируемому кредиту в рамках лимитов, установленных Программой.";

      пункт 25 изложить в следующей редакции:

      "25. Субсидирование осуществляется только по кредитам/договорам финансового лизинга с номинальной ставкой вознаграждения, не превышающей базовую ставку вознаграждения, установленную Национальным Банком Республики Казахстан и увеличенную на 5 (пять) процентных пунктов, из которых 50 % от номинальной ставки будет субсидироваться государством, а разница оплачивается предпринимателем.

      Субсидирование ставки вознаграждения по кредитам банка развития осуществляется с номинальной ставкой вознаграждения не более 13 %, из которых 6% оплачиваются субъектом частного предпринимательства, а разница субсидируется государством.

      Расчет предельной ставки вознаграждения, подлежащей субсидированию по кредитам банков, выданным за счет средств ЕНПФ, направленным на пополнение оборотных средств, осуществляется на условиях, установленных настоящим пунктом.";

      пункт 42 изложить в следующей редакции:

      "42. Сумма кредита/договора финансового лизинга с учетом всех действующих кредитов, по которому осуществляется субсидирование части ставки вознаграждения, не может превышать 2,5 млрд. тенге для одного предпринимателя и рассчитывается без учета задолженности по кредиту/договору финансового лизинга аффилиированных с ним лиц/компаний. По проектам, финансируемым банком развития, максимальная сумма субсидируемого кредита не ограничена.

      Допускаются к субсидированию кредиты предпринимателей в случае частичного/полного досрочного погашения основного долга по субсидируемому кредиту в рамках лимитов, установленных Программой.

      При этом по проектам, одобренным до 27 января 2018 года, с кредитным лимитом до 4,5 млрд. тенге субсидирование осуществляется на ранее одобренных условиях Программы.";

      пункт 49 изложить в следующей редакции:

      "49. Субсидирование ставки вознаграждения по кредитам банка развития осуществляется с номинальной ставкой вознаграждения не более 13 %, из которых 6% оплачиваются субъектом частного предпринимательства, а разница субсидируется государством.

      Субсидирование ставки вознаграждения по договорам финансового лизинга банка развития осуществляется с номинальной ставкой вознаграждения не более 13 %, из которых 5 % компенсирует государство, а разницу оплачивает предприниматель.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин