Қазақстан Республикасының өкілдерін Халықаралық Аралды құтқару қорының басқармасына, Атқарушы комитетіне және Тексеру комиссиясына жіберу және "Қазақстан Республикасының өкілдерін Халықаралық Аралды құтқару қорының басқармасына, Атқарушы комитетіне және Тексеру комиссиясына жіберу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 қазандағы № 645 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 7 сәуірдегі № 184 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 30 қаңтардағы № 47 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.01.2024 № 47 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасынан:

      Халықаралық Аралды құтқару қорының басқармасына – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Роман Васильевич Скляр;

      Халықаралық Аралды құтқару қорының Тексеру комиссиясына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Әнуар Серқұлұлы Жұмаділдаев өкілдер ретінде жіберілсін.

      2. Халықаралық Аралды құтқару қорының Атқарушы комитетіне Қазақстан Республикасынан мыналар:

      Халықаралық Аралды құтқару қоры Атқарушы комитетінің мүшесі
Серік Әбдірахманұлы Бекмағанбетов;

      "Трансшекаралық тұрғыда су ресурстарын орнықты бөлу" жобасының су ресурстарын басқару бойынша ұлттық сарапшы Мұрат Қабыкенұлы Бекниязов уәкілетті өкілдер ретінде жіберілсін.

      3. "Қазақстан Республикасының өкілдерін Халықаралық Аралды құтқару қорының басқармасына, Атқарушы комитетіне және Тексеру комиссиясына жіберу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 қазандағы № 645 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады