Шығыс Қазақстан облысының кейбір объектілеріне атау беру және қайта атау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 сәуірдегі № 241 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 11, 81-құжат) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мынадай объектілерге:

      1) Өскемен қаласы әкімдігінің "Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын № 38 гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Лев Гумилевтің есімі;

      2) Өскемен қаласы әкімдігінің "№ 39 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Ыбырай Алтынсариннің есімі;

      3) Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы "Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына Абайдың есімі;

      4) "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 47 жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Ахмет Байтұрсынұлының есімі;

      5) "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Семей қаласының № 37 гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Ыбырай Алтынсариннің есімі;

      6) "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 39 жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Әлихан Бөкейханның есімі;

      7) "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 34 жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Бауыржан Момышұлының есімі;

      8) "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 2 жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қаныш Сәтбаевтың есімі;

      9) "Семей халықаралық әуежайы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Абайдың есімі;

      10) "Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі "№ 5 жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Ахмет Байтұрсынұлының есімі;

      11) "Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі "№ 4 жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Шәкәрімнің есімі берілсін.

      2. Мынадай білім беру ұйымдары:

      1) "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Пригород жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі – "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      2) Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы "Березовка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі – Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы "Бозтал орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      3) Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы "Үлкен Владимировка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі – Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы "Қайрат Рысқұлбеков атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      4) "Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі "Қызыл Шемонаиха негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі – "Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі "Ыбырай Алтынсарин атындағы негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      5) "Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі "Михайловка жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі – "Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі "Шоқан Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      6) "Прапорщиково орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі – "Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      7) "Переваловка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі – "Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      8) "Бобровка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі – "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      9) "Ушанов орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі – "Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      10) "№ 2 Ақсуат орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Қожагелді батыр атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады