"Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 маусымдағы № 386 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 33, 405-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамына:

      мыналар:

      Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі

      Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі;

Раманқұлов
Ерлан Мирхайдарұлы

-

"Ұлттық биотехнология орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры, биохимия саласындағы PhD докторы (келісу бойынша);

Сыдықов
Ерлан Бәтташұлы

-

"Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының ректоры, тарих ғылымдарының докторы (келісу бойынша);

Пя
Юрий Владимирович

-

"Ұлттық кардиохирургия орталығы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, медицина ғылымдарының докторы (келісу бойынша);

Садыбеков
Махмұд Әбдісәметұлы

-

"Математика және математикалық модельдеу институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры, физика-математика ғылымдарының докторы (келісу бойынша);

Ахметқал Медеу

-

"География және су қауіпсіздігі институты" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, география ғылымдарының докторы (келісу бойынша);

Күрішбаев
Ақылбек Қажығұлұлы

-

"С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті" акционерлік қоғамының ректоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы (келісу бойынша);

Здоровец
Максим Владимирович

-

"Ядролық физика институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының басшысы, физика-математика ғылымдарының кандидаты (келісу бойынша) енгізілсін;

      көрсетілген құрамнан: Е.Ғ. Батырбеков, Ғ.М. Мутанов, Д.Р. Қайдарова, Е.Қ. Бейсембетов, Ә.А. Жәрменов, Д.Ә. Шыныбеков, В.С. Школьник шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады