Ауғанстан Ислам Республикасы мен Өзбекстан Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 шілдедегі № 461 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналарға:

      1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Ауғанстан Ислам Республикасына;

      2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Өзбекстан Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтар броньнан шығарылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ресми ізгілік көмекті алушыларды айқындасын және оны көрсету жөніндегі шараларды үйлестіруді қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ізгілік жүкті Ауғанстан Ислам Республикасы мен Өзбекстан Республикасындағы межелі пункттерге дейін тасымалдау мен жеткізуді қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика, Сыртқы істер, Қаржы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 20 шілдедегі
№ 461 қаулысына
1-қосымша

Ауғанстан Ислам Республикасына ресми ізгілік көмек көрсетуге арналған материалдық құндылықтардың тізбесі


Р/с
Материалдық құндылықтардың
атауы
Өлшем бірлігі Мөлшері
1 2 3 4

1

Көрпе қаптар

дана

500

2

10 орындық қысқы шатырлар

дана

50

3

Жиналмалы металл кереуеттер

дана

500

4

Матрастар

дана

500

5

Жастық тыстары

дана

500

6

Жастықтар

дана

500

7

Ақжаймалар

дана

1000

8

Көрпелер

дана

500

9

Жылы күртешелер

дана

500

10

Жылы шалбарлар

дана

500

11

Тоқыма бас киімдер

дана

400


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 20 шілдедегі
№ 461 қаулысына
2-қосымша

Өзбекстан Республикасына ресми ізгілік көмек көрсетуге арналған материалдық құндылықтардың тізбесі


Р/с
Материалдық құндылықтардың
атауы
Өлшем бірлігі Мөлшері
1 2 3 4

1

Жоғары сұрыпты бидай ұны

тонна

600

2

Қарақұмық жармасы

тонна

250

3

Өсімдік майы

литр

100 000

4

Сүт консервілері

физикалық банка

50 000





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады