1996 жылғы 26 сәуірдегі Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы арасындағы шекара ауданында әскери саладағы сенімділікті нығайту туралы келісімді және 1997 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы арасындағы шекара ауданында қарулы күштерді өзара қысқарту туралы келісімді орындау жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі, Ресей Федерациясының Үкіметі және Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы өзара іс-қимыл қағидаттары мен тәртібі туралы хаттамаға өзгерістер енгізу туралы 2002 жылғы 23 қарашада Мәскеу қаласында жасалған хаттаманы бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 19 тамыздағы № 524 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған 2002 жылғы 23 қарашада Мәскеу қаласында жасалған 1996 жылғы 26 сәуірдегі Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы арасындағы шекара ауданында әскери саладағы сенімділікті нығайту туралы келісімді және 1997 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы арасындағы шекара ауданында қарулы күштерді өзара қысқарту туралы келісімді орындау жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі, Ресей Федерациясының Үкіметі және Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы өзара іс-қимыл қағидаттары мен тәртібі туралы хаттамаға өзгерістер енгізу туралы 2018 жылғы 17 мамырда Алматы қаласында жасалған хаттама бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2020 жылғы 19 тамыздағы
  № 524 қаулысымен
  бекітілген

2002 жылғы 23 қарашада Мәскеу қаласында жасалған 1996 жылғы 26 сәуірдегі Ресей Федерациясы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы арасындағы шекара ауданында әскери саладағы сенімділікті нығайту туралы келісімді және 1997 жылғы 24 сәуірдегі Ресей Федерациясы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы арасындағы шекара ауданында қарулы күштерді өзара қысқарту туралы келісімді орындау жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі, Ресей Федерациясының Үкіметі және Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы өзара іс-қимыл қағидаттары мен тәртібі туралы хаттамаға өзгерістер енгізу туралы хаттама

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын, 2002 жылғы 23 қарашада Мәскеу қаласында жасалған 1996 жылғы 26 сәуірдегі Ресей Федерациясы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы арасындағы шекара ауданында әскери саладағы сенімділікті нығайту туралы келісімді және 1997 жылғы 24 сәуірдегі Ресей Федерациясы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы арасындағы шекара ауданында қарулы күштерді өзара қысқарту туралы келісімді орындау жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі, Ресей Федерациясының Үкіметі және Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы өзара іс-қимыл қағидаттары мен тәртібі туралы хаттамаға (бұдан әрі - Үкіметаралық хаттама) қатысушы мемлекеттердің үкіметтері Мәскеу келісіміне ажырамас қосымша болып табылатын Бақылау және тексерулер туралы хаттаманың IX бөлімінің ережелерін, сондай-ақ Үкіметаралық хаттаманың ережелерін басшылыққа ала отырып, Бірлескен бақылау тобындағы (бұдан әрі - ББТ) Бірлескен Тарап делегациясының жұмысын оңтайландыруға ұмтыла отырып және ББТ-дағы Бірлескен Тарап қатысушы мемлекеттерінің консенсустық келісіміне сүйене отырып, төмендегілер туралы уағдаласты:

1-бап

      ББТ-дағы Бірлескен Тарап делегациясының қызмет тәртібі мен ақпарат алмасу туралы ережеге (Үкіметаралық хаттамаға № 1 қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тараудың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Тараптар арасындағы келісім бойынша ББТ-дағы Бірлескен Тараптың төраға мемлекеті, әдетте, бір жылға тағайындалады. Мемлекеттің ББТ-дағы Бірлескен Тараптың төрағасы ретіндегі өкілеттік мерзімі ББТ-ның өткен күзгі сессиясы аяқталған күннен басталады және ББТ-ның кезекті күзгі сессиясы аяқталған күнге дейін жалғасады.

      Бірлескен Тараптағы төрағалық Бірлескен Тарапқа қатысушы мемлекеттер атауларының орыс әліпбиіндегі тәртібімен кезектесіп жүзеге асырылады";

      мынадай редакциядағы 5-тараумен толықтырылсын:

      "5-тарау. ББТ-дағы Бірлескен Тараптың төраға мемлекетінің (бұдан әрі - төраға мемлекет) функциялары

      1. Төраға мемлекет өз аумағында ББТ-ның кезекті көктемгі сессиясын өткізеді.

      2. Төраға мемлекет ББТ-дағы Бірлескен Тарап делегациясының ағымдағы қызметі бойынша өзара іс-қимылы үшін жауап береді және өз төрағалығы кезеңіне өзінің дипломатиялық сарапшылары қатарынан ББТ-дағы Бірлескен Тарап делегациясының басшысын айқындайды.

      3. Төраға мемлекет ББТ-дағы Бірлескен Тарап делегациясының жұмысын үйлестіреді және өзінің төрағалығы кезеңінде ББТ-дағы Бірлескен Тарап делегациясының отырыстарында өз қызметі туралы есеп береді.

      4. Бірлескен Тарап делегациясы басшысының сөйлейтін сөзінің мәтінін келісу мақсатында, мәтін сессия өткізілгенге дейін кемінде бір ай бұрын Бірлескен Тарапқа қатысушы мемлекеттерге келісу үшін жіберіледі. Бірлескен Тараптың кез келген қатысушы мемлекеті тарапынан қарсылық болмаған жағдайда, мәтін келісілген деп есептеледі.

      5. Төраға мемлекет алдын ала (кемінде бір ай бұрын) нақты мерзімдерді келіседі және Бірлескен Тарапқа қатысушы мемлекеттер мен Қытай тарапына өзінің аумағында өтетін ББТ-ның көктемгі сессиясына шақыру жолдайды.

      6. Төраға мемлекет Қытай тарапымен нақты мерзімдерді келіседі және Қытай тарапынан алынған ББТ-ның күзгі сессиясына шақыруды Бірлескен Тарапқа қатысушы мемлекеттерге жолдайды.

      7. Төраға мемлекет ББТ-ның сессиясы қарсаңында құжаттардың бастапқы жобасын әзірлейді және енгізеді.

      8. Қажет әрі дәлелді болған кезде, негізінен шұғыл болу себебіне байланысты, төраға мемлекет құжаттардың жобаларын бекіту үшін дипломатиялық арналар арқылы енгізе алады.".

2-бап

      Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы депозитарий соңғы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап күшіне енеді.

      2018 жылғы 17 мамырда Алматы қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды.

      Төлнұсқа дана Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігінде сақталады, ол әрбір Тарапқа осы Хаттаманың расталған көшірмесін жібереді.

      Қазақстан Республикасының
Үкіметі үшін
Қырғыз РеспубликасыныңҮкіметі үшін
      Ресей Федерациясының
Үкіметі үшін
Тәжікстан РеспубликасыныңҮкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады