"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының мемлекет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 369 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 25 тамыздағы № 534 қаулысы


      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 369 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А.Мамин

"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 369 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Реепубликасының Тұңғыш Президенті - Елбасының, мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 369 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 18, 185-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Реепубликасының Тұңғыш Президенті - Елбасының мәдениет саласындағы жыл сайынғы 75 мемлекеттік стипендиясы айына 55 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалсын.".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады