Мүше мемлекеттердің Түркі мәдениеті және мұрасы қорының бюджетіне міндетті жарналарының шәкілі туралы хаттамаға қол қою және "Мүше мемлекеттердің Түркі мәдениеті және мұрасы қорының бюджетіне міндетті жарналарының шәкілі туралы хаттамаға қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 қарашадағы № 750 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 602 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Мүше мемлекеттердің Түркі мәдениеті және мұрасы қорының бюджетіне міндетті жарналарының шәкілі туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді Мүше мемлекеттердің Түркі мәдениеті және мұрасы қорының бюджетіне міндетті жарналарының шәкілі туралы хаттамаға Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қойсын, оған қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат берілсін.

      3. "Мүше мемлекеттердің Түркі мәдениеті және мұрасы қорының бюджетіне міндетті жарналарының шәкілі туралы хаттамаға қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 қарашадағы № 750 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2020 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 602 қаулысымен
мақұлданған
  Жоба

Мүше мемлекеттердің Түркі мәдениеті және мұрасы қорының бюджетіне міндетті жарналарының шәкілі туралы хаттама

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Әзербайжан Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Түркия Республикасының үкіметтері 2012 жылғы 23 тамыздағы Түркі мәдениеті және мұрасы қоры жарғысының ережелеріне сүйене отырып, мүше мемлекеттердің Түркі мәдениеті және мұрасы қорының бюджетіне міндетті жарналарының мынадай шәкілін белгілеуге келісті:

      Әзербайжан Республикасы – 44,5 %

      Қазақстан Республикасы – 25 %

      Қырғыз Республикасы – 0,5 %

      Түркия Республикасы – 30 %

      Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы дипломатиялық арналар арқылы депозитарий соңғы жазбаша хабарламаны алғаннан кейін отызыншы күні күшіне енеді.

      Осы Хаттаманың депозитарийі Әзербайжан Республикасы болып табылады.

      ____ жылғы " "______ ________қаласында әзербайжан, қазақ, қырғыз, түрік және ағылшын тілдерінде бір данада жасалды әрі барлық мәтіндер тең түпнұсқалы болып табылады. Мәтіндер арасында айырмашылық болған жағдайда Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінеді.

      Әзербайжан Республикасының Үкіметі үшін
      Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін
      Қырғыз Республикасының Үкіметі үшін
      Түркия Республикасының Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады