Шымкент қаласының білім беру және мәдениет ұйымдарына атау беру және атауын өзгерту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № 799 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 11, 81-құжат) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шымкент қаласы білім басқармасының "№ 72 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Сағадат Нұрмағамбетовтің есімі берілсін.

      2. Шымкент қаласының мынадай мәдениет және білім беру ұйымдарының атауы:

      1) Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының "Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі – Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының "Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапхана" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      2) Шымкент қаласының білім басқармасының "Хамза атындағы № 53 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Шымкент қаласы білім басқармасының "Сабыр Рақымов атындағы № 53 жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады