Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Ресей Федерациясының азаматтары болып табылатын Еуразиялық экономикалық комиссия және Еуразиялық экономикалық одақ сотының лауазымды адамдары мен қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы ұсыныс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 899 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Ресей Федерациясының азаматтары болып табылатын Еуразиялық экономикалық комиссия және Еуразиялық экономикалық одақ сотының лауазымды адамдары мен қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы ұсыныс енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Жоба

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Ресей Федерациясының азаматтары болып табылатын Еуразиялық экономикалық комиссияның және Еуразиялық экономикалық одақ сотының лауазымды адамдары мен қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру бөлігінде өзгерістер енгізу туралы ХАТТАМА

      Бұдан әрі мүше мемлекеттер деп аталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 115-бабын басшылыққа ала отырып, төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) XXVII бөлім мынадай мазмұндағы 106-баппен1 толықтырылсын:

"106-бап1

XXVIII бөлімге қатысты өтпелі ережелер

      Еуразиялық экономикалық одақтағы әлеуметтік кепілдіктер, артықшылықтар мен иммунитеттер туралы ереженің (осы Шартқа № 32 қосымша) 53-тармағында көзделген тәртіппен 20 ж. қол қойылған 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Ресей Федерациясының азаматтары болып табылатын Еуразиялық экономикалық комиссияның және Еуразиялық экономикалық одақ сотының лауазымды адамдары мен қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттамамен (бұдан әрі – Өзгерістер енгізу туралы хаттама) енгізілген мемлекеттік азаматтық қызмет өтілінің ұзақтығы бөлігіндегі өзгерістерді есепке алмағанда, еңбек сіңірген жылдары үшін мыналарға:

      Еуразиялық экономикалық одақтағы әлеуметтік кепілдіктер, артықшылықтар мен иммунитеттер туралы ереженің (осы Шартқа № 32 қосымша) 53-тармағына сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы алу құқығына ие болған және Өзгерістер енгізу туралы хаттама күшіне енген күнге дейін Комиссияда немесе Одақтың Сотында атқаратын лауазымдарынан босатылған адамдар үшін;

      Өзгерістер енгізу туралы хаттама күшіне енген күнге Комиссияда немесе Одақтың Сотында лауазымды атқаратын және осы күнге еңбек сіңірген жылдарына зейнетақы тағайындау үшін кемінде 20 жыл мемлекеттік азаматтық қызмет өтілі бар адамдар үшін;

      Өзгерістер енгізу туралы хаттама күшіне енген күнге Комиссияда немесе Одақтың Сотында лауазымды атқаратын, осы күнге еңбек сіңірген жылдарына зейнетақы тағайындау үшін кемінде 15 жыл мемлекеттік азаматтық қызмет өтілі бар және Өзгерістер енгізу туралы хаттама күшіне енген күнге дейін Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес қарттығына (мүгедектігіне) байланысты сақтандыру зейнетақысына құқық алған адамдар үшін зейнетақы алу құқығы сақталады.

      Аталған адамдар санатына еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы 2016 ж. 31 желтоқсандағы жағдай бойынша қолданыста болған, федералды мемлекеттік азаматтық қызметшілер үшін Ресей Федерациясының заңнамасында айқындалған шарттарға сәйкес және тәртіппен тағайындалады.";

      2) Еуразиялық экономикалық одақтағы әлеуметтік кепілдіктер, артықшылықтар мен иммунитеттер туралы ереженің (көрсетілген Шартқа № 32 қосымша) 53-тармағы бірінші абзацының бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын: "Ресей Федерациясының азаматтары болып табылатын, Комиссияда және Одақтың Сотында жұмыс істегенге дейін Ресей Федерациясының мемлекеттік қызмет лауазымын атқарған, Комиссияда және Одақтың Сотында атқарған лауазымдардан босатылған (кінәлі әрекеттеріне байланысты босатылған жағдайларды қоспағанда) және тиісті жылы федералды мемлекеттік азаматтық қызметшілерге еңбек сіңірген жылдарына зейнетақы тағайындау үшін Ресей Федерациясының заңнамасында белгіленген ұзақтығымен мемлекеттік азаматтық қызмет өтілі бар Комиссияның және Одақ Сотының лауазымды адамдары мен қызметкерлері, егер олар Комиссиядан немесе Одақтың Сотынан босатылудың алдында кемінде 3 жыл соларда лауазымды атқарса, федералды мемлекеттік азаматтық қызметшілер үшін Ресей Федерациясының заңнамасында айқындалған шарттарға сәйкес және тәртіппен тағайындалатын еңбек сіңірген жылдарына зейнетақы алуға құқығы бар.".

2-бап

      Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді мүше мемлекеттердің орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күшіне енеді.

      202__ __________ "___" ________ ___________ қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды.

      Осы Хаттаманың төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады, ол осы Хаттаманың депозитарийі бола отырып, әрбір мүше мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.


Армения
Республикасы үшін

Беларусь
Республикасы үшін


Қазақстан
Республикасы үшін

Қырғызстан
Республикасы үшін

Ресей
Федерациясы үшін


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады