Алматы облысының кейбір объектілеріне атау беру және атауын өзгерту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 ақпандағы № 66 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мына объектілерге:

      1) "Қарасай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шамалған станциясындағы қазақ орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталықпен" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Ахмет Байтұрсынұлының есімі;

      2) "Алматы облыстық № 15 мектеп-интернаты" мемлекеттік мекемесіне Абайдың есімі;

      3) "Ұйғыр ауданы әкімінің аудандық кітапханасы" мемлекеттік мекемесіне әл-Фарабидің есімі берілсін.

      2. Мына білім беру ұйымдарының атауы:

      1) "Қарасай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Көлащы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі – "Қарасай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      2) Ұйғыр ауданы білім бөлімінің "№ 4 Шонжы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Ұйғыр ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Абай атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілсін.

            3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады