Мүше мемлекеттердің Түркі мәдениеті және мұрасы қорының бюджетіне міндетті жарналарының шәкілі туралы хаттаманы бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 маусымдағы № 447 қаулысы

      "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған 2020 жылғы 28 қарашада Ыстанбұлда жасалған Мүше мемлекеттердің Түркі мәдениеті және мұрасы қорының бюджетіне міндетті жарналарының шәкілі туралы хаттама бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
  Үкiметiнiң
  2021 жылғы 30 маусымдағы
№ 447 қаулысымен
бекітілген

Мүше мемлекеттердің Түркі мәдениеті және мұрасы қорының бюджетіне міндетті жарналарының шәкілі туралы хаттама

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Әзербайжан Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Түркия Республикасының Үкіметтері, 2012 жылғы 23 тамыздағы Түркі мәдениеті және мұрасы қорының жарғысының ережелеріне сүйене отырып, мүше мемлекеттердің Түркі мәдениеті және мұрасы қорының бюджетіне міндетті жарналарының мынадай шәкілін төмендегідей белгілеуге келісті:

      - Әзербайжан Республикасы – 44,5%

      - Қазақстан Республикасы – 25%

      - Қырғыз Республикасы – 0,5%

      - Түркия Республикасы – 30%

      Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы дипломатиялық арналар арқылы депозитарий соңғы жазбаша хабарламаны алғаннан кейін отызыншы күні күшіне енеді.

      Осы Хаттаманың депозитарийі Әзербайжан Республикасы болып табылады.

      2020 жылғы 28 қарашада Ыстанбұл қаласында әзербайжан, қазақ, қырғыз, түрік және ағылшын тілдерінде бір данада жасалды әрі барлық мәтіндер тең түпнұсқалы болып табылады. Мәтіндер арасында айырмашылық болған жағдайда Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінеді.

      Әзербайжан Республикасының Үкіметі үшін

      Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін

      Қырғыз Республикасының Үкіметі үшін

      Түркия Республикасының Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады