Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің "Қаратал орта мектеп-бақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атауын Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің "Бауыржан Жүнісов атындағы орта мектеп-бақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі деп өзгерту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қазандағы № 704 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы
5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің "Қаратал орта мектеп-бақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атауы Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің "Бауыржан Жүнісов атындағы орта мектеп-бақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолдынысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады