Жамбыл облысының кейбір білім беру және мәдениет ұйымдарына атау беру және атауын өзгерту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 11 сәуірдегі № 204 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жамбыл облысының мынадай білім беру ұйымдарына:

      1) "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің № 1 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Шерхан Мұртазаның есімі;

      2) "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің № 15 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Әлихан Бөкейханның есімі;

      3) "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің № 29 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Мағжан Жұмабаевтың есімі;

      4) "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің № 5 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қаныш Сәтпаевтың есімі;

      5) "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің № 6 негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Шерхан Мұртазаның есімі;

      6) "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің № 9 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Әлихан Бөкейханның есімі;

      7) "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің № 11 негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Спандияр Көбеевтің есімі;

      8) "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің № 13 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Міржақып Дулатұлының есімі;

      9) "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің № 21 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Сәкен Сейфуллиннің есімі;

      10) "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің № 24 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Мұхтар Әуезовтің есімі;

      11) "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің № 25 негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Санжар Асфендияровтың есімі;

      12) "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің № 40 негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Смағұл Сәдуақасұлының есімі;

      13) "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің № 45 негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Жұбан Молдағалиевтың есімі;

      14) "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің № 47 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Мұхаммед Хайдар Дулатидің есімі;

      15) "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің № 49 негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Оралхан Бөкейдің есімі;

      16) "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің № 50 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне әл-Фарабидің есімі;

      17) "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің № 51 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Ахмет Байтұрсынұлының есімі;

      18) "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің "№ 1 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Асанбай Асқаровтың есімі;

      19) "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Сарысу ауданының білім бөлімінің Саудакент ауылдық балалар саз мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Ықылас Дүкенұлының есімі;

      20) "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің № 30 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Шерхан Мұртазаның есімі;

      21) "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің № 51 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Нарғозы Данаевтың есімі;

      22) Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің "№ 1 балалар саз мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына Құрманғазының есімі;

      23) "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің № 49 бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Ілияс Жансүгіровтің есімі берілсін.

      2. Мынадай білім беру және мәдениет ұйымдарының:

      1) "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің № 10 Қызылсай орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атауы "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің Ораз Жандосов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      2) "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің № 12 Масанчи орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атауы "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің Жүсіпбек Аймауытов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      3) "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің № 17 Сортөбе орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атауы "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің Мәншүк Мәметова атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      4) "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің № 18 Сортөбе орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атауы "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      5) "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің № 20 Алмалы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атауы "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      6) "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің № 22 Еңбек орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атауы "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің Ілияс Жансүгіров атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      7) "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің № 29 Жаңатұрмыс орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атауы "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің Шәкәрім атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      8) "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің № 30 Қақпатас орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атауы "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің Мұстафа Шоқай атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      9) "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің № 31 Сарыбұлақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атауы "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің Қайрат Рысқұлбеков атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      10) "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің № 33 Соғанды негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атауы "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      11) "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің № 38 Сұлутөр орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атауы "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің Талғат Бигелдинов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      12) "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің № 39 Үлкен Сұлутөр орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атауы "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің Манаш Қозыбаев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      13) "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің № 48 Сортөбе орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атауы "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      14) "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің "Владимир Савва атындағы № 9 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атауы "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданы білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      15) "Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігі білім бөлімінің Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атауы "Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігі білім бөлімінің Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      16) "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің Жамбыл атындағы гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атауы "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      17) "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің Төле би атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атауы "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      18) "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атауы "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің Кенен Әзірбаев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      19) "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атауы "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің Шерхан Мұртаза атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      20) "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің № 18 Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атауы "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      21) "Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Полатқосшы ауылдық округі әкімі аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Жалпақтөбе ауылдық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атауы "Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Полатқосшы ауылдық округі әкімі аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Шәмші Қалдаяқов атындағы мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады