"Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетінің бір бөлігін тікелей атаулы сату туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 4 желтоқсандағы № 801 қаулысына өзгеріс енгізу және "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының акцияларын сыйға тарту шарты бойынша жеке меншіктен республикалық меншікке қабылдау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 16 маусымдағы № 400 қаулысы

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына, 169-бабының 1-тармағына, "Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетінің бір бөлігін тікелей атаулы сату туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 4 желтоқсандағы № 801 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      2-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) 2022 жылғы маусымға дейін жекешелендіру объектісіне қатысты мәмілелер жасасуды шектеу (қайта сату, кепіл, басқаруға беру және басқалар) және (немесе) белгілі бір іс-әрекеттерге тыйым салу жөніндегі міндеттемелер белгіленсін.".

      2. "Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам) акцияларының жалпы пакетінің 50 (елу) пайызын + 1 акциясын сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы ұсынысы қабылдансын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, осы қаулының 2-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын;

      2) қоғам акцияларының жалпы пакетінің 50 (елу) пайызын + 1 акциясын иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне беруді қамтамасыз етсін;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады