Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда оларға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жеңілдіктерді сақтау қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 22 маусымдағы № 412 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 20 маусымдағы № 487 қаулысымен (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 20.06.2023 № 487 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі
      Осы қаулы 01.07.2022 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабының 2-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда оларға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жеңілдіктерді сақтау қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы 2022 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 22 маусымдағы
№ 412 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда оларға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жеңілдіктерді сақтау қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда оларға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жеңілдіктерді сақтау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабының 2-1-тармағына сәйкес әзірленді және ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда оларға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жеңілдіктерді сақтау тәртібін айқындайды.

      2. Қағидалар медициналық лауазымдары қысқартылған адамдарға олар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда қолданылады.

2-тарау. Медициналық лауазымдары қысқартылған адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін сақтау тәртібі

      3. Медициналық лауазымдары қысқартылған адамдар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтініш негізінде қызметкердің тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), ішкі істер органдарындағы қысқарту кезінде қысқартылатын лауазымын, ақшалай қамтылымын, арнаулы атағын, еңбек сіңірген жылдарын міндетті түрде көрсете отырып, басшының немесе оны алмастыратын адамның тиісті бұйрығын шығару арқылы ішкі істер органдарындағы лауазымы қысқартылған күнге соңғы қызмет өткерген жеріндегі ішкі істер органдарында міндетті түрде тіркелуге тиіс.

      Кадр қызметтері басшының немесе оны алмастыратын адамның бұйрығы негізінде тіркеу туралы анықтаманы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес он жұмыс күні ішінде екі данада (біреуі қолы қойғызылып медициналық лауазымы қысқартылған адамға беріледі, екіншісі – оның жеке ісіне) толтырады.

      4. Медициналық лауазымдары қысқартылған адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері жалпы еңбек өтілі жиырма бес жыл және одан көп болғанда, оның кемінде он екі жыл алты айын үзіліссіз әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызмет, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет құрағанда және штат қысқартылғанда, не денсаулық жағдайы салдарынан, не бекітілген арнаулы атағы бойынша құқық қорғау қызметінде болудың шекті жасына сәйкес келетін жасқа толған кезде жұмыстан шығарылғанда тағайындалады.

      5. Еңбек сіңірген жылдарына зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін ескерілетін ақшалай қамтылымның мөлшері соңғы жұмыс орнындағы тиісті қаржы қызметінің белгіленген үлгідегі ақшалай аттестатымен расталады.

      6. Медициналық лауазымдары қысқартылған адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жеңілдіктерді сақтау құқығы кадр қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдардың лауазымдары болып табылмайтын кез келген басқа лауазымдарға ауыстырылған жағдайларда жойылады.

      __________________

  Қазақстан Республикасының
  ішкі істер органдарындағы
медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап
  қысқартылған, лауазымы
қысқартылған кезде еңбек
сіңірген жылдары үзіліссіз
әскери қызметте, арнаулы
мемлекеттік және құқық қорғау
органдарындағы қызметте,
мемлекеттік фельдъегерлік
қызметте кемінде он екі жыл
және алты ай болған адамдар
қылмыстық-атқару
(пенитенциарлық) жүйесінің
тергеу изоляторлары мен
мекемелерінде орналасқан
медициналық ұйымдарда
жұмысын жалғастырған
жағдайда оларға еңбек сіңірген
жылдары үшін зейнетақы
төлемдеріне жеңілдіктерді
сақтау қағидаларына
1-қосымша
___________________________
(мемлекеттік мекеменің атауы)

Өтініш

      Кімнен

      ___________________________________________________________________

      (арнаулы атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (лауазымы)

      тұратын мекенжайы:_________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Мені "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес (штаттардың қысқаруына немесе құқық қорғау органының қайта ұйымдастырылуына байланысты басқа лауазымда пайдалану мүмкіндігі болмаған жағдайда) ішкі істер органдарынан шығаруыңызды және "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 64-бабының 2-1-тармағына сәйкес зейнетақымен қамсыздандыруды сақтай отырып, ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымы 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған адам ретінде тіркеуіңізді сұраймын.

      Ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған адамдар үшін көзделген еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне құқық кадр қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдардың лауазымдары болып табылмайтын кез келген басқа лауазымдарға ауысқан жағдайда жойылатыны туралы хабардармын.

      Өтініш берушінің қолы __________ 20______ жылғы "__" ___________

      Өтініш 20_____ жылғы "__" ________________________ қабылданды.

      Өтінішті қабылдаған органның кадр қызметінің басшысы:

      ____________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы)

  Қазақстан Республикасының
  ішкі істер органдарындағы
медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап
  қысқартылған, лауазымы
қысқартылған кезде еңбек
сіңірген жылдары үзіліссіз
әскери қызметте, арнаулы
мемлекеттік және құқық қорғау
органдарындағы қызметте,
мемлекеттік фельдъегерлік
қызметте кемінде он екі жыл
және алты ай болған адамдар
қылмыстық-атқару
(пенитенциарлық) жүйесінің
тергеу изоляторлары мен
мекемелерінде орналасқан
медициналық ұйымдарда
жұмысын жалғастырған
жағдайда оларға еңбек сіңірген
жылдары үшін зейнетақы
төлемдеріне жеңілдіктерді
сақтау қағидаларына
2-қосымша
___________________________
(мемлекеттік мекеменің атауы)

Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда оларды тіркеу туралы АНЫҚТАМА

      ____________________________________________________________________

      (мемлекеттік органның, бөліністің атауы) ____________________________ берді.

      1. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)________________________________

      _______________________________________________________________

      2. Ішкі істер органдарындағы лауазымы қысқартылған кездегі арнаулы атағы

      _________________________________________________________________

      3. Ішкі істер органдарындағы лауазымы қысқартылған күні ішкі істер органдары қызметкерінің атқарған лауазымы

      ______________________________________________________

      4. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне құқығын сақтай отырып, қызметтен шығару туралы 20 жылғы "___" _______ № ______ бұйрық.

      Мөр орны Органның кадр қызметінің басшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады