"Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 524 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

"Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларында:

      2-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) іріктеу комиссиясы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының (бұдан әрі – Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар) әскери бөлімдерінде (мекемелерінде) құрылатын, келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін азаматтарды іріктеу жөніндегі комиссия;";

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) штаттық-лауазымдық санат – әскери бөлімнің (мекеменің) штатында әскери лауазым үшін көзделген әскери атақ;";

      4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Уәкілетті органдардың бірінші басшылары Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда әскери қызмет өткеру туралы нұсқаулықтарды бекітеді.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметші бейбіт уақытта әскери қызметтің алты айынан кейін және олар әскери-есептік мамандықтардың біреуі бойынша міндетті даярлық курсынан өткен кезде ерікті түрде, оның ішінде бөлімшенің немесе әскери бөлімнің (мекеменің) құрамында Қазақстан Республикасынан тыс жерде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін жіберілуі мүмкін.";

      8-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) келісімшарт бойынша әскери қызметке кіргендер үшін – әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) әскери бөлімнің (мекеменің) тізімдеріне енгізу туралы бұйрығы шыққан күн, ал Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінде – жеке құрам бойынша бұйрық шыққан күн;";

      9-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әскери қызметтен шығарылуына (әскери жиындардың аяқталуына), сондай-ақ қызметтен шығару бірінші басшының бұйрығымен ресімделетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметін қоспағанда, әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) бұйрығымен ресімделетін Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарына ауысуына байланысты әскери бөлімнің (мекеменің) тізімдерінен шығарылған күн әскери қызмет аяқталған күн болып саналады.";

      10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Әскери бөлімді (мекемені) немесе әскери қызмет (әскери жиындар) орнын өз бетімен тастап кеткен уақыт кезеңі, сондай-ақ қамаққа алу түріндегі қылмыстық немесе әкімшілік жазаны өтеу уақыты әскери қызметшінің әскери қызмет мерзіміне есептелмейді.

      Әскери бөлімді (мекемені) немесе әскери қызмет орнын (әскери жиындарды) өз бетімен тастап кету кезеңінің басталуы әскери қызметшілердің әскери бөлім (мекеме) орналасқан жерді немесе қызмет орнын (әскери жиындарды) нақты тастап кету уақыты, сол сияқты оның белгіленген мерзімде әскери қызмет (әскери жиындар) орнына негізсіз келмеуі, аяқталуы – әскери қызметшінің өзінің әскери бөлімге (мекемеге), әскери басқару органдарына немесе құқық қорғау органдарына келу уақыты не оны ұстау уақыты болып табылады.

      11. Әскери қызметшінің әскери қызметінің (еңбек сіңірген жылдарының) жалпы ұзақтығы әскерге шақыру бойынша да, келісімшарт бойынша да оның әскери қызметінің барлық уақытын, сондай-ақ әскери жиындардан өту уақытын қамтиды.

      Әскери қызметтің жалпы ұзақтығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен күнтізбелік есептеумен де, жеңілдік есептеумен де жүргізіледі.";

      12-тармақта:

      бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Әскери қызмет өткеру туралы келісімшартты (бұдан әрі – келісімшарт) Қазақстан Республикасының азаматы ерікті түрде уәкілетті лауазымды адаммен жазбаша түрде уәкілетті органдардың бірінші басшыларымен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бекітетін үлгі нысан бойынша:";

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) қатардағы жауынгерлер, сержанттар мен офицерлер құрамдарының (жоғары офицерлер құрамын қоспағанда) штаттық-лауазымдық санатындағы әскери лауазымға тағайындалатындар – әскери бөлім (мекеме) командирінен (бастығынан) және одан жоғары тиісті уәкілетті лауазымды адаммен;";

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Атқаратын әскери лауазымдарында әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілермен келісімшарттар осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларына сәйкес жасалады.";

      13-тармақтың екінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Заңның 26-бабының 10-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, әскери оқу орнына түсер алдында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткерген әскери қызметшіні теріс себептер бойынша әскери қызметтен шығару үшін негіздеме болып табылмайтын әскери оқу орнынан шығарылған;";

      14-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Келісімшарт әскери қызметшілермен келісімшарт жасасу, оларды әскери лауазымдарға тағайындау, ауыстыру, олардан босату, әскери қызметтен шығару, сондай-ақ оларға әскери атақ беру туралы бұйрықтар (жеке құрам бойынша бұйрықтар) шығаруға құқығы бар лауазымды адамдар тізбесіне (бұдан әрі – лауазымды адамдар тізбесі) сәйкес осы құқық берілген уәкілетті лауазымды адамның бұйрығы шыққан күннен бастап қолданысқа енгізіледі. Лауазымды адамдар тізбесін уәкілетті органның бірінші басшысы бекітеді.";

      15-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Заң қолданысқа енгізілгенге дейін әскери қызметте болудың шекті жасына толғанға дейін жасалған келісімшарттар әскери қызметшілер Заңның 25-бабының 1-тармағында белгіленген шекті жасқа толғанға дейін қолданылады.";

      16-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Әскери қызметті одан әрі келісімшарт бойынша өткеруге ниет білдірген әскери қызметші қолданыстағы келісімшарттың мерзімі аяқталғанға дейін кемінде екі ай бұрын мерзімде белгіленген тәртіппен әскери бөлім (мекеме) командиріне (бастығына) жаңа келісімшарт жасасу туралы баянат береді.";

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін және келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты әскери қызметтен шығу туралы шешім қабылдаған әскери қызметші келісімшартты қолдану мерзімі аяқталғанға дейін кемінде екі ай бұрын уәкілетті лауазымды адамды өзінің шешімі туралы жазбаша хабардар етеді.";

      20-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Әскери қызметте болмаған, келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге ниет білдірген Қазақстан Республикасының азаматы жергілікті әскери басқару органының бастығына немесе әскери бөлімнің (мекеменің) командиріне (бастығына) өтініш береді.";

      21-тармақта:

      бірінші бөліктің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) азамат келісімшарт жасасуға ниет білдірген уәкілетті органның атауы, әскери бөлім (мекеме);";

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әйелдерді қоспағанда, бұрын әскери қызмет өткермеген, әскери кафедрада оқымаған адамдар Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымында әскери даярлықтан өткенін растайтын құжатты ұсынады.";

      23 және 24-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтермен жұмыс істеуді көздейтін әскери қызмет өткеру үшін кандидаттарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде мемлекеттік құпияларға рұқсаттама беруге арнайы тексеру жүргізіледі. Оларға мемлекеттік құпияларға рұқсаттама беруге арнайы тексеру аяқталғаннан кейін мұндай кандидаттарды әскери қызметке қабылдау жүргізіледі. Мемлекеттік құпияларға рұқсаттама беруге арнайы тексеруді ұйымдастыру жергілікті әскери басқару органдарына немесе әскери бөлімдерге (мекемелерге) жүктеледі.

      24. Жергілікті әскери басқару органы немесе әскери бөлім (мекеме) кандидатқа жеке іс ресімдейді.";

      25-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Уәкілетті органдар басшыларының келісімі бойынша кандидаттарды медициналық куәландыру ведомстволық бағыныстылығына қарамастан әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерде жүргізілуі мүмкін.";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін және келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге ниет білдірген әскери қызметші әскери бөлім (мекеме) командиріне (бастығына) (офицерлер құрамының әскери қызметшісі – әскерге шақыру бойынша әскери қызмет мерзімі аяқталғанға дейін бір ай бұрын) баянат береді.";

      33-тармақтын бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін және келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге ниет білдірген әскери қызметшінің баянаты тіркеледі және әскери бөлімнің (мекеменің) командирі (бастығы) қарауға қабылдайды. Әскери бөлімнің (мекеменің) командирі (бастығы) әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшінің баянатын қарайды және он жұмыс күні ішінде ол бойынша шешім қабылдайды.";

      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Әскери бөлімнің (мекеменің) командирі (бастығы) баянатты қарап:

      1) кандидатты медициналық куәландырудан өткізу туралы;

      2) кәсіби және психологиялық іріктеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы;

      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы айқындаған тәртіппен арнайы тексеру жүргізу туралы;

      4) тізбесін уәкілетті органның басшысы бекіткен әскери лауазымдарға кандидаттармен психологиялық-физиологиялық және полиграфологиялық зерттеулер жүргізу туралы;

      5) кандидаттың білім, кәсіби және дене дайындығы деңгейінің келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер үшін белгіленген талаптарға сәйкес келуін тексеру туралы;

      6) әскери қызметшінің кандидатурасын әскери бөлім (мекеме) іріктеу комиссиясының қарауы туралы нұсқаулар береді.";

      36-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Кандидаттың келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретіндер үшін белгіленген талаптарға сәйкес келуі (сәйкес келмеуі) туралы шешімді әскери бөлімнің (мекеменің) аттестаттау (іріктеу) комиссиясының ұсынымы бойынша әскери бөлімнің (мекеменің) командирі (бастығы) қабылдайды.";

      7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Әскери қызметте болудың шекті жасына толған әскери қызметшілермен әскери қызмет мерзімдерін ұзарту кезінде келісімшарттар жасасу";

      43 және 44-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Әскери қызметшіні әскери лауазымға тағайындау әскери қызметшінің білім, кәсіби даярлық деңгейі, қызметтік іс тәжірибесі, денсаулық жағдайы және осы Қағидаларда көзделген өзге де мән-жайлар ескеріле отырып, уәкілетті органның бірінші басшысы бекітетін мемлекеттік орган әскери лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптары негізінде жүргізіледі.

      44. Әскери қызметшілерді әскери лауазымдарға тағайындау оларды негізгі немесе бір бейінді әскери-есептік мамандық бойынша пайдалануды қамтамасыз етуге тиіс.

      Бір бейінді әскери-есептік мамандықтар тізбесін уәкілетті органның бірінші басшысы бекітеді.

      Әскери қызметшілерді олар үшін жаңа әскери-есептік мамандық бойынша лауазымдарда пайдалану қажет болған кезде оларды осы лауазымдарға тағайындауға тиісті қайта даярлау алғышарт болуға тиіс.";

      46 және 47-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "46. Техникалық және кәсіптік, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орнына қабылданған азамат қатардағы жауынгерлер немесе сержанттар құрамдарының штаттық-лауазымдық санатындағы кадет және курсант ауыспалы құрамының әскери лауазымына тағайындалады.

      Офицерлер құрамының әскери атағы жоқ, әскери оқу орнына қабылданған әскери қызметші бұрын атқарған әскери лауазымынан босатылады және қатардағы жауынгерлер немесе сержанттар құрамдарының штаттық-лауазымдық санатындағы курсант ауыспалы құрамының әскери лауазымына тағайындалады.

      Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орнына қабылданған келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметші бұрын атқарған әскери лауазымынан босатылады және қашықтықтан білім беру технологияларын пайдаланып білім алатындарды қоспағанда, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың тыңдаушысы, магистранты, докторанты немесе адъюнкті ауыспалы құрамының әскери лауазымына тағайындалады.

      Оқудың үшінші курсына ауыстырылған ұлан, сондай-ақ жалпы орта білім беру базасындағы азамат немесе техникалық және кәсіптік, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орындарына қабылданған əскери қызметші тиісінше Қарулы Күштердің кадеті не курсанты немесе əскери интерні ауыспалы құрамының əскери лауазымына тағайындалады.

      Әскери қызметші (азамат) әскери оқу орнына қабылданған кезде оның бұрын берілген әскери атағы сақталады.

      47. Әскери, арнаулы оқу орнына немесе әскери оқу орнының адъюнктурасына, магистратурасына не докторантурасына қабылданбаған әскери қызметшілер көрсетілген оқу орнына түсу үшін жіберген әскери бөлімдерге (мекемелерге) бұрынғы әскери лауазымдарына қайтарылады.";

      49-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) қатардағы жауынгерлер, сержанттар мен офицерлер құрамдарының штаттық-лауазымдық санатындағы әскери лауазымдарға тиісті құрамның әскери қызметшілері тағайындалады.

      Сержанттар құрамының әскери қызметшілерін (әскери міндеттілерін) тиісті құрамның әскери лауазымдарына тағайындау мүмкін болмаған кезде әскери оқу орындары мен әскери кафедраларды бітіргендерді қоспағанда, олар қатардағы құрамның әскери лауазымдарына тағайындалады;";

      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Бос әскери лауазымдарға төмен тұрған құрамның әскери қызметшілері не уәкілетті органның бірінші басшысы айқындайтын тәртіппен азаматтар уақытша тағайындалуы мүмкін. Бұл ретте азаматтық персонал адамдарына (қызметкерлерге) лауазымдық айлықақы атқаратын әскери лауазымына сәйкес белгіленеді.

      Әскери лауазымдарға уақытша тағайындалған азаматтық персонал адамдары (қызметкерлер) осы әскери лауазымдарға әскери қызметшілер тағайындалған кезде басқа лауазымдарға тағайындалады, ал басқа лауазымдарға тағайындау мүмкін болмаған жағдайда – белгіленген тәртіппен шығарылады.";

      53-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жоғары әскери лауазымға тағайындау кезінде басым құқық жоғары әскери лауазымға жоғарылату үшін резервте тұрған, мұндай әскери лауазымға әскери қызметші әскери қызмет өткеретін әскери бөлімнің (мекеменің) аттестаттау комиссиясы ұсыным жасаған, әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде жоғары кәсіби біліктілігін және ұйымдастырушылық қабілетін көрсеткен немесе ұйымдық-штаттық іс-шараларға байланысты бұрын төмен әскери лауазымға тағайындалған әскери қызметшіге беріледі.";

      55-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшінің баянаты бойынша Заңның 26-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген шарттар болған кезде уәкілетті органдардың бірінші басшыларымен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бекітетін үлгі нысан бойынша отбасы-мүліктік жағдайды тексеру актісімен расталатын отбасы жағдайлары бойынша;";

      57-тармақта:

      1) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Заңның 26-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында айқындалған,
отбасы-мүліктік жағдайын тексеру актісімен расталатын отбасы жағдайлары бойынша;";

      2) тармақшаның үшінші және төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "келісімшартты бұзу үшін негіздемелер болып табылмайтын тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін тәртіптік реттілікте бір сатыдан төмен емес;

      офицерлер құрамының бос әскери лауазымдарына уақытша тағайындалған қатардағы жауынгерлер мен сержанттар құрамдарының әскери қызметшілері осы әскери лауазымдар қысқартылған немесе бұл әскери лауазымдарға тиісті құрамның әскери қызметшілері тағайындалған жағдайда;";

      мынадай мазмұндағы 57-1-тармақпен толықтырылсын:

      "57-1. Әскери қызметшіден әскери лауазымынан төмендету түріндегі тәртіптік жазаны алу оны бұрын атқарған әскери лауазымына қайта қабылдауға әкелмейді.";

      59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "59. Қамаққа алу түріндегі жазасын өтейтін, сондай-ақ елеулі тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін алынбаған тәртіптік жазасы бар әскери қызметшілер жоғары тұрған әскери лауазымға тағайындалмайды.";     

      60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "60. Қызметтік қажеттілікке байланысты әскери қызметшіге ол әскери қызмет өткеретін әскери бөлімде (мекемеде) ол атқармайтын тең немесе жоғары әскери лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқару жүктелуі мүмкін:

      1) бос (тағайындалмаған) әскери лауазым бойынша – әскери қызметші атқаратын әскери лауазымы бойынша міндеттерді атқарудан босатылады, бірақ атқаратын әскери лауазымынан босатылмайды және оған міндеттерін уақытша атқаруға жіберілген әскери лауазымы бойынша ақшалай ризық төленеді;

      2) бос емес (тағайындалған) әскери лауазым бойынша – оны атқаратын әскери қызметші уақытша болмаған немесе оны атқаратын әскери қызметшіні әскери лауазымынан шеттеткен жағдайда, бірақ екі айдан аспайтын мерзімге. Бұл ретте әскери қызметшіге ол атқаратын әскери лауазым бойынша ақшалай ризық төленеді.";

      61-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "61. Әскери қызметшіге бос әскери лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқаруды жүктеуді және оны атқаратын әскери лауазымы бойынша міндеттерді атқарудан босатуды осы әскери лауазымға тағайындауға құқығы бар лауазымды адам жүзеге асырады. Бос әскери лауазымды шұғыл атқару қажет болған кезде әскери лауазым тұрған әскери бөлімнің (мекеменің) командиріне (бастығына) осы әскери лауазымға тағайындауға құқығы бар бастықты жазбаша хабардар етіп тиісті құрамның әскери қызметшілеріне бос әскери лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқаруды жүктеуге рұқсат етіледі.";

      62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "62. Әскери қызметшіге бос емес әскери лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқаруды жүктеуді әскери бөлімнің (мекеменің) командирі (бастығы) жүзеге асырады.

      Әскери бөлімнің (мекеменің) командирі (бастығы) өзі уақытша болмаған жағдайда міндеттерді уақытша атқаруды орынбасарларының біреуіне, олар болмаған кезде басқа лауазымды адамға жүктейді.";

      мынадай мазмұндағы 62-1-тармақпен толықтырылсын:

      "62-1. Қызметтік қажеттілікке және әскери қызметшіге бос емес әскери лауазым бойынша міндеттерді жүктеудің мүмкін болмауына байланысты осы әскери лауазымды атқаратын әскери қызметші бала үш жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша демалыста болған уақытта осы әскери лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқару тиісті білімі мен тиісті әскери мамандықтың бейіні бойынша ұқсас мамандығы және мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі бар азаматқа жүктеледі.

      Бұл ретте азаматтық персонал адамына (жұмыскерге) ол атқаратын әскери лауазым бойынша лауазымдық айлықақы төленеді.

      Осы әскери лауазымда тұрған әскери қызметші әскери қызметке шыққан кезде азаматтық персонал адамы (қызметкер) жұмыстан шығарылады.";

      68-тармақтың екінші бөлігінің 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) әскери бөлім (мекеме) немесе бөлімше тұрақты орналасу пунктін өзгерткен жағдайларда жүргізіледі.";

      69-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "69. Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды дамыту бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылатын әскери бөлімнің (мекеменің) немесе бөлімшенің тұрақты орналасу пункті өзгерген, сондай-ақ әскери бөлімнің (мекеменің) немесе бөлімшенің тұрақты орналасу пунктіне қарамастан, тең әскери лауазымға тағайындалған кезде әскери қызметшіні ауыстыру оның келісімінсіз оған уәкілетті органның бірінші басшысы осындай құқық берген командирдің (бастықтың) шешімімен жүргізіледі.";

      70-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "Істері мен лауазымын тапсыруды бастауды әскери бөлімнің (мекеменің) командирі (бастығы) жеке құрам бойынша бұйрықтан үзінді немесе әскери қызметшіні ауыстыру жөнінде жазбаша хабарлама келіп түскен сәттен бастап, бірақ келіп түскен сәттен бастап жеті тәуліктен кешіктірмей, ал демалыста немесе емделуде жүрген әскери қызметші үшін оның келген күнінен бастап айқындайды.

      Әскери бөлімнің (мекеменің) тізімдерінен алу істері мен лауазымын тапсыру актілері бекітілгеннен кейін келесі жұмыс күнінде жүргізіледі.";

      84-тармақтың үшінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) келісімшарт аяқталатын жылы;";

      88-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) сержанттар құрамы үшін – кіші сержант (екінші сатылы старшина);

      3) қатардағы жауынгерлер құрамы үшін – қатардағы жауынгер (матрос) болып саналады.";

      89-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлықтың толық курсын аяқтаған және белгіленген емтихандарды тапсырған азаматқа – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын аяқтағаннан кейін;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) офицерлер құрамының әскери атағы жоқ, жоғары білімі бар, штат бойынша офицерлер құрамының әскери атағы көзделген әскери лауазымға келісімшарт бойынша әскери қызметке кірген азаматқа (әскери қызметшіге) – тиісті әскери лауазымға тағайындалған кезде, бірақ офицерлердің әскери лауазымдарында үздіксіз бір жыл әскери қызмет өткергеннен кейін (Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарында – тиісті әскери лауазымға тағайындалған кезде);";

      мынадай мазмұндағы 94-1-тармақпен толықтырылсын:

      "94-1. "Запастағы кіші сержант" ("запастағы екінші сатылы старшина") әскери атағы запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша әскери даярлықтың толық курсын аяқтаған және белгіленген емтихандарды тапсырған азаматқа – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын аяқтағаннан кейін беріледі.

      "Запастағы кіші сержант" ("запастағы екінші сатылы старшина") әскери атағын жергілікті әскери басқару органының (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың) басшысы береді.";

      97-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сот үкімімен (қаулысымен) тағайындалған қамаққа алу түріндегі қылмыстық не әкімшілік жазаны өтеу уақыты әскери қызметшілерге кезекті әскери атақ беру үшін еңбек сіңірген жылдарының мерзіміне есептелмейді.";

      101-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "101. Қамаққа алу түріндегі қылмыстық немесе әкімшілік жазаны өтеген уақытта әскери қызметшіге әскери атақ берілмейді.";

      105-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қасақана қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған әскери қызметшілер (әскери міндеттілер) әскери қызметшіге әскери атағынан айыру түрінде қосымша жаза тағайындалған, заңды күшіне енген сот үкімі бойынша әскери атағынан айырылады.";

      107-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "107. Әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін, әскери атағы "кіші сержант" ("екінші сатылы старшина") әскери атағына дейін төмендетілген офицерлер тиісті құрамның әскери лауазымдарына бір уақытта тағайындала отырып, сержанттар құрамына ауыстырылады және мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімі аяқталғанға дейін әскери қызмет өткереді.";

      108-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "108. Офицерлер немесе сержанттар құрамдарының әскери атағынан айырылған әскери қызметші (әскери міндетті) "қатардағы жауынгер" әскери атағымен қатардағы жауынгерлер құрамының әскери есебіне ауыстырылады.";

      111-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "111. Демалыстар әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) бұйрығы негізінде беріледі.";

      115-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әскери бөлімнің (мекеменің) таратылуын қоспағанда, демалыс уақытында әскери бөлімнің (мекеменің) бастамасы бойынша әскери қызметші ауыстырылмайды және әскери қызметтен шығаруға жол берілмейді.";

      121-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "121. Әскери қызметшінің баянаты және әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) шешімі бойынша әскери қызметшіге жыл сайынғы негізгі және қосымша демалыстарды олардың арасын үзбей бірінен кейін бірін беруге жол беріледі.";

      123-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "123. Жыл сайынғы негізгі немесе қосымша демалыстар уақытында (кейіннен әскери бөлімнің (мекеменің) тізімдерінен ала отырып, әскери қызметтен шығару жылынан басқа) науқастанған әскери қызметшілерге жыл сайынғы негізгі немесе қосымша демалыс, отбасы жағдайлары бойынша демалыстан басқа, науқастанған күндерінің тиісті санына ұзартылады. Бұл жағдайда демалысты ұзартуды әскери немесе ол болмаған кезде мемлекеттік емдік-профилактикалық мекемесінен алынған анықтама негізінде әскери бөлімнің (мекеменің) командирі (бастығы) жүзеге асырады.";

      124-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жергілікті әскери басқару органының бастығы әскери қызметшінің демалысын ұзартқаны туралы көрсетілген әскери қызметші әскери қызмет өткеретін әскери бөлімнің (мекеменің) командирін (бастығын) дереу хабардар етеді.";

      125-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "125. Отбасы жағдайлары бойынша қысқа мерзімді демалыс әскери қызметшілерге:

      бес тәулікке дейін:

      1) әскери қызметші некесін тіркеген;

      2) әскери қызметшінің баласы туылған жағдайларда;

      он тәулікке дейін:

      1) әскери қызметші жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының, әскери қызметші жұбайының (зайыбының) жақын туыстарының денсаулығы нашарлаған немесе қайтыс болған (қаза тапқан);

      2) әскери қызметшінің жақын туыстары, әскери қызметші жұбайының (зайыбының) жақын туыстары табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға ұшыраған жағдайларда беріледі.

      Некесін тіркеген немесе баласы туылған жағдайларда отбасы жағдайлары бойынша қысқа мерзімді демалыс әскери қызметшілерге растайтын құжаттың (азаматтық хал актісі, туу туралы куәлік, туу туралы медициналық куәлік немесе туу фактісін анықтау туралы сот шешімі) көшірмесі қоса берілген баянаттың негізінде беріледі.

      Әскери қызметші жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының, әскери қызметші жұбайының (зайыбының) жақын туыстарының денсаулығы нашарлаған жағдайда отбасы жағдайлары бойынша қысқа мерзімді демалыс әскери қызметшілерге медициналық мекеме берген растайтын құжатты қоса бергенде баянат негізінде беріледі.

      Әскери қызметшінің жұбайы (зайыбы), жақын туыстары, әскери қызметші жұбайының (зайыбының) жақын туыстары қайтыс болған (қаза тапқан) жағдайда және әскери қызметшінің жақын туыстары, әскери қызметші жұбайының (зайыбының) жақын туыстары табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға ұшыраған кезде отбасы жағдайлары бойынша қысқа мерзімді демалыс әскери қызметшілерге баянат негізінде беріледі. Демалыстан келгеннен кейін әскери қызметші он жұмыс күні ішінде әскери қызмет орны бойынша демалыс беру үшін негіздемені растайтын құжатты ұсынуға міндетті.

      Әскери қызметшіге берілетін отбасы жағдайлары бойынша қысқа мерзімді демалыстың ұзақтығы демалысты өткізу орнына дейін барып-қайту үшін қажетті тәулік санына арттырылады.";

      136-тармақта:

      бірінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында – бір айдан аспайды;";

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Оқу демалысын оқу орнының жазбаша шақыртуы немесе оқуға жіберу туралы бұйрық негізінде әскери бөлімнің (мекеменің) командирі (бастығы) береді.";

      137-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "137. Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін, ғылыми дәреже ізденушісі болып табылатын әскери қызметшіге қызметтік істерін ғылыми жұмыспен табысты үйлестірген жағдайда ол ғылыми дәреже ізденушісі болып табылатын ғылыми кеңестің ұсынымы бойынша әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) шешімімен жалпы ұзақтығы екі айға дейінгі шығармашылық демалыстар беріледі.";

      138-тармақтың бірінші бөлігіне орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тілінде мәтін өзгермейді;

      143-тармақтың екінші бөлігінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "аттестаттаудың егжей-тегжейлі схемасын әзірлеу, оны тиісті командирлердің (бастықтардың) бекітуі, басшылыққа алу және әскери қызметшілердің назарына жеткізу үшін әскери бөлімдерге (мекемелерге) тарату;";

      146-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "146. Әскери қызметшілер жүктілігі және бала тууы бойынша, бала үш жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша демалыста болған, қашықтықтан білім беру технологияларын пайдаланып білім алушыларды қоспағанда, мемлекеттік қызметшілерді жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша даярлау жөніндегі мемлекеттік тапсырыс шеңберінде Қазақстан Республикасының және (немесе) шет мемлекеттердің әскери, арнаулы оқу орындарында, білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алған кезеңде аттестатталмайды. Олар әскери қызметке шыққаннан кейін алты ай өткен соң және әскери қызметке шыққан күннен бастап бір жылдан кешіктірілмей аттестатталады.";

      150-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Аттестаттау комиссиялары әскери бөлімдерде (мекемелерде) әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) шешімімен құрылады, ол бұйрықпен жарияланады.";

      151-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "151. Аттестаттау комиссияларына тиісті әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) шешімі бойынша жекелеген әскери қызметшілердің әскери қызмет өткеру мәселелерін қарау да жүктеледі.";

      154 және 155-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "154. Әскери қызметшілерді әскери қызметтен шығару Заңның 26-бабында айқындалған негіздер бойынша жүргізіледі. Бұл ретте запасқа немесе отставкаға шығару лауазымды адамдар тізбесіне сәйкес оған құқығы бар уәкілетті орган лауазымды адамының бұйрығымен жүргізіледі.

      Әскери қызметшіні әскери бөлімнің (мекеменің) тізімдерінен шығару істер мен лауазым тапсырылғаннан кейін жүргізіледі.

      Қажет болған жағдайда істер мен лауазымды тапсыру Ішкі қызмет жарғысында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізіледі, оның басталуын әскери бөлімнің (мекеменің) командирі (бастығы) жеке құрам бойынша бұйрықтан үзінді келіп түскен сәттен бастап айқындайды.

      Әскери қызметші істері мен лауазымын тапсырудан жалтарған немесе бас тартқан кезде әскери бөлімнің (мекеменің) тізімдерінен алу комиссия мүшелері қол қойған және әскери бөлімнің (мекеменің) командирі (бастығы) үш жұмыс күні ішінде бекіткен актінің негізінде белгіленген мерзімнен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Әскери қызметші істері мен лауазымын тапсырмаған өзге де жағдайда әскери бөлімнің (мекеменің) тізімдерінен алу белгіленген мерзім өткенге дейін әскери қызметшінің есебінде тұрған материалдық құралдарды көрсете отырып, тікелей командирдің (бастықтың) баянаты негізінде жүргізіледі.

      Әскери қызметші демалыста, емделуде немесе қызметтік іссапарда болған жағдайда әскери бөлімнің (мекеменің) тізімдерінен алу жүргізілмейді.

      155. Заңның 26-бабының 5, 6-тармақтарына сәйкес әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерді мерзімінен бұрын әскери қызметтен шығару әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы, отбасы-мүліктік тексеру актісі мен әскери қызметтен шығару жағдайларын растайтын басқа да құжаттар негізінде жүргізіледі.";

      156-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "156. Әскери қызметте болудың шекті жасына толуы, келісімшарт мерзімінің аяқталуы немесе әскери бөлімнің (мекеменің) штаттарын қысқартуға байланысты алдағы уақытта әскери қызметтен шығарылуы туралы әскери қызметшіні әскери бөлімнің (мекеменің) командирі (бастығы) немесе уәкілетті лауазымды адам алдын ала (кемінде бір ай бұрын) жазбаша хабардар етеді.";

      157-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "157. Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшіде әскери қызметтен шығару үшін бірнеше негіз болған кезде Заңның 26-бабы 1-тармағының 7), 8), 9), 11) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, ол өзі таңдаған негіз бойынша шығарылады.";

      159, 160, 161 және 162-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "159. Әскери қызметшілерді денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметтен шығару Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы негізінде жүргізіледі.

      Әскери қызметтен шығаруға ұсынымды (мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілері үшін – баянатты) ресімдеуді әскери бөлім (мекеме) әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысын алғаннан кейін жүргізеді.

      160. Әскери бөлімнің (мекеменің) штаттарын қысқартуға байланысты әскери қызметтен шығару басқа әскери лауазымдарға тағайындау мүмкіндігі болмаған және әскери қызметші төмен лауазымға тағайындалудан бас тартқан жағдайда жүргізіледі.

      161. Қазақстан Республикасының құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдарына ауыстыруды қоспағанда, мемлекеттік қызметке немесе мемлекеттік мекемелерге ауыстырылуына байланысты әскери қызметтен шығару мемлекеттік органның немесе мемлекеттік мекеменің бірінші басшысынан әскери қызметшінің мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға арналған конкурстан табысты өткені және оны мемлекеттік қызметке қабылдауға дайын екені туралы хабарлама келіп түскен кезде әскери қызметшінің баянаты бойынша жүргізіледі.

      162. Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшіні оған қатысты келісімшарт талаптарының елеулі және (немесе) жүйелі түрде бұзылуына байланысты әскери қызметтен шығару әскери қызметшінің баянаты және өзге де растайтын құжаттар негізінде жүргізіледі. Әскери қызметшіні осы негіз бойынша әскери қызметтен шығарудан бас тартқан жағдайда әскери бөлімнің (мекеменің) командирі (бастығы) келісімшарт талаптарының сақталу фактісін құжатпен растауға тиіс.";

      167, 167-1 және 168-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "167. Уәкілетті мемлекеттік органның арнайы тексеру нәтижелері бойынша одан әрі әскери қызмет өткерудің мүмкін болмауына байланысты әскери қызметтен шығару арнайы тексеру нәтижелері бойынша әскери қызметшіге мемлекеттік құпияларға рұқсатнаманы ресімдеуге кедергі келтіретін жағдайлар анықталған жағдайда оны мемлекеттік құпияларға рұқсатнаманы ресімдеу талап етілмейтін әскери лауазымға тағайындау мүмкін болмаған кезде жүргізіледі.

      167-1. Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарының түлектерін, сондай-ақ әскери интерндерді, магистранттарды, докторанттар мен адъюнкттерді оқудан шығару жағдайларын қоспағанда, әскери, арнаулы оқу орнынан шығарылуына байланысты әскери қызметшілерді әскери қызметтен шығару осы оқу орындары бастықтарының (басшыларының) оқудан шығару туралы бұйрығы негізінде жүргізіледі.

      168. Әскери қызметшілерді теріс себептер бойынша әскери қызметтен шығару:

      1) қылмыс жасағаны үшін соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуіне байланысты – әскери бөлімге (мекемеге) келіп түскен соттың заңды күшіне енген айыптау үкімінің негізінде;

      2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылуына байланысты – әскери бөлімге (мекемеге) келіп түскен соттың заңды күшіне енген айыптау үкімінің немесе прокурор бекіткен қылмыстық қудалау органының қаулысы негізінде;

      3) әскери қызмет міндеттерін атқару кезінде медициналық ұйымда жүргізілген медициналық куәландыру нәтижелерімен расталған психикаға белсенді әсер ететін затты тұтыну немесе масаң күйде болу, сондай-ақ одан өтуден бас тарту немесе жалтару фактісінің анықталуына байланысты – қызметтік тергеп-тексеру қорытындысы негізінде;

      4) медициналық ұйымда жүргізілген медициналық куәландыру нәтижелерімен расталған қызметтен тыс уақытта есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді медициналық емес мақсатта тұтыну фактісінің анықталуына байланысты – қызметтік тергеп-тексеру қорытындысы негізінде;

      5) келісімшарт талаптарын жүйелі түрде (екі және одан көп рет) бұзған жағдайда – қызметтік тергеп-тексеру қорытындысы негізінде және осы Қағидаларға сәйкес әскери бөлімнің (мекеменің) аттестаттау комиссиясы осы фактілерді қарағаннан кейін;

      6) жасалған күніне қарамастан, Заңның 38-бабының 2-тармағында көрсетілген мәліметтер ұсынылмаған немесе бұрмаланған жағдайда – қызметтік тергеп-тексеру қорытындысы негізінде, оның нәтижесі бойынша әскери қызметке кіру кезінде әскери қызметке қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылатын көрінеу жалған құжаттарды немесе мәліметтерді ұсыну фактісі анықталады;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әскери атақтан айыруға байланысты – әскери бөлімге (мекемеге) келіп түскен соттың заңды күшіне енген айыптау үкімінің негізінде, ал жоғары офицерлер құрамының адамдары үшін – әскери атағынан айыру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы келіп түскен кезде;

      8) Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органы немесе ішкі істер органы әскери қызметшісінің қатарынан үш және одан көп сағат бойы дәлелсіз себеппен қызметте болмауына байланысты – қызметтік тергеп-тексеру қорытындысы негізінде;

      9) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді, оларды тасымалдағыштарды жария етуге немесе жоғалтуға әкеп соқтырған құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі белгіленген талаптарды бұзуға байланысты – әскери бөлімге (мекемеге) келіп түскен соттың заңды күшіне енген айыптау үкімінің негізінде;

      10) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған жағдайларда – қызметтік тергеп-тексеру қорытындысы негізінде;

      11) әскери қызметке кір келтіретін теріс қылық жасауға байланысты – қызметтік тергеп-тексеру қорытындысы негізінде жүргізіледі.";

      170-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Бұл ретте олармен жасалған келісімшарт төтенше немесе соғыс жағдайы кезеңі бойы қолданылады.";

      172-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "172. Әскери қызметтен шығарылған адамдар шығару туралы шешімге жоғары тұрған қолбасшылыққа, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқылы.".

      2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады