Солтүстік Қазақстан облысының кейбір білім беру және мәдениет объектілеріне атау беру және атауын өзгерту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 22 қыркүйектегі № 721 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысының мынадай білім беру және мәдениет объектілеріне:

      1) "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Шал ақын ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Қазақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Кәкімбек Салықовтың;

      2) "Жамбыл ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Сафуан Шаймерденовтің есімдері берілсін.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Қызылжар ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Новоникольское орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атауы "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Қызылжар ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Геннадий Зенченко атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады