2017 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасын қаржыландыру туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 738 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берiлiп отырған 2017 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасын қаржыландыру туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Әлібек Сәкенұлы Қуантыровқа 2017 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасын қаржыландыру туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 738 қаулысымен
мақұлданған
  Жоба

2017 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасын қаржыландыру туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттама

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы

      Еуразиялық өңірдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүдделілікті негізге ала отырып,

      2017 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасын қаржыландыру туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 6-бабына сәйкес

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімге мынадай өзгеріс енгізілсін:

      "Күшіне енуі" деген 7-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Келісім екі Тараптың соңғысы қол қойған күннен бастап күшіне енеді және 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.".

2-бап

      Осы Хаттама екі Тараптың соңғысы қол қойған күннен бастап күшіне енеді.

      Келісімнің осы Хаттамаға қайшы келмейтін барлық қалған ережелері күшінде қалады.

      Әрқайсысы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтіндер бірдей теңтүпнұсқалы болып табылады. Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінеді.


Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы үшін

Әлібек Қуантыров,
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
Қолы:
Күні:

Андреас Шааль,
Халықаралық қатынастар хатшылығының директоры
Қолы:
Күні:


Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы үшін


Жозе Тушетт,
Атқарушы директор
Қолы:
Күні:


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады