Батыс Қазақстан облысының кейбір білім беру, спорт, мәдениет ұйымдарына атау беру және атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 3 қарашадағы № 869 қаулысы

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, темiржол вокзалдарына, темiржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншiгiндегi басқа да объектiлерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттiк заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есiмiн беру қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Батыс Қазақстан облысының мынадай білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарына:

      1) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Сырым ауданы білім беру бөлімінің "Балалар музыка мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына Амангелді Ғұбайдуллиннің;

      2) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Орал қаласы білім беру бөлімінің "№ 46 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Бауыржан Момышұлының;

      3) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Орал қаласы білім беру бөлімінің "№ 47 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қадыр Мырза Әлінің;

      4) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының "Сырым ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Асқар Шайхиевтің;

      5) "Қаратөбе аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Қаратөбе аудандық мәдени демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына Ғарифолла Құрманғалиевтың есімі берілсін.

      2. "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Қаратөбе ауданы білім беру бөлімінің "Қаратөбе мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атауы "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Қаратөбе ауданы білім беру бөлімінің "Қажым Жұмалиев атындағы Қаратөбе мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады