Қазақстан Республикасының құқық қорғау органы, азаматтық қорғау органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерiнiң денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген залалды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құқық қорғау органы, азаматтық қорғау органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқаруына байланысты оның отбасы мүшелерi мен жақын туыстарының денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген залалды өтеу қағидаларын бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 1024 қаулысы.

      "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 69-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының құқық қорғау органы, азаматтық қорғау органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерiнiң денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген залалды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құқық қорғау органы, азаматтық қорғау органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқаруына байланысты оның отбасы мүшелерi мен жақын туыстарының денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген залалды өтеу қағидалары бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 1024 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының құқық қорғау органы, азаматтық қорғау органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерiнiң денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген залалды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құқық қорғау органы, азаматтық қорғау органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқаруына байланысты оның отбасы мүшелерi мен жақын туыстарының денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген залалды өтеу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органы, азаматтық қорғау органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерiнiң денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген залалды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құқық қорғау органы, азаматтық қорғау органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқаруына байланысты оның отбасы мүшелерi мен жақын туыстарының денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген залалды өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 69-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының құқық қорғау органы, азаматтық қорғау органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерiнiң (бұдан әрі – қызметкер) денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген залалды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құқық қорғау органы, азаматтық қорғау органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқаруына байланысты оның отбасы мүшелерi мен жақын туыстарының денсаулығы мен мүлкіне келтірілген залалды өтеу тәртібі мен шарттарын айқындайды.

      2. Қызметкердің денсаулығы мен мүлкіне келтірілген залал, сондай-ақ қызметкердің қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты оның отбасы мүшелері мен жақын туыстарының денсаулығы мен мүлкіне келтірілген залал бюджет қаражатынан толық көлемде өтеледі, кейіннен бұл сома залал келтірген адамнан өндіріп алынады.

      3. Осы Қағидаларға сәйкес залалды өтеу ретінде төленген сома Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес залал келтірген адамдардың есебінен өтелуге жатады.

2-тарау. Залалды өтеу тәртібі

      5. Қызметкердің және (немесе) оның отбасы мүшелерi мен жақын туыстарының өзге адамдардың құқыққа қарсы әрекеттері салдарынан зардап шеккен деп танылғаны туралы заңды күшіне енген сот шешімі қызметкердің денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды, сондай-ақ қызметкердiң қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты оның отбасы мүшелерi мен жақын туыстарының денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген залалды өтеу үшін негіздеме болып табылады.

      6. Залалды өтеу үшін оны өтеуге құқығы бар адамдар Қазақстан Республикасының құқық қорғау органына, азаматтық қорғау органына, мемлекеттік фельдъегерлік қызметіне мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген үлгідегі баянат (арыз);

      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      3) теңгелік банк шотының нөмірі туралы мәліметтер;

      4) сот шешімінің көшірмесі;

      5) залалды өтеуге құқығы бар адамның мүдделерін заңды өкіл білдірген жағдайда заңды өкілдің өкілеттігін растайтын құжат.

      7. Залалды өтеу туралы баянатты (арызды) қарау мерзімі он бес жұмыс күнін құрайды.

      8. Өтелуге жататын залалдың мөлшері сот арқылы белгіленеді.

      9. Залалды өтеу Қазақстан Республикасының құқық қорғау органы, азаматтық қорғау органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметі басшысының не уәкілетті басшының бұйрығы негізінде бұйрық шығарылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде оны өтеуге құқығы бар адамның банктік шотына ақша қаражатын аудару жолымен жүзеге асырылады.

      10. Залал келтірген кінәлі адамның есебінен залал өтелген жағдайларда Қазақстан Республикасының құқық қорғау органы, азаматтық қорғау органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметі ақшалай төлемдерді жүргізбейді.

3-тарау. Қорытынды ережелер

      11. Төлемдерді заңсыз алуға бағытталған әрекеттер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

      12. Залалды өтеуден туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралады.

  Қазақстан Республикасының
құқық қорғау органы, азаматтық
қорғау органы, мемлекеттік
фельдъегерлік қызметі
қызметкерiнiң денсаулығы мен
мүлкiне келтiрiлген залалды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құқық қорғау
органы, азаматтық қорғау
органы, мемлекеттік
фельдъегерлік қызметі
қызметкерiнiң қызметтiк
мiндеттерiн атқаруына
байланысты оның отбасы
мүшелерi мен жақын
туыстарының денсаулығы мен
мүлкiне келтiрiлген залалды
өтеу қағидаларына
қосымша
  Кімге: ____________________
  (органның басшысына)
  Кімнен:
  __________________________
  (арыз берушінің Т.А.Ә. (бар
болса)
  __________________ тұрады
  тел: _____________________

Баянат (арыз)

      Заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде _____________________________

      қызметтік міндеттерін атқаруына (арыз иесі үшін қызметкердің Т.А.Ә. (бар болса) және туыстық дәрежесі) байланысты менің денсаулығыма және мүлкіме келтірілген залалды өтеу бойынша ақшалай төлемдер жүргізуіңізді сұраймын.

      Баянатқа (арызға) мынадай құжаттарды қоса беремін:

      1. ____________________________

      2. ____________________________

      3. ____________________________

      4. ____________________________

      Қолы _____________.

      Күні _____ жылғы "___"____________.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады