Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Шығыс Қазақстан облысы үшін зертханалық жабдық беру туралы хаттармен алмасу нысанындағы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 21 ақпандағы № 147 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған 2022 жылғы 14 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Шығыс Қазақстан облысы үшін зертханалық жабдық беру туралы хаттармен алмасу нысанындағы келісім бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Ескерту. Нормативтік құқықтық
актіге қоса тіркелген
халықаралық Келісімнің мәтіні
ресми болып табылмайды.
ҚР халықаралық Келісімінің
жасасқан тілдердегі ресми
куәландырылған көшірмесін ҚР
халықаралық Келісімдерін
тіркеуге, есептеуге және
сақтауға жауапты ҚР Сыртқы
істер министрлігінен алуға
болады
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 21 ақпандағы
№ 147 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Шығыс Қазақстан облысына зертханалық жабдықтар беру туралы хаттар алмасу нысанындағы келісім

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
Ербол Шыракбайұлы
Қарашөкеевқе

      Мәртебелі Қарашөкеев мырза,

      Осымен 2017 жылғы 8 маусымда қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы зертханалық жабдықтарды ұсыну туралы келісімге сәйкес достық консультациялар жолымен Тараптар төмендегілер туралы келіскенін Қытай Халық Республикасы Үкіметінің атынан растаймын:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің сұранымына сәйкес Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысындағы cапа инспекциясы зертханасының жағдайларын жақсарту мақсатында Қытай Халық Республикасының Үкіметі сапа инспекциясы зертханасына 11,15 млн юань (сақтандыруды қоса алғанда) сомасына жабдықтар беруге келісім береді. Қытай тарапы жоғарыда көрсетілген жабдықтарды межелі орын – Өскемен қаласына дейін тасымалдауға, сондай-ақ жабдықты орнату, баптау және пайдалану бойынша нұсқау беру үшін техникалық мамандар жіберуге жауапты болады.

      2. Қазақстан тарапы зертхананың жобалау және әрлеу жұмысына жауапты болады, су, электр, желдету сияқты және т.б. жабдықтарды орнату және одан әрі пайдалану үшін қажетті жағдай жасайды, кедендік ресімдеу, қабылдау және жеткізілген жабдықтарды қоймаға сақтау мәселелерін шешеді және жоғарыда көрсетілген операциялармен байланысты шығыстарды өзі көтереді.

      3. Тараптардың осы Келісімді іске асыруға жауапты құзыретті органдары:

      Қазақстан тарапынан: Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;

      Қытай тарапынан: Қытай Халық Республикасының Коммерция министрлігі.

      Жоғарыда көрсетілген жабдықтар келгеннен кейін Тараптардың құзыретті органдары сапасын, санын, параметрлерін бірлесіп растайды және Қабылдау-тапсыру актісіне қол қояды.

      4. Жоғарыда көрсетілген жобаны іске асыру жөніндегі егжей-тегжейлі мәселелер Тараптардың құзыреті органдары арасында қосымша қол қойылған келісімшартта көзделетін болады.

      5. Қазақстан Республикасының Үкiметi жоғарыда баяндалғанмен келіскен жағдайда осы хатты және Мәртебелі мырза, Сіздің жауап хатыңызды Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы зертханалық жабдықтарды беру туралы хаттар алмасу нысанындағы келісім деп санауды ұсынамын, ол Қазақстан тарапының оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді аяқтағаны туралы хабарламаны Қытай тарапы алған күннен бастап күшіне енеді.

      Аса құрметпен,

  Қытай Халық Республикасының
Қазақстан Республикасындағы
Төтенше және Өкілетті Елшісі
Чжан Сяо

      Нұр-Сұлтан қ., 2022 жылғы "7" қыркүйек

  Қытай Халық
Республикасының Қазақстан
Республикасындағы
Төтенше және Өкілетті
Елшісі
Чжан Сяо

      Мәртебелі Чжан Сяо мырза,

      Мен Сіздің 2022 жылғы 7 қыркүйектегі № 298/2022 мынадай мазмұндағы хатыңызды алғанымды растаймын:

      "Мәртебелі Қарашөкеев мырза,

      Осымен 2017 жылғы 8 маусымда қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы зертханалық жабдықтарды ұсыну туралы келісімге сәйкес достық консультациялар жолымен Тараптар төмендегілер туралы келіскенін Қытай Халық Республикасы Үкіметінің атынан растаймын:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің сұранымына сәйкес Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысындағы cапа инспекциясы зертханасының жағдайларын жақсарту мақсатында Қытай Халық Республикасының Үкіметі сапа инспекциясы зертханасына 11,15 млн юань (сақтандыруды қоса алғанда) сомасына жабдықтар беруге келісім береді. Қытай тарапы жоғарыда көрсетілген жабдықтарды межелі орын – Өскемен қаласына дейін тасымалдауға, сондай-ақ жабдықты орнату, баптау және пайдалану бойынша нұсқау беру үшін техникалық мамандар жіберуге жауапты болады.

      2. Қазақстан тарапы зертхананың жобалау және әрлеу жұмысына жауапты болады, су, электр, желдету сияқты және т.б. жабдықтарды орнату және одан әрі пайдалану үшін қажетті жағдай жасайды, кедендік ресімдеу, қабылдау және жеткізілген жабдықтарды қоймаға сақтау мәселелерін шешеді және жоғарыда көрсетілген операциялармен байланысты шығыстарды өзі көтереді.

      3. Тараптардың осы Келісімді іске асыруға жауапты құзыретті органдары:

      Қазақстан тарапынан: Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;

      Қытай тарапынан: Қытай Халық Республикасының Коммерция министрлігі.

      Жоғарыда көрсетілген жабдықтар келгеннен кейін Тараптардың құзыретті органдары сапасын, санын, параметрлерін бірлесіп растайды және Қабылдау-тапсыру актісіне қол қояды.

      4. Жоғарыда көрсетілген жобаны іске асыру жөніндегі егжей-тегжейлі мәселелер Тараптардың құзыреті органдары арасында қосымша қол қойылған келісімшартта көзделетін болады.

      5. Қазақстан Республикасының Үкiметi жоғарыда баяндалғанмен келіскен жағдайда осы хатты және Мәртебелі мырза, Сіздің жауап хатыңызды Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы зертханалық жабдықтарды беру туралы хаттар алмасу нысанындағы келісім деп санауды ұсынамын, ол Қазақстан тарапының оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді аяқтағаны туралы хабарламаны Қытай тарапы алған күннен бастап күшіне енеді.

      Аса құрметпен,

  Қытай Халық Республикасының
Қазақстан Республикасындағы
Төтенше және Өкілетті Елшісі
Чжан Сяо

      Нұр-Сұлтан қ., 2022 жылғы "7" қыркүйек".

      Осымен Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан осы хат және Мәртебелі мырза, Сіздің хатыңыз Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы зертханалық жабдықтар беру туралы хаттар алмасу нысанындағы келісім болып табылатынын растаймын, ол оның күшіне енуі үшін қажет мемлекетішілік рәсімдерді Қазақстан тарапының аяқтағаны туралы хабарламаны Қытай тарапы алған күннен бастап күшіне енеді.

      Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Мәртебелі мырза Өзіңізге деген зор құрметімді білдіргім келеді.

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
Е. Қарашөкеев

      Нұр-Сұлтан қ., 2022 жылғы "14" қыркүйек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады