1997 жылғы 18 қарашадағы Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орны мердігерлік учаскесінің өнімін бөлу туралы түпкілікті келісімнің шеңберінде әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларға қосымша қаржы қаражатын бөлу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 256 қаулысы.

      1997 жылғы 18 қарашадағы Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орны мердігерлік учаскесінің өнімін бөлу туралы түпкілікті келісім (бұдан әрі – ӨБТК) шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің:

      1) жобалар бойынша мәміле жасасу кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамына сәйкес АҚШ долларымен қайта есептей отырып, осы қаулыға қосымшаға сәйкес Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларына ӨБТК-ге 5-қосымшаға сәйкес мердігердің 2023 – 2025 жылдар кезеңіне ӨБТК бойынша 82400000000 (сексен екі миллиард төрт жүз миллион) теңге мөлшерінде қосымша қаражат шығындарды бөлуі туралы;

      2) жоғарыда аталған шығындарды ӨБТК шарттарында көзделген өтелетін шығандарға жатқызу туралы ұсынысына келісім берілсін.

      Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағын іске асыру жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 14.08.2023 № 671 қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 28 наурыздағы
№ 256 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларының тізбесі


Жобаның атауы

2023 – 2025 жылдар барлығы

мың теңге


1

2

3


Бөрлі ауданын дамыту

21500000


Әлеуметтік жобалар

21500000


Білім беру

15750000

1.

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының Ақсай қаласында (13-шағын аудан) 575 орындық № 7 мектепті (үш ауысымдық) салу

2400000

2.

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының Ақсай қаласында (М. Ықсанов көш., 83)
400 орындық № 1 (авариялық) мектепті салу

1800000

3.

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының Ақсай қаласында Оқушылар сарайын салу

2000000

4.

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының Ақсай қаласындағы 10-шағын ауданда 1200 орындық мектеп салу

3000000

5.

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының Бөрлі ауылында 600 орындық мектеп салу

2500000

6.

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының Пугачев ауылында 300 орындық мектеп салу

1600000

7.

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Жарсуат ауылдық округінің Жарсуат ауылында 108 орындық мектеп салу

950000

8.

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Успен ауылдық округінің Жаңаталап ауылында 60 орындық мектеп салу

750000

9.

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Бумакөл ауылдық округінің Облавка ауылында 60 орындық мектеп салу

750000


Денсаулық сақтау

991700

1.

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының Бөрлі ауылында дәрігерлік амбулаторияны күрделі жөндеу

141700

2.

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласының Аралтал шағын ауданында медициналық пункт салу

150000

3.

Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында мүмкіндігі шектеулі балаларға арнаған оңалту орталығын салу

700000


Спорт

4758300

1.

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының Жарсуат ауылында спорт кешенін салу

413000

2.

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының Кеңтүбек ауылында спорт кешенін салу

400000

3.

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының Қызылтал ауылында мәдени-спорт кешенін салу

348300

4.

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының Ақсай қаласында көпфункционалды жекпе-жек сарайын салу

1997000

5.

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының Ақсай қаласында "Жастар" стадионын реконструкциялау

1600000


Жолдар

35600000

1.

"Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы" жолының 36-72 км реконструкциялау

17800000

2.

"Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы" жолының 72-108 км реконструкциялау

17800000


Батыс Қазақстан облысы бойынша медициналық желілерді жаңғырту


1.

Медициналық желілерді жаңғырту шеңберінде облыстық медициналық ұйымдарға арналған медициналық жабдықтарды сатып алу

25300000


БАРЛЫҒЫ

82400000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады