Түркістан облысы Кентау қаласының шекарасын өзгерту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 14 шiлдедегi № 579 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес жалпы ауданы 75552,0 гектар Сауран ауданының жерлерін қосу арқылы Түркістан облысы Кентау қаласының шекарасын (шегін) өзгерту туралы Түркістан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 2/13-VIІІ бірлескен шешіміне және "Түркістан облысы Кентау қаласының және Сауран ауданының шекараларын өзгерту және белгілеу туралы" Түркістан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 2 мамырдағы № 80 қаулысына келісім берілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 14 шілдедегі
№ 579 қаулысына
қосымша

Түркістан облысы Кентау қаласының шекарасына қосылатын жерлер бөлігінің экспликациясы

Р/с №

Ауданның атауы

Жалпы жер ауданы (гектар)

оның ішінде:

ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер (гектар)

елді мекендер жерлері (гектар)

өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтаждығына және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлер (гектар)

ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер (гектар)

орман қорының жерлері (гектар)

су қорының жерлері (гектар)

босалқы жерлер (гектар)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

Кентау қаласының шекарасына (шегіне) берілетін Сауран ауданы жерінің жалпы ауданы

75552,0

39693,09

607,4

335,43

34424,1

-

491,98

-


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады