"Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1165 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 13 қыркүйектегі № 788 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымындағы міндеттемелеріне байланысты мәселелер бойынша Дүниежүзілік сауда ұйымының хатшылығымен және Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшелерімен өзара іс-қимыл жасасу жөніндегі 1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісіміне Қазақстан Республикасының қосылуы туралы хаттаманы іске асыру мақсатында, сондай-ақ 1958 жылғы 20 наурызда Женевада жасалған Доңғалақты көлік құралдарына, доңғалақты көлік құралдарында орнатылуы және (немесе) пайдаланылуы мүмкін жабдықтау заттары мен бөлшектерге арналған біркелкі техникалық нұсқамаларды қабылдау туралы және осы нұсқамалар негізінде берілетін ресми бекітулерді өзара тану шарттары туралы келісімнен туындайтын халықаралық міндеттемелерді және "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентін қабылдау туралы" Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімін іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1165 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі мынадай мазмұндағы 12 және 13-тармақтармен толықтырылсын:

      "12. Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымындағы міндеттемелеріне байланысты мәселелер бойынша Дүниежүзілік сауда ұйымының хатшылығымен және Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшелерімен өзара іс-қимыл жасасу жөніндегі 1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісіміне Қазақстан Республикасының қосылуы туралы хаттамаға сәйкес сатып алынатын көрсетілетін қызметтерге:

      саудадағы техникалық кедергілер, санитариялық және фитосанитариялық шаралар жөніндегі ақпарат орталығы қызметінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және техникалық регламенттер, стандарттар мен өнімнің сәйкестігін растау рәсімдері бойынша ақпарат беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер жатады.

      13. 1958 жылғы 20 наурызда Женевада жасалған Доңғалақты көлік құралдарына, доңғалақты көлік құралдарында орнатылуы және (немесе) пайдаланылуы мүмкін жабдықтау заттары мен бөлшектерге арналған біркелкі техникалық нұсқамаларды қабылдау туралы және осы нұсқамалар негізінде берілетін ресми бекітулерді өзара тану шарттары туралы келісімге және Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімімен бекітілген "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентінің (КО ТР 018/2011) 43-тармағына сәйкес сатып алынатын көрсетілетін қызметке:

      көлік құралының типін мақұлдауды, шасси типін мақұлдауды ресімдеудің дұрыстығы мен негізділігін тексеру жөніндегі көрсетілетін қызмет жатады.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады