Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясының кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 19 желтоқсандағы № 1144 қаулысы

      2022 жылғы 20 қазандағы Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру туралы келісімге қосымша болып табылатын Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясының жарғысының 14 және 20-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1.  Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясының Директорлар кеңесіндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі ретінде Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Қалмұқаметұлы Төребаевтың кандидатурасы Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясының Басқарушылар кеңесінің қарауына жіберілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлiгi Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясы өзара iс-қимыл мәселелерi бойынша байланыс жасайтын ресми орган ретiнде белгiленсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады