Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 1154 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2023 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 1154 қаулысымен
  бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Алматы қаласы" деген бөлімде реттік нөмірлері 123-3 және 123-111-жолдар алып тасталсын.

      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне" деген бөлімде реттік нөмірлері 242-1 және 242-2-жолдар алып тасталсын.

      3. "Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің немесе әскери қызметшісінің денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің немесе әскери қызметшісінің қызметтік міндеттерін орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерінің және жақын туыстарының денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қыркүйектегі № 1213 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің немесе әскери қызметшісінің денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің немесе әскери қызметшісінің қызметтік міндеттерін орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерінің және жақын туыстарының денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды өтеу қағидаларында:

      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қызметкердің баянаты, қызметкердің отбасы мүшесінің немесе жақын туысының өтініші қызметкердің денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды, сондай-ақ қызметкердің қызметтік міндеттерін орындауына байланысты оның отбасы мүшелерінің және жақын туыстарының денсаулығы мен мүлкіне келтірілген залалды өтеу үшін негіз болады.

      5. Залалды өтеу үшін қызметкер тікелей бастығына ұлттық қауіпсіздік органының бірінші басшысының қаржы және (немесе) экономикалық қызметке жетекшілік ететін орынбасарының атына жазылған залалды өтеу туралы баянат ұсынады.

      Бұл ретте қызметкердің отбасы мүшесінің немесе жақын туысының залалды өтеу туралы өтініші ұлттық қауіпсіздік органына жіберіледі.

      Баянатқа (өтінішке) қызметкердің денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды, сондай-ақ қызметкердің қызметтік міндеттерін орындауына байланысты оның отбасы мүшесі мен жақын туысының денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды өтеу туралы сот шешімінің көшірмесі не одан соттың мөрімен куәландырылған үзінді (судьяның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сот актісінің көшірмесі не одан үзiндi) және (немесе) келтірілген залал туралы маманның (сарапшының) қорытындысы қоса беріледі.";

      7, 8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Қызметкер, қызметкердің отбасы мүшесі немесе жақын туысы осы Қағидалардың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген құжаттарды ұсынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ұлттық қауіпсіздік органының уәкілетті басшысы өтелетін залал сомасын көрсетіп, залалды өтеу туралы бұйрықты (бұдан әрі – бұйрық) бекітеді, оны қызметкер қызмет өткеріп жатқан жердегі кадр бөлімшесі дайындайды.

      8. Кадр бөлімшесі залалды өтеу туралы бұйрық шыққан күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде одан үзіндіні төлемдерді қамтамасыз ету үшін ұлттық қауіпсіздік органының қаржы бөлімшесіне жібереді.

      9. Залалды өтеу бұйрық негізінде алушының ағымдағы шотына:

      1) міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларында қаражат болған кезде – ұлттық қауіпсіздік органының қаржы бөлімшесіне бұйрық түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде;

      2) міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларында қаражат болмаған кезде – міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін аудару арқылы жүзеге асырылады.

      Залалды екі рет (мемлекеттің және кінәлі тұлғаның есебінен) өтеуге жол бермеу мақсатында кадр бөлімшесі қызметкерге, қызметкердің отбасы мүшесіне немесе жақын туысына ақшалай қаражат аударылғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде шешім шығарған судьяға залалдың мемлекет есебінен өтелгені туралы ақпарат жібереді, ал заң бөлімшесі аударылған соманы заңсыз іс-әрекетінің нәтижесінде қызметкерге, қызметкердің отбасы мүшесіне немесе жақын туысына залал келтірген тұлғадан өндіріп алу бойынша шаралар қабылдайды.".

      4. "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысында:

      көрсетілген қаулыға 19-қосымша мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "

мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін жоғарылату курстарының тыңдаушылары


0,48

0,46

      ".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады