Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2024 жылға арналған жоспары туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 1206 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2024 жылға арналған жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.

      2. Жоспардың 4 және 5-тармақтарында көзделген заң жобаларын қоспағанда, Жоспарда көзделген заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар заң жобаларын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне Жоспарда айқындалған айдың 1-күнінен кешіктірмей және Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспарда айқындалған айдың 1-күнінен кешіктірмей ұсынып тұрсын.

      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмысын үйлестіру және осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 1206 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2024 жылға арналған жоспары

Р/с

Заң жобасының атауы

Әзірлеуші мемлекеттік орган

Ұсыну мерзімі

Заң жобаларын сапалы әзірлеуге және уақтылы енгізуге жауапты тұлға

Әділетмині

Үкімет

Парламент


1

2

3

4

5

6

7

1.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Әділетмині

қаңтар

ақпан

сәуір

Б.Ш. Жақселекова

2.

Нысаналы капитал қорлары (эндаумент-қорлар) туралы

ҒЖБМ

қаңтар

ақпан

сәуір

Т.И. Ешенқұлов

3.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нысаналы капитал қорларының қызметі (эндаумент-қорлар) мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҒЖБМ

қаңтар

ақпан

сәуір

Т.И. Ешенқұлов

4.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2025 – 2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы

ҰЭМ

шілде

тамыз

тамыз

А.К. Әмрин

5.

2025 – 2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы

Қаржымині

тамыз

тамыз

тамыз

А. Бейсенбекұлы

6.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҚМА

маусым

шілде

қыркүйек

Ұ.Е. Раисов

7.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновациялық қызмет саласын мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ЦДИАӨМ

маусым

шілде

қыркүйек

Қ.А. Төлеушин

8.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нормашығармашылықты жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Әділетмині

маусым

шілде

қыркүйек

А.Қ. Мұқанова

9.

Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі

ЦДИАӨМ

маусым

шілде

қыркүйек

А.С. Жамбакин

10.

Қазақстан Республикасының цифрландыру саласындағы кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ЦДИАӨМ

маусым

шілде

қыркүйек

А.С. Жамбакин

11.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ЦДИАӨМ

маусым

шілде

қыркүйек

А.С. Жамбакин

12.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі және мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

МАМ

шілде

тамыз

қазан

А.Ә. Жүдебаев

13.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жобалық басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ЦДИАӨМ

шілде

тамыз

қазан

Қ.А. Төлеушин

14.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғарыш қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ЦДИАӨМ

шілде

тамыз

қазан

М.С. Олжабеков

15.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы ұйымдарының қызметін реттеу және қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҚНРДА

қыркүйек

қазан

желтоқсан

Н.А. Әбдірахманов

16.

Кәсіптік парасаттылыққа тестілеу туралы

CҚА

қыркүйек

қазан

желтоқсан

Ұ.С. Сарқұлов

17.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіптік парасаттылыққа тестілеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

CҚА

қыркүйек

қазан

желтоқсан

Ұ.С. Сарқұлов

18.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ӨҚМ

қыркүйек

қазан

желтоқсан

И.Ш. Шархан

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      Әділетмині – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

      ҒЖБМ – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі

      Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      ҚМА – Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі

      ҚНРДА – Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

      МАМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

      ӨҚМ – Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      СҚА – Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

      ЦДИАӨМ – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады