"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 20 наурыздағы № 213 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ережеде:

      13-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-1) еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау;";

      15-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың, халықты жұмыспен қамту, зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, міндетті әлеуметтік сақтандыру, арнаулы әлеуметтік қызметтер, әрекетке қабілетсіз, әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған азаматтарға қорғаншылық пен қамқоршылық, сондай-ақ өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны туралы заңнаманың сақталуын мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру, шетелде еңбек қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек құқықтарын қорғау бойынша ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру, еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның қызметін үйлестіру және қызметін тексеруді жүзеге асыру;";

      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен халықаралық шарттарының жобаларын әзірлеуге қатысу;";

      9) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 37-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "37-1) айлық жалақының ең төмен мөлшерін айқындау әдістемесін әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 50-1), 50-2) және 50-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "50-1) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тіркеу және есепке алуды жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      50-2) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға жазатайым оқиға туралы актіні электрондық форматта жіберу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      50-3) жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасу туралы мәліметтерді жіберу жөніндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 70-2), 70-3) және 70-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "70-2) медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларының тізілімін жүргізу қағидаларын, сондай-ақ тізілімге қосу және одан шығару негіздерін әзірлеу және бекіту;

      70-3) медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшылары жұмысының нәтижелерін бағалау қағидалары мен өлшемшарттарын әзірлеу және бекіту;

      70-4) медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларының қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын және медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшылары көрсететін қызметтерге тарифтерді әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 79-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "79-1) "Электрондық еңбек биржасы" жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасы мен "Еңбек нарығы" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арасындағы жұмыс, сүйемелдеу, қолжетімділікті ұсыну және ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 98-1) және 98-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "98-1) еңбек мобильділігі орталықтары мен мансап орталықтары жұмыскерлерінің кәсіптік құзыреттілігіне аттестаттау жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      98-2) еңбек мобильділігі орталықтары мен мансап орталықтары жұмыскерлерінің үздіксіз кәсіптік даму қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      108) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "108) Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарын іске асыруға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдардың жұмыс орындарын құруын мониторингтеуді жүзеге асыру, жұмыс орындарының құрылуы туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 146-1), 146-2) және 146-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "146-1) жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлемді жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      146-2) арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау, оны төлеуді жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      146-3) алдын алу шараларын және (немесе) оңалту шараларын жүргізуге арналған шығындарды өтеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 191-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "191-1) арнаулы жұмыс орындарын құруға берілетін субсидиялар мөлшерін айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 229-29), 229-30) және 229-31) тармақшалармен толықтырылсын:

      "229-29) әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және жүзеге асыруға өз құзыреті шегінде қатысу;

      229-30) әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      229-31) әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлкіне билік ету, шотына түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша және соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      Министрліктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

      "Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар:" деген жолдағы 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы.".

      2. Осы қаулы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы және жиырмасыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады