Байланыс формасы

Қазақстан Республикасының Атом қуаты жөнiндегi агенттiгi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 22 қыркүйектегі N 786 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 шілдедегі № 926 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 шілдедегі № 926 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы және Атом қуаты жөнiндегi агенттiгi туралы" 1992 жылғы 15 мамырдағы N 779 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Атом қуаты жөнiндегi агенттiгi Қазақстан Республикасының халық шаруашылығы салаларында атом қуатын пайдалану саласын мемлекеттiк басқару органы ретiнде Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанында жұмыс iстейтiн және оған жүктелген мiндеттер шегiнде олардың ведомстволық бағыныштылығы мен меншiк нысанына қарамастан республиканың экономикалық қатынастарындағы барлық министрлiктер, ведомстволар, кәсiпорындар мен ұйымдар және басқа субъектiлер үшiн мiндеттi шешiмдер қабылдайтын болып белгiленсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Атом қуаты жөнiндегi агенттiгiне:
      қолданылып жүрген халықаралық нормаларды ескере отырып, Қазақстан Республикасының халық шаруашылығы салаларында атом қуатын пайдаланудың мемлекеттiк саясатын жүзеге асыру;
      жобаларды мемлекеттiк сараптау, оларды атом қуаты, ядролық технология, радиоактивтiк қалдықтарды қолданудың технологиясы салаларында iске асыру жөнiндегi бағдарламалар мен шараларды үйлестiру;
      Қазақстан Республикасының атомдық-өнеркәсiптiк кешенi кәсiпорындарында жұмыстардың қауiпсiз жүргiзiлуiн қадағалау;
      Қазақстан Республикасының аумағындағы атомдық-өнеркәсiптiк кешенi объектiлерiн лицензиялау;
      ядролық материалдардың және ядролық технологиялардың экспорты мен импортына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
      республиканың мүдделi министрлiктерiмен, ведомстволарымен бiрлесiп атом қуаты мен ядролық технология саласындағы мемлекетаралық және халықаралық ғылыми-техникалық, экономикалық және хұқықтық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
      атом қуаты мен ядролық технология саласындағы Қазақстан Республикасы кәсiпорындары мен ұйымдарының тиiмдi жұмыс iстеуi үшiн қажеттi хұқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық жағдайлар туғызу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу жүктелсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Атом қуаты жөнiндегi агенттiгi құрамында Агенттiктiң Бас директорының бiрiншi орынбасары басқаратын Қазақстан Республикасының атомдық-өнеркәсiптiк кешенiнiң кәсiпорындарындағы жұмыстың қауiпсiз жүргiзiлуiн және радиоактивтiк қалдықтардың тасымалдануын қадағалау жөнiндегi Бас басқарма, сондай-ақ Агенттiктiң Бас директоры басқаратын Ғылыми-техникалық кеңес құрылсын.
      4. Қазақстан Республикасы Атом қуаты жөнiндегi агенттiгiнiң орталық аппараты қызметкерлерiнiң шектi саны 35 адам (ғимаратты күзету және қызмет көрсету қызметкерлерiнсiз) болып белгiленсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Атом қуаты жөнiндегi агенттiгiнiң қызметкерлерiне Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасында жалақыны өсiру мен реттеу туралы" 1992 жылғы 25 сәуiрдегi N 730 Жарлығын iске асыру туралы" 1992 жылғы 20 мамырдағы N 448 қаулысында көзделген еңбекке ақы төлеудiң шарттары қолданылсын (N 2 таблица).
      6. Қазақстан Республикасының Атом қуаты жөнiндегi агенттiгiнiң Бас директорына агенттiктiң құрылымы мен штат кестесiн бекiту хұқы берiлсiн.
      7. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Атом қуаты жөнiндегi агенттiгiнiң аппаратын ұстау үшiн қажеттi қаржы қарастырсын.
      8. Қазақстан Республикасының Атом қуаты жөнiндегi агенттiгiнде Бас директордың 3 орынбасары, соның iшiнде бiр бiрiншi орынбасары және құрамы 7 адамнан алқа болуға рұқсат етiлсiн.
      9. Қазақстан Республикасының Атом қуаты жөнiндегi агенттiгi Бас директорының лауазымы медицина, тұрмыс жағынан қамтамасыз ету мен көлiк қызметiн көрсету жағынан республика министрiнiң лауазымына, ал Бас директоры орынбасарларының лауазымдары республика министрлерi орынбасарларының лауазымдарына теңестiрiлсiн.
      10. Қазақстан Республикасының Атом қуаты жөнiндегi агенттiгiне қызмет бабындағы 4 жеңiл автомобильдiң лимитi белгiленсiн.
      11. Қазақстан Республикасының Ғылыми және жаңа технологиялар министрлiгi, Энергетика және отын ресурстары министрлiгi, Қорғаныс министрлiгi, Экология және биоресурстар министрлiгi, Ғылым академиясы, Атом қуаты жөнiндегi агенттiгi, Атом қуаты мен өнеркәсiбi кәсiпорындарының Қазақ мемлекеттiк корпорациясы, Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы 2 ай мерзiм iшiнде атом қуатын, ядролық технологиялар мен ядролық-физикалық әдiстердi зерттеулер жүргiзу мен пайдалануды ұйымдастыру саласындағы қызметтiң мiндеттерi мен ауқымын шектеу жөнiндегi шараларды белгiлеп, жүзеге асырсын. Республика Үкiметiнiң бұрын қабылданған шешiмдерiне өзгерiстер енгiзудi талап ететiн мәселелер жөнiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне тиiстi ұсыныстар енгiзсiн.
      12. Қазақстан Республикасының Атом қуаты жөнiндегi агенттiгi республикасының мүдделi министрлiктерiмен және ведомстволарымен келiсуi бойынша Агенттiк туралы ереженiң жобасын және Қазақстан Республикасының Атом қуаты жөнiндегi Халықаралық Агенттiкке (МАГАТЭ) кiруi жөнiнде 3 ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне ұсыныстар түсiрсiн.
      13. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Алматы қаласының әкiмiмен бiрге Қазақстан Республикасының Атом қуаты жөнiндегi агенттiгiнiң орталық аппаратын орналастыру жөнiндегi ұсынысты қарап, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне бiр ай мерзiм iшiнде түсiретiн болсын.
      14. Қазақстан Республикасының Байланыс министрлiгi тiкелей шарттар бойынша Қазақстан Республикасының Атом қуаты жөнiндегi агенттiгiн қажеттi телефон, телеграф және телефакс байланысымен қамтамасыз етсiн.
      15. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Мемэкономкомы,

 

Материалдық ресурстар министрлiгi Қазақстан Республикасының Атом қуаты

жөнiндегi агенттiгiне жиhаз, жабдықтар, мүкәммал, кеңсе тауарлары мен

қағаз сатып алуға қажеттi қаржыны 1992 жылға iздестiрiп және одан

былай бөлiп отыруды көздесiн.

     16. Республикалық валюта комитетiне Қазақстан Республикасының

Атом қуаты жөнiндегi агенттiгiнiң құзырына жататын мәселелер бойынша

халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға арналған қажеттi валюта

қаржысын қарастыру ұсынылсын.


      Қазақстан Республикасының

          Премьер-министрi





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады