Әйелді зорлағаны үшін жауапкершілікті белгілейтін заңдарды соттардың қолдану тәжірибесі туралы

Қаулы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумы 1993 жылғы 23 сәуір N 1 (Қазақстан Республикасы (Қазақ КСР) Жоғарғы Соты Пленумы қаулыларының жинағы, 1997 ж., 1 том, 100 бет). Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2007.05.11. N 4 нормативтік қаулысымен.

      Әйелді зорлағаны үшін жауапкершілікті белгілейтін заңдардың қолданылуы бойынша сот тәжірибесінде туған мәселелерге байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Пленумы

      Қаулы етеді:

      1. Зорлау деп күш жұмсап, қорқытып немесе жәбірленушінің дәрменсіздігін пайдаланып әйел жынысты адаммен жыныс қатынасын жасауды түсіну керек. Субъективтік жағынан зорлау тікелей қылмыстық ниетпен сипатталады.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006.12.25. N 12 Нормативтік қаулысымен.

      2. Күш жұмсау деп жәбірленушінің қарсылығын болдырмауға бағытталған әрекеттерді, мысалы ұрып-соғуды, тыныс алу жолдарын қысуды, аяқпен қолдарын ұстап жібермеуді, сыртқы не ішкі киімдерін жұлуды және сол сияқты әрекеттер жасауды түсіну керек.

      Зорлау, нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттерін жасау немесе оларды жасауға оқталу кезінде жәбірленушінің денсаулығына қасақана жеңіл немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіру әрекеттері ҚК 120 немесе ҚК 121-баптарының диспозициясымен қамтылады және қосымша саралауды талап етпейді.

      Денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлығы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 20 желтоқсандағы N 875/1 бұйрығымен бекітілген Сот-медициналық сараптама өндірісін ұйымдастырудың ережесіне сәйкес алынған сараптама қорытындысы негізінде анықталады.

      Зорлау немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттерін жасау барысында немесе аталған қылмыстарды жасауға оқталу кезінде не болмаса зорлап жыныстық қатынасын жасау, нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттері аяқталғаннан кейін жасалған қылмысты жасыру немесе көрсетілген қарсылық үшін кек алу мақсатында жәбірленушіге құқыққа қарсы қасақана қаза келтіруді қылмыстардың жиынтығы бойынша ҚК 96-бабы екінші бөлігінің к) тармағы және ҚК 120 немесе 121-баптарының тиісті бөліктері бойынша саралаған жөн.

      Қылмыстық процесті жүргізуші орган кінәлілердің көрсетілген әрекеттерін саралаған кезде ҚК 96-бабы екінші бөлігінің к) тармағында және басқа да тармақтарында және ҚК 120 немесе ҚК 121-баптарының тиісті бөліктерінде көзделген барлық саралау белгілерін көрсетуі тиіс

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006.12.25. N 12 Нормативтік қаулысымен.

      3. Жәбірленушілерге абайсызда қаза келтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру (оның ішінде жәбірленушілер таңдап алған қылмыстан қорғану тәсілі нәтижесінде, мысалы: биік ғимараттардан, жүріп бара жатқан көліктен немесе поездан секіру кезінде алған), ВИЧ/ЖҚТБ жұқтыру, сондай-ақ басқа да ауыр салдарлардың орын алуы, ҚК 120 немесе ҚК 121-бабының тиісінше үшінші бөлігімен қамтылады және қосымша саралауды талап етпейді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006.12.25. N 12 Нормативтік қаулысымен.

      4. Зорлау немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолданып әрекеттерін жасау барысында көрсетілген қарсылықты басып тастау мақсатында қорқыту деп кінәлінің жәбірленушіні оның өзіне немесе жақындарына күш қолданатын пиғылының шынайылығын білдіретін сөздермен немесе әрекеттермен қорқытуын түсіну керек. Қорқыту ҚК 120 және ҚК 121-баптарының диспозициясында көрсетілген зорлау, нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттерінің қажетті элементтерінің бірі болғандықтан ҚК 112-бабы бойынша қосымша саралауды талап етпейді.

      Өлтірумен, денсаулыққа ауыр зиян келтірумен, сондай-ақ тұлғаға басқа ауыр күш қолданумен немесе мүлкін өртеумен жою, жарылыс жасаумен немесе өзге де жалпыға қауіпті тәсілмен қорқыту, егер олар зорлаудан немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттерін жасаудан кейін, мысалы, жәбірленушіні қорқыту немесе орын алған жағдай жайында арызбен жүгінуге жол бермеу мақсатында жасалса және мұндай қорқытушылық орындалады деп сескенуге жеткілікті негіз болса, ҚК 112-бабы бойынша дербес саралануға, ал жасалған әрекет тұтастай көрсетілген қылмыстық нормамен және ҚК 120 немесе ҚК 121-баптарының тиісті бөлігінің жиынтығы бойынша саралануға жатады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006.12.25. N 12 Нормативтік қаулысымен.

      5. Жәбірленушінің дәрменсіздігі деген - бұл оның дене құрылысына немесе психикалық жағдайына (жастығына, дене кемтарлығына, ақылының ауысуына, басқаша ауру немесе есінен айырылу және т.с.с. жағдайларда) болуына байланысты айыпкерге қарсылық көрсету мүмкіншілігінің жоқтығы екенін, айыпкер онымен жыныс қатынасына түскенде жәбірленушінің тап сондай халде екенін сезінгенін ескеру керек.

      Жәбірленушінің жастығына байланысты (14 жасқа дейінгі) дәрменсіздігін пайдаланып зорлады деп тану - тек оның жасының қаншада екенін білгенге ғана емес, жәбірленушінің онымен істелген әрекеттердің сипаты мен келер зардаптарын түсіну және қарсылық көрсету қабілеті жөніндегі мәліметтерге негізделуге тиіс. Қажет болған реттерде жәбірленушіні куәландыру үшін психология-психиатриялық сарап тағайындау керек.

      Жас немесе кәмелетке толмаған қызды зорлау үшін жауаптылық тек айыпты адам қылмыс жасағанға дейін жәбірленушінің жасы жөнінде білсе немесе жәбірленушінің жас не кәмелетке толмағаны жөнінде болжаса ғана болуы мүмкін. Жәбірленушінің дене құрылысы оның нақты жасына сай келмеуі айыптының жәбірленушінің жасы жөнінде күні бұрын білген-білмегендігін көрсететін басқа жағдайлар жиынтығымен бірге бағалануға жатады.

      Егер жәбірленушінің мастығы оның айыптыға қарсылық көрсетуіне мүмкіндік бермейтін дәрежеде болса, жәбірленушінің мас болғанын ол дәрменсіз жағдайда болды деп тануға болады. Бұл ретте жәбірленушіні осындай жағдайға айыпты адам келтірді ме, жоқ әлде оның дәрменсіз жағдайға түсуі айыптының әрекеттерінен тыс болды ма - мұның маңызы болмайды.

      Айыпты адам жәбірленушіні дәрменсіз жағдайға келтіру үшін дәрі, есірткі, аса күшті немесе улы заттарды қолданған ретте, сарап тағайындау, мамандардан жауап алу және басқа жолмен қолданылған препараттардың қасиеті мен олардың адам жүйесіне тигізетін әсерін анықтауға шаралар қолдану қажет.

      6. Зорлау - физиологиялық мағынада жыныс қатынасы басталған сәттен бастап аяқталады деп саналады.

      Зорлауға оқталу - бұл күш жұмсау арқылы жәбірленушімен жыныс қатынасын жасауға бағытталған, бірақ көздеген нәтижеге айыптыдан тәуелсіз себептермен орындалмай қалған тікелей қастандық ниетпен жасалған әрекеттер.

      Зорлауға оқталуды басқа қылмыстардан шек қойғанда айыпкер жәбірленушімен жыныс қатынасын оның еркінен тыс жасауды мақсат қылғанын және қолданылған күш осы мақсатқа жетудің құралы болғанын анықтау қажет. Бұл жағдайлар болмаған ретте ол зорлауға оқталғандық үшін жауапқа тартылуға тиісті емес.

      Жәбірленушіні жыныс қатынасын жасауға көндіруге бағытталған әрекеттерді (дәмелену), осыған жету мақсатында алдауды, оны пайдалануды зорлау немесе оған оқталу деп саралауға болмайды.

      7. Әйелді зорлаудан өз еркімен бас тарту, тек қылмыс жасауға кіріскен адам аяқтамаған зорлауға оқталу кезінде оны ақырына дейін жеткізуге мүмкіндігі барын біле тұрып жеке басының ықтиярымен бас тартса қана мүмкін болады.

      Зорлаудан өз еркімен бас тартуға дейін жасалған қоғамға қауіпті әрекеттер (соққыға жығу, денеге жарақат салу, киімді жұлқу-жырту және т.с.с.) жағдайларға қарай қасақана денеге жарақат салу, қасақана мүлікті жою және басқа жауаптылықты көздейтін ҚК-тің баптары бойынша саралануға тиіс.

      Жыныстық қатынас жасауға физиологиялық мүмкіндігі жоқ және оны өзі білетін адам зорлауға оқталғандыққа сырттай ұқсас әрекеттер жасағаны үшін ҚК-нің 101-бабы бойынша жауапқа тартылуға тиісті емес. Оның әрекеттері нақтылы жағдайларға байланысты бұзақылық, қорлау және басқа жауаптылықты көздейтін ҚК-тің баптары бойынша саралануы мүмкін.

      8. Бірнеше адам (екеуден кем емес) жәбірленуші жөнінде бірлескен қимыл жасап онымен күш жұмсау арқылы жыныс қатынастарына түскенді бір топ адам болып жасаған зорлау деп саралауға болады. Зорлап жыныс қатынасын өздері жасамаған, бірақ жәбірленушіге күш қолдану жолымен басқалардың оны зорлауына көмектескен адамдар, топтасып зорлаудың бірге орындаушылары болып табылады. Жәбірленушімен өзі жыныс қатынасын жасамаған және жасауға оқталмаған, бірақ ақыл-кеңес берумен, жөн сілтеумен, жағдай жасаумен немесе кедергілерді жоюмен басқалардың жәбірленушіні зорлауына көмек көрсеткен қылмысқа қатысушылар қылмысқа көмектесуші болып табылады және олардың әрекеттері ҚК-тің 17-бабын қолдану арқылы саралануға тиіс.

      Бір топ адам болып жасаған зорлау деп бірнеше адам бір жәбірленушіні зорлаған ретте де, сондай-ақ күш не психикалық қорқыту айыптылардың алдын ала келісілген әрекеттерімен бірнеше әйелдерге қолданылып, содан кейін әрбіреуі жеке бір әйелмен жыныс қатынасын жасағанды да тануға жатады.

      Әйелді зорлауға бірге орындаушы болып қатысқандардың біреуі жасы қылмыстық жауаптылық белгіленген жасқа толмаған себепті немесе есі дұрыс еместіктен жауапқа тартуға жатпайтын ретте, зорлауға қатысқан екіншісінің әрекеттері бір топ болып жасалған қылмыс деп қаралуы мүмкін емес.

      9. Қылмыс субъектісіне қатысты зорлауды сипаттайтын белгілер (бұрын әйелді зорлаған адам, ерекше қауіпті рецидивист) қылмысқа қатысушылардың сондай белгілері барларына ғана қолданылады. Бұл ретте әйелді зорлағанға дейін заңды күшіне енген соттың үкімімен ерекше қауіпті рецидивист деп танылған адам ҚК-тің 101-бабының 4-бөлігімен жауапқа тартылатынын ескеру қажет.

      Ерекше қауіпті рецидивист деп танылған адамдардың сотталғандықтан арылу ерекшеліктерін ескере отырып (ҚК-тің 49-бабының 1-бөлігінің 7-тармағы) әйелді зорлаған сондай адамдардың заңмен белгіленген сотталғандықтан арылу мерзімі өткеннен соң, сот олардың сотталғандығын жою туралы мәселені шешпеген реттерде олардың әрекеттері ҚК-тің 101-бабының 4-бөлігімен саралануға жатады.

      10. ҚК 120-бабы екінші бөлігінің г) тармағында немесе ҚК 121-бабы екінші бөлігінде көрсетілген белгілері бойынша жауаптылыққа бұрын жасалған зорлау немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттері үшін сотталғандығы заңда көрсетілген тәртіппен алынбаған немесе жойылмаған, сондай-ақ соңғы зорлау немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттерін жасаған кезде уақыты бойынша бұрын жасалған зорлау немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттері үшін қылмыстық жауапқа тартудың ескіру мерзімдері өтпеген тұлғалар тартылады. Сонымен қатар, зорлауды немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттерін бірнеше рет қайталану деп тану үшін кінәлінің бұрын аяқталған қылмыс жасағандығы немесе оған оқталғандығы, сондай-ақ ол орындаушы немесе қылмыстың қатысушысы болғаны маңызды емес.

      Егер кінәлі адам болмашы уақыт аралығында белгілі бір жәбірленушілерге қатысты бірнеше жыныстық қатынас немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттерін жасау кезінде бір ниетпен әрекет етсе, қылмысты жалғаспалы деп тану қажет және мұндай жағдайда бір жәбірленушімен күш қолданып бірнеше жыныстық қатынас немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттерін жасау бірнеше рет жасалуды құрамайды.

      Жауаптылық ҚК 120 немесе ҚК 121-баптарының бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, екі немесе одан да көп зорлау немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттері жасалған кезде, бұл әрекеттер ҚК 11-бабы бесінші бөлігінің талаптарына сәйкес, ҚК 120-бабы екінші бөлігінің г) тармағы (негіздер болған кезде басқа да тиісті тармақтарымен) немесе ҚК 121-бабы бойынша саралануға жатады.

      Зорлау немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттері жасалған кезде, ал басқасында - зорлау немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттері аяқталған болса немесе бір қылмысты жасаған кезде кінәлі оны орындаушы, ал басқа қылмыстарды жасау кезінде - ұйымдастырушы, айдап салушы немесе көмектесуші болса, кінәлінің әрекеттері қылмыстардың жиынтығы бойынша саралануы тиіс.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006.12.25. N 12 Нормативтік қаулысымен.

      11. Өзінде венерологиялық ауруы немесе СПИД ауруы бар екенін білетін адам зорлап жыныс қатынасын жасаған үшін ғана емес, сонымен қатар басқа адамды осы ауруларды жұқтыру қаупін біле тұра душар еткені немесе жұқтырғаны үшін де жауаптылыққа жатады, егер оның әрекеттері ҚК-тің 101-бабының 4-бөлігімен қамтылмаса.

      12. Жас балалардың көзінше жасалған зорлау балалар айыптының істеген әрекеттерінің мағынасын ұғынатыны және жәбірленушіні зорлап жатқан кезде айыпкер олардың қатысып отырғандарын білгені анықталған реттерде ҚК-тің 103-бабымен қосымша саралануы мүмкін.

      13. Ауырлататын мән-жайлары жоқ жағдайларда әйелді зорлағаны үшін немесе оған оқталғаны үшін (101-баптың 1-бөлігі) қылмыстық іс - ҚІЖК-нің 88-бабының 1-бөлігіне сәйкес басқаша емес, тек қана жәбірленушінің шағымы бойынша қозғалады. Зорланған жәбірленуші әйелдің оқыстан қазаға ұшырауына, белгісіз жоғалуына, әрекет қабілеттігін жоғалтуына және басқа себептерге байланысты мұндай шағымның жоқтығы істі қозғаудың мүмкіндігін болғызбайды.

      Егер сол іс-әрекеттің саралауын ҚК-тің 101-бабының басқа бөліктерінен осы баптың 1-бөлігіне өзгерту қажет екендігі туралы қорытындыға келсе ол ондай шешімді тек қана істе жәбірленушінің айыптыны жауапқа тарту жөніндегі жазбаша шағымы бар болғанда немесе оның сот мәжілісіндегі сондай ауызша шағымының негізінде қабылдай алады. Жәбірленуші шағым беруден бас тартса соттың ұйғаруымен іс қысқартылады.

      14. Осы категориядағы істердің ерекшелігін ескере отырып, төрағалық етуші істің барлық жағдайларын анықтау жәбірленушінің ар-намысы мен абыройына кір келтірмейтін әдепті түрде жүргізілуіне шаралар қолдануға міндетті.

      ҚІЖК-нің 12-бабына сәйкес жыныс қатынастарынан туатын қылмыстар жөніндегі істерді жабық сот мәжілісінде қарау тәртіптеуші немесе сот мәжілісінде шығарған соттың дәлелденген ұйғаруы бойынша жүзеге асырылады. 16 жасқа дейінгі іс бойынша куәлар олардан жауап алынғаннан кейін сот залынан шығарылуға тиіс.

      15. Қазақ КСР Жоғарғы Соты Пленумының 1970-жылғы 22-қыркүйектегі N 8 "Қазақ КСР соттарының КСРО Жоғарғы Соты Пленумының 1964-жылғы 25-наурыздағы N 2 "Зорлау жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы" және 1974-жылғы 20-желтоқсандағы N 8 "Зорлау жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы" қаулыларын орындау туралы" қаулысының күші жойылған деп танылсын.

      КСРО Жоғарғы Соты Пленумының 1984-жылғы 26-сәуірде N 7 қаулысымен өзгерістер енгізілген 1964-жылғы 25-наурыздағы N 2 "Зорлау жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы" қаулысы қолданылуға жатпайды деп танылсын.

О практике применения судами законодательства, регламентирующего ответственность за изнасилование

Постановление Пленума Верховного Суда Республики Казахстан от 23 апреля 1993 г. N 1. Утратило силу - нормативным постановлением Верховного Суда Республики Казахстан от 11 мая 2007 года N 4

       Сноска. Постановление Пленума Верховного Суда Республики Казахстан от 23 апреля 1993 г. N 1 утратило силу - нормативным постановлением Верховного Суда Республики Казахстан от 11 мая 2007 года  N 4 .

      В связи с возникшими в судебной практике вопросами по применению законодательства, регламентирующего ответственность за изнасилование, Пленум Верховного Суда Республики Казахстан 
      ПОСТАНОВЛЯЕТ: 
      1. Под изнасилованием следует понимать половое сношение с лицом женского пола, совершенное с применением физического насилия, угроз с использованием беспомощного состояния потерпевшей. С субъективной стороны изнасилование характеризуется прямым умыслом.
       Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными   нормативным постановлением Верховного Суда РК от 25 декабря 2006 года  N 12 .
      2. Под физическим насилием надлежит понимать совершение таких действий, которые направлены на преодоление сопротивления потерпевшей, например, нанесение ударов,сдавливание дыхательных путей, удержание рук и ног, срывание одежды и т.п. 
      Умышленное причинение потерпевшим при изнасиловании, совершении насильственных действий сексуального характера, либо при покушении на их совершение, легкого или средней тяжести вреда здоровью охватывается диспозицией статей 120 УК или 121 УК и дополнительной квалификации не требует.
      Тяжесть причиненного вреда здоровью устанавливается на основании экспертного заключения, полученного в соответствии с Правилами организации производства судебно-медицинской экспертизы утвержденными  приказом  Министра здравоохранения Республики Казахстан от 20 декабря 2004 года N 875/1.
      Противоправное умышленное причинение смерти потерпевшей (потерпевшему) в процессе изнасилования либо при совершении насильственных действий сексуального характера или покушения на совершение указанных преступлений или после окончания насильственного полового акта, насильственных действий сексуального характера, совершенное с целью сокрытия содеянного, либо по мотивам мести за оказанное сопротивление, следует квалифицировать по пункту к) части второй статьи 96 УК и соответствующей части статьи  120  УК или  121  УК.
      Квалифицируя указанные действия виновных, орган, ведущий уголовный процесс, должен указать все установленные квалифицирующие признаки, предусмотренные как пунктом к), так и другими пунктами части второй статьи 96 УК, и соответствующими частями статей 120 УК или 121 УК.
       Сноска. Пункт 2 с изменениями, внесенными   нормативным постановлением Верховного Суда РК от 25 декабря 2006 года  N 12 .
      3. Причинение по неосторожности смерти потерпевшим, тяжкого вреда здоровью, (в том числе и полученного потерпевшим в результате избранного им способа защиты от преступления, например, при выпрыгивании из высотного здания, движущегося автомобиля, поезда) заражение ВИЧ/СПИД, а также наступление иных тяжких последствий охватывается частью третьей соответственно статьи 120 УК или 121 УК и дополнительной квалификации не требует.
       Сноска. Пункт 3 в редакции   нормативного постановления Верховного Суда РК от 25 декабря 2006 года  N 12 .
      4. Под угрозой, применяемой в целях подавления сопротивления при изнасиловании либо при совершении насильственных действий сексуального характера, следует понимать запугивание потерпевших такими действиями или высказываниями, которыми выражается реальное намерение виновного применить физическое насилие к самим потерпевшим или к их близким. Поскольку угроза является одним из необходимых элементов изнасилования, насильственных действий сексуального характера, указанных в диспозициях статей 120 УК и 121 УК, то дополнительной квалификации действий виновного по статье  112  УК не требуется.
      Угроза убийством, причинением тяжкого вреда здоровью, а равно иным тяжким насилием над личностью либо уничтожением имущества путем поджога, взрыва или иного общеопасного способа, выраженная после совершения изнасилования либо насильственных действий сексуального характера с целью, например, запугивания потерпевших и воспрепятствования им таким образом обратиться с заявлением о случившемся, при наличии достаточных оснований опасаться приведения этой угрозы в исполнение, подлежит квалификации самостоятельно по статье 112 УК, а в целом содеянное - по совокупности указанной нормы и соответствующей части статьи 120 УК или 121 УК.
       Сноска. Пункт 4 в редакции   нормативного постановления Верховного Суда РК от 25 декабря 2006 года  N 12 .
      5. Следует иметь в виду,что беспомощное состояние потерпевшей - это отсутствие у нее в силу своего физического или психического состояния возможности оказать сопротивление виновному (малолетний возраст, физические недостатки, расстройство душевной деятельности, иное болезненное либо бессознательное состояние и т.п.), который, вступая в половое сношение, сознавал, что потерпевшая находится в таком состоянии. 
      Признание изнасилования совершенным с использованием беспомощного состояния потерпевшей ввиду малолетнего возраста (до достижения 14 лет) должно основываться не только на осведомленности о ее возрасте, но и данных о способности потерпевшей осознавать характер и возможные последствия совершаемых с ней действий и оказывать сопротивление. В необходимых случаях для освидетельствования потерпевшей следует назначать психолого-психиатрическую экспертизу. 
      Ответственность за изнасилование малолетней или несовершеннолетней может иметь место лишь в случаях, когда виновный до совершения преступления был осведомлен о возрасте потерпевшей, либо допускал, что потерпевшая малолетняя или несовершеннолетняя. Несоответствие физического развития потерпевшей ее фактическому возрасту подлежит оценке в совокупности с другими обстоятельствами, указывающими на осведомленность виновного о возрасте потерпевшей. 
       Нахождение потерпевшей в состоянии опьянения может быть признано ее беспомощным состоянием, если степень опьянения была такова, что лишала возможности оказать сопротивление виновному. 
      При этом не имеет значения, привел ли виновный потерпевшую в такое состояние или же наступление ее беспомощного состояния не зависело от его действий. 
      При применении виновным для приведения в беспомощное состояние потерпевшей лекарств, наркотиков, сильнодействующих или ядовитых веществ необходимо принимать меры к выяснению свойств примененных препаратов и характера их воздействия на организм человека путем назначения экспертизы, допроса специалистов и др. 
      6. Изнасилование считается оконченным с момента начала полового акта в физиологическом смысле. 
     Покушение на изнасилование - это действия, совершаемые с прямым умыслом, направленные на насильственное половое сношение с потерпевшей, но не приведшее к желаемому результату по независящим от виновного причинам. 
     При отграничении покушения на изнасилование от других преступлений следует устанавливать, действовал ли виновный с целью совершить половой акт помимо воли потерпевшей и являлось ли применение насилия средством для достижения этой цели. При отсутствии этих обстоятельств он не может нести ответственности за покушение на изнасилование. 
      Не могут квалифицироваться как изнасилование или покушение на него действия, направленные на склонение потерпевшей к совершению полового акта (домогательство), использование обмана с той же целью. 
      7. Добровольный отказ может иметь место только по личной воле в стадии незаконченного покушения на изнасилование, когда лицо,приступившее к совершению преступления, сознает возможность его доведения до конца. 
      Общественно опасные действия (нанесение побоев, причинение телесных повреждений, срывание одежды и ее повреждение и т.п.), совершенные до добровольного отказа от изнасилования, следует квалифицировать в зависимости от обстоятельств по статьям УК, предусматривающим ответственность за умышленное причинение телесных повреждений, умышленное уничтожение имущества и др. 
      Лицо, не обладающее физиологической возможностью совершить акт и знающее об этом, за совершение действий, внешне напоминающих покушение на изнасилование, не может нести отвественность по ст. 101 УК. Его действия в зависимости от конкретных обстоятельств могут быть квалифицированы по статьям УК, предусматривающим ответственность за хулиганство, оскорбление и др. 
      8. Квалификация изнасилования, как совершенного группой лиц, может иметь место тогда, когда лица (не менее двух), действуя согласованно в отношении потерпевшей, совершили с ней насильственные половые акты. Лица, лично не совершавшие насильственного полового акта, но путем применения насилия к потерпевшей содействовавшие другим в ее изнасиловании, являются также соисполнителями группового изнасилования. Иные соучастники, лично не совершавшие и не пытавшиеся совершить акт с потерпевшей, но содействовавшие ее изнасилованию другими лицами советами, указаниями, предоставлением условий или устранением препятствий, являются пособниками и их действия должны квалифицироваться с применением ст. 17 УК. 
      Изнасилование следует признавать совершенным группой лиц как в тех случаях, когда несколькими лицами совершается изнасилование одной потерпевшей, так и тогда, когда физическое или психическое насилие применяется согласованными действиями виновных в отношении нескольких женщин, после которого каждый совершает половой акт с одной из них. 
      В случае, когда один из соисполнителей изнасилования не может быть привлечен к ответственности ввиду недостижения возраста, с которого установлена уголовная отвественность, либо ввиду невменяемости, действия другого участника изнасилования не могут рассматриваться как совершенные в группе. 
      9. Квалифицирующие признаки изнасилования, относящиеся к субъекту преступления (лицо, ранее совершившее изнасилование, особо опасный рецидивист), применяется лишь к тем соучастникам преступления, которые ими обладают. При этом необходимо учитывать, что ответственность по ч. 4 ст. 101 УК может нести лицо, которое до совершения изнасилования признано особо опасным рецидивистом по приговору суда, вступившему в законную силу. 
      Принимая во внимание особенности погашения судимости лиц, признанных особо опасными рецидивистами (п. 7 ч. 1 ст. 49 УК), по ч. 4 ст. 101 УК надлежит квалифицировать действия таких лиц, совершивших изнасилование, и тогда, когда по истечении установленного законом срока для погашения судимости судом не был решен вопрос о снятии с них судимости. 
      10. По признаку, указанному в пункте г) части второй статьи 120 УК или части второй статьи 121 УК, подлежат ответственности лица, у которых судимости за ранее совершенные изнасилование либо насильственные действия сексуального характера в установленном законом порядке не сняты или не погашены, а также если к моменту совершения последнего по времени изнасилования либо насильственного действия сексуального характера не истекли сроки давности привлечения к уголовной ответственности за ранее совершенное изнасилование либо насильственное действие сексуального характера. При этом для признания изнасилования либо насильственного действия сексуального характера неоднократным не имеет значения, совершал ли ранее виновный оконченное преступление или же покушение на него, был ли он исполнителем или же соучастником преступления.
      Если при совершении через незначительные промежутки времени в отношении одних и тех же потерпевших нескольких половых актов либо насильственных действий сексуального характера виновный действовал с единым умыслом, преступление следует рассматривать как продолжаемое, и в этом случае совершение нескольких насильственных половых актов либо насильственных действий сексуального характера с одной потерпевшей (потерпевшим) неоднократности не образует.
      При совершении двух и более изнасилований либо насильственных действий сексуального характера, ответственность за которые предусмотрена частями первой и второй статьи 120 УК или 121 УК, эти деяния в соответствии с требованиями части пятой  статьи 11  УК подлежат квалификации по пункту г) (при наличии оснований и по другим соответствующим пунктам) части второй статьи 120 УК или 121 УК.
      При совершении в одном случае покушения на изнасилование либо на совершение насильственных действий сексуального характера, а в другом - оконченного изнасилования либо насильственного действия сексуального характера, либо когда при совершении одного преступления виновный был его исполнителем, а при совершении других - организатором, подстрекателем или пособником, действия виновного должны квалифицироваться по совокупности преступлений.
       Сноска. Пункт 10 в редакции   нормативного постановления Верховного Суда РК от 25 декабря 2006 года  N 12 .
      11. Лицо,знавшее о наличии венерического заболевания или заболевания СПИД, подлежит ответственности не только за совершение насильственного полового акта, но и за заведомое поставление другого лица в опасность заражения или за заражение этими заболеваниями, если его действия не охватываются ч. 4 ст. 101 УК. 
      12. Совершение изнасилования в присутствии малолетних может дополнительно квалифицироваться и по ст. 103 УК в случаях, когда установлено, что малолетние сознавали характер совершаемых виновным действий и виновный был осведомлен об их присутствии в момент совершения изнасилования потерпевшей. 
      13. Уголовное дело за изнасилование без отягчающих обстоятельств или покушение на него (ч. 1 ст. 101) в соответствии с ч. 1 ст. 88 УПК возбуждается не иначе как по заявлению потерпевшей. Отсутствие такого заявления вследствие случайной гибели потерпевшей, ее безвестного отсутствия, утраты дееспособности и по другим причинам исключает возможность возбуждения дела. 
     Если суд придет к выводу о необходимости изменения квалификации деяния с других частей ст. 101 УК на ч. 1 этой же статьи, он может принять такое решение только при наличии в деле письменного заявления потерпевшей о привлечении виновного к ответственности либо на основе ее аналогичного устного заявления в судебном заседании. При отказе потерпевшей подать заявление определением суда производство по делу прекращается. 
      14. Учитывая специфику дел данной категории,председательствующий 

 

обязан принять меры к тому, чтобы выяснение всех  обстоятельств дела 

происходило в тактичной форме, исключающей унижение чести и достоинства 

потерпевшей. 

     В соответствии со ст. 12 УПК рассмотрение дел о половых преступлениях 

в закрытом судебном заседании осуществляется по мотивированному определению

суда, вынесенному в распорядительном или судебном заседании.Свидетели по 

делу моложе 16 лет после их допроса подлежат удалению из зала суда.

     15. Признать утратившими силу постановления Пленума Верховного

Суда Казахской ССР от 22 сентября 1970 года N 8 "О выполнении судами

Казахской ССР постановления Пленума Верховного Суда СССР от 25 марта

1964 года N 2 "О судебной практике по делам об изнасиловании" и от

20 декабря 1974 года N 8 "О судебной практике по делам об

изнасиловании". 

     Признать недействующим постановление Пленума Верховного Суда СССР от 

25 марта 1964 года N 2 "О судебной практике по делам об изнасиловании" с 

изменениями, внесенными в него постановлением Пленума от 26 апреля 1984 года 

N 7.

     

     

     

     

(специалист Р.Жантасова

     23.11.98 г.)