Алматы мемлекеттiк театр және көркем сурет институтын қазақ мемлекеттiк театр және кино институты етiп қайта құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 20 мамыр 1993 ж. N 414

      Театр мен киноның аса зәру жаңа мамандықтары бойынша бiлiктiлiгi жоғары мамандар даярлау, жоғары оқу орындары жүйесiн ретке келтiру мақсатымен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Т. Жүргенов атындағы Алматы мемлекеттiк театр және көркем сурет институты Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттiк театр және кино институты болып қайта құрылсын. 1993 жылдан бастап осы жоғары оқу орнында көркем сурет мамандықтарына қабылдау тоқтатылсын.
      2. Аталған жоғары оқу орнын қайта құру Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгiне 1993 жылға белгiленген қаржылық және материалдық ресурстар, оқытушылар құрамының штат саны және басқа да нормативтер шегiнде жүзеге асырылсын.
      3. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi жоғары оқу орнының құрылымын айқындасын, жаңа мамандықтар ашуды қамтамасыз етсiн және материалдық-техникалық базасын нығайтуға, оны оқытушы кадрлармен толықтыруға көмек көрсетсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi және Мәдениет министрлiгi 1994 жылға және одан кейiнгi жылдарға арналған экономикалық және әлеуметтiк даму жоспарларын жасаған кезде жоғары оқу орнының материалдық-техникалық жабдықталуын нығайту және республиканың жоғары оқу орындарына тиесiлi нормаларға сәйкес, оның кадрлар әлеуетiн дамыту жөнiндегi нақтылы шараларды көздесiн.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады