Қазақстан Республикасының экологиялық аудандарға бөлiнуiн реттеу жөнiндегi шұғыл шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 29 маусым 1993 ж. N 548. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 27 шілдедегі N 781 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының айналадағы орта тiршiлiкке қолайсыз болып келетiн аймақтарының ғылыми негiзделген шекараларын айқындау, экологиялық жағдайы қысылтаяң аудандардағы табиғи ресурстарды қалпына келтiру және оларда тұратын халыққа арналған қорғау-оңалту шараларын жүзеге асыру жөнiндегi мемлекеттiк шараларды түзудi қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясымен, Қазақ ауыл шаруашылық ғылымы академиясымен, мүдделi министрлiктермен, ведомстволармен және ұйымдармен, облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерiмен бiрлесiп әзiрленген республика аумағын экологиялық аудандарға бөлу бағдарламасының жобасын Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қарауына 1995 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi мерзiмде енгiзсiн. 
      2. Экологиялық аудандарға бөлу жөнiндегi жұмыстарды қаржыландыру Республикалық қоршаған ортаны қорғау қоры қаражатының есебiнен жүзеге асырылады деп белгiленсiн.<*> 
       ЕСКЕРТУ. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1998.05.14. N 434   қаулысымен .
      3. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясымен, Қазақ ауыл шаруашылық ғылымы академиясымен, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiмен, Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен, Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Гидрометеорология жөнiндегi Бас басқармамен бiрлесiп: 
      1993 жылдың IV тоқсанында 2000 жылғы кезеңге дейiн тозығы жеткен аумақтарды қоса республиканың аудандары бойынша айналадағы табиғи ортаға түсетiн антропогендiк ауыртпалықтың жол беруге болатын өлшемдерiн белгiленген тәртiппен әзiрлеп бекiтсiн; 
      табиғи ортаның мониторингтiк және диагностикалық ахуалының бiрыңғай ұйымдық-техникалық жүйесiн қалыптастыруды, табиғат қорғау құрылыстарын салуды және қайта жаңартуды, табиғатты қалпына келтiрудiң кешендi шараларын жүзеге асыруды ескере отырып, табиғатты ұтымды пайдаланудың, Ұлттық бағдарламасының құрамдас бөлiгi ретiндегi республика аумағын экологиялық оңалтудың ғылыми негiзделген мемлекеттiк бағдарламасының жобасын 1994 жылдың II тоқсанында Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қарауына енгiзсiн. 
      4. Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерiне тиiстi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп, жергiлiктi бюджет қаражатының есебiнен экологиялық жағдайдың ушығуына байланысты ведомстволық бағыныстағы аумақтың жекелеген аудандары үшiн әлеуметтiк жеңiлдiктер мен өтемдердiң нормаларын белгiлеу ұсынылсын.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады