Республикадағы экономикалық ахуал және ТМД-ға қатысушы-елдермен кредит-ақша қатынастары жөнiндегi республикалық кеңестiң мәселелерi

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 29 маусым 1993 ж. N 550

      Республикадағы экономикалық ахуал мәселелерi жөнiндегi республикалық кеңестiң ұсыныстары мен кеңестерiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң берген тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлiгi, Экономика министрлiгi, Энергетика және отын ресурстары министрлiгi "Қазконтракт" АҚ-ның және басқа да мүдделi ұйымдардың қатысуымен отандық тауар өндiрушiлердi республикада өндiрiлетiн шикiзатпен, тауарлармен және қызметпен басымдықпен қамтамасыз етудi ескерiп, екi апта мерзiмде республиканың iшiндегi шаруашылық байланыстарды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Өнеркәсiп министрлiгi, "Қазконтракт" АҚ-ы мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесiп, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне елдiң импортқа тәуелдiлiгiн қысқарту, сондай-ақ импорт шикiзатын пайдаланатын тиiмсiз кәсiпорындарды жабу жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi экономика министрлiгiмен, Қаржы министрлiгiмен, Сыртқы iстер министрлiгiмен және Әдiлет министрлiгiмен сомдық аймақтағы елдермен ұлттық банктердегi 1992 жылғы және 1993 жылдың қаңтар-мамырындағы корреспонденттiк шоттардың нәтижелерi бойынша шоттарды тексеру мен реттеудi және мемлекетаралық тиiстi келiсiмдер әзiрлеудi кедергiсiз жүзеге асыратындығы ескерiлсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Өнеркәсiп министрлiгi, Энергетика және отын ресурстары министрлiгi, Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Көлiк министрлiгi, "Қазконтракт" АҚ-ы мүдделi ұйымдардың қатысуымен бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне Орта Азия мемлекеттерiмен сауда-экономикалық байланыстарды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi Энергетика және отын ресурстары министрлiгiнiң, жергiлiктi әкiмшiлiктердiң қатысуымен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне Экономикалық өзгерiстер қорының қаражатын пайдалануды қайта қарау жөнiнде оны елдiң отын-энергетика жағынан тәуелсiздiгiн қамтамасыз етуге әрi республика экономикасының басқа мемлекеттерге тәуелдiлiгiн азайтуға барынша пайдалануды ескере отырып, ұсыныстар енгiзсiн.
      6. Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi Экономика министрлiгiмен бiрлесiп, стратегиялық шикiзат ресурстарының экспортына мемлекеттiк монополия орнату жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.
      7. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi, Ұлттық банкi министрлiктер мен ведомстволардың қатысуымен Үкiметтiң Сомдық аймаққа қатысушы мемлекеттердiң кәсiпорындары арасында есеп айырысудың жаңа тәртiбi енгiзiлуiне байланысты төтенше жағдайлардағы iс қимылының Бағдарламасын әзiрлеп, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң бекiтуiне енгiзсiн.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады