Халық тұтынатын тауарлар өндiрудi ұлғайту және ақылы қызметтi кеңейту жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 30 маусым 1993ж. N 553

      Халық тұтынатын тауарлар өндiрiсiн ұлғайту және олармен тұтыну нарығын молықтыру, арқылы қызмет көлемiн кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi; Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары, мемлекеттiк концерндерi, корпорациялары, компаниялары, басқа да шаруашылық жүргiзушi субъектiлер Дағдарысқа қарсы шұғыл шаралар және әлеуметтiк-экономикалық реформаларды тереңдету бағдарламасы (экономикалық тұрақтандыру мен нарыққа көшу кезеңiнде) iсiндегi аса маңызды мiндеттердiң бiрi - халық тұтынатын тауарлар өндiрiсiн арттыру мен халыққа қызмет көрсетудi кеңейту деп санайтын болсын.
      Тамақ өнiмдерiн, киiм-кешек, аяқ киiм және басқа да тұтыну тауарларын шығаруды тұрақтандыру мен ұлғайту жөнiнде нақтылы шаралар белгiлесiн.
      2. Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерiне халық тұтынатын тауарлар өндiру мен оларды бөлшек саудаға берiп тұру (N 1 қосымша) және халыққа ақылы қызмет көрсету (N 2 қосымша) жөнiнде тапсырма белгiленсiн.
      3. Министрлiктердiң, мемлекеттiк концерндердiң, бiрлестiктер мен компаниялардың 1993 жылы азық-түлiк емес тауарларды өндiру мен республика сауда ұйымдарына берiп тұру көлемдерi жөнiндегi ұсыныстары N 3 қосымшаға сәйкес қабылдансын.
      4. Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi, Қазақстан Республикасының халық тұтынатын тауарлар өндiретiн министрлiктерi, ведомстволары мемлекеттiк концерндерi мен бiрлестiктерi бiр ай мерзiм iшiнде сауда ұйымдарымен және кәсiпорындармен осы қаулының 2 және 3 тармақтарында белгiленген көлемдерге сәйкес оларға тауарлар берiп тұру жөнiнде келiсiм жасауды қамтамасыз етсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiнен өнiм өндiрушi кәсiпорындарға айналым қаржыларын толықтыру үшiн бөлiнген әр сомға шаққанда халық тұтынатын тауарлар өндiрудi екi есе ұлғайту кепiлдiгiмен мақсатты несие ресурстарын бiрiншi кезекте бөлудi ескеру сұралсын.
      6. Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi министрлiктерi, ведомстволары, мемлекеттiк концерндерi мен ұйымдары Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "1993 жылы инвестициялық қор қаржыларын пайдалану туралы" 1993 жылғы 10 ақпанындағы N 95 қаулысында көзделген халық тұтынатын тауарлар өндiру жөнiндегi объектiлердi салу барысын және оларды дер кезiнде iске қосуды ерекше бақылауға алсын.
      Есеп берiлген айдан кейiнгi айдың 10-күнi Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiн осы объектiлердi салу барысы туралы тоқсан сайын хабардар етiп отырсын.
      7. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi мүдделi министрлiктермен, ведомстволармен, жергiлiктi әкiмдермен бiрлесе отырып, Инвестиция қорының қаржыларына анықтау мен қайта бөлу жөнiндегi ұсыныстарды даярлау кезiнде кәсiпорындардың аталған жылда дайын өнiм беру кепiлдiгi бойынша халық тұтынатын тауарлар өндiрiсiн дамытуға осы қордан қайтарым негiзiнде қосымша қаржы мүмкiндiгiн қарастырсын.
      8. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi мүдделi министрлiктермен, ведомстволармен және жергiлiктi әкiмшiлiктермен бiрлесе отырып, үкiмет кепiлдiгi бойынша шетел кредиттерiн тарту үшiн дүниежүзiлiк нарықта бәсекеге түсе алатын халық тұтынатын тауарларды қысқа мерзiмде шығаруды қамтамасыз ететiн жобаларды пысықтап, оларды конкурс негiзiнде iрiктеп алуды жүзеге асырсын. Бұларды Министрлер Кабинетiнiң бекiтуiне үстiмiздегi жылдың 25 тамызына дейiн ұсынатын болсын.
      9. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi, Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, жергiлiктi әкiмдер монополист-кәсiпорындардың еркiн (нарықтық) бағалар бойынша сатылатын бағаларына мемлекеттiк реттеу тұрғысында бақылау жасауды күшейтсiн, бағаны ресми мәлiмдеуден жалтарған кәсiпорындарға бақылауды және оларға айып салу тәртiбiн қатайта түссiн.
      10. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiне ТМД елдерiнiң кәсiпорындары мен банкiлерi арасындағы көпшiлiк қолды тауарларды өндiруге және олармен нарықты молықтыруға арналған шикiзаттарды, қосалқы материалдарды төлеуге кететiн есеп айырысулар жөнiндегi ақша қаржыларының жылжуын жеделдетуге бақылау ұсынылсын.
      11. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi, Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi, Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi белгiленген тәртiп бойынша Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесiнiң қарауына Әкiмшiлiк құқық бұзу кодексiне (169, 170 және 205 баптар) лицензиялық нормалар мен ережелердi, Қазақстан Республикасының шегiнен тыс, белгiленген мөлшерден артық шикiзат, азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларын алып шығу немесе жөнелту тәртiбiн бұзғаны үшiн айып салу шараларын қатаңдатуды көздейтiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi ұсынсын.
      (12-тармақ) <*> .
      Ескерту. 12 тармақтың күшi жойылған - Қ.Р.К.М. 1994 ж.
               26 сәуiрдегi N 435 қаулысымен.
      13. Жергiлiктi әкiмдер Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiрлесе отырып, үстiмiздегi жылдың үшiншi тоқсаны iшiнде халық тұтынатын тауарлар әкелетiн және оны сататын мемлекеттiк емес құрылымдардың барлық субъектiлерiн түгендеу мен қайта тiркеудi жүзеге асырсын.
      14. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiмен бiрлесе отырып, халық тұтынатын тауарлар өндiруге арналған шикiзаттар мен материалдарды импорт бойынша сатып алу үшiн:
      "Қазтамақөнеркәсiп" мемлекеттiк-кооперативтiк бiрлестiгiне - 100 миллион долларға;
      "Легинвест" акционерлiк-инвестициялық компаниясына - 50 миллион долларға;
      "Қазжиhазағашөнеркәсiп" концернiне - 2,5 миллион долларға сомдай қаржыларын еркiн айналысқа қосуды қамтамасыз етсiн.
      15. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Экономика

министрлiгi 1993 жылдың 20 шiлдесiне дейiн Үкiметке салық
жеңiлдiктерiн, оның iшiнде баж салығы жөнiндегi жеңiлдiктердi
тоқтату туралы ұсыныс енгiзсiн.
     16. Қазақстан Республикасының Статистика және талдау 
жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Экономика
министрлiгiмен және Қаржы министрлiгiмен келiсе отырып, осы 
қаулыда көзделген тапсырмалардың орындалу барысы туралы 
статистикалық ақпарат берудiң тәртiбi мен көрсеткiштерiн 
анықтасын.
     
     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                      1993 жылғы 30 маусымдағы 
                                          N 553 қаулысына
                                           N 1 қосымша
     
            Облыстық, Алматы әкiмшiлiктерiне 1993 жылы
            азық-түлiк емес тауарлар өндiру мен оларды
            бөлшек саудаға берiп тұру жөнiнде 
                        ТАПСЫРМА
                         (Кесте) 
                                        Қазақстан Республикасы
                                        Министрлер Кабинетiнiң
                                       1993 жылғы 30 маусымдағы
                                           N 553 қаулысына
                                             N 2 қосымша 
     
            Облыстық, Алматы және Ленинск қалалық әкiмшiлiктерге
            1993 жылы халыққа ақылы қызмет көрсету жөнiнде
                             ТАПСЫРМА
                             (Кесте)
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                       1993 жылғы 30 маусымдағы
                                           N 553 қаулысына
                                            N 3 қосымша
 
            1993 жылы халық тұтынатын азық-түлiк
         тауарларын өндiру және оларды Республиканың  
                сауда орындарына берiп тұру
                          КӨЛЕМI
                         (Кесте)
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады