Республикалық "Қаржы-қаражат" баспасын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 30 маусым 1993 ж. N 554

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң республикалық "Қаржы-қаражат" баспасын құру туралы ұсынысы қабылдансын.
      "Қаржы-қаражат" баспасы қаржы, статистика, несие, ақша айналымы, бухгалтерлiк есеп, бағалы қағаздар жөнiндегi әдебиет, экономикалық жоғары оқу орындары, орта арнаулы оқу орындары үшiн оқулықтар, анықтамалықтар және жарнама материалдарын шығарады деп белгiленсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгi баспа үшiн мемлекеттiң мұқтажы есебiнен орталықтанған тәртiппен қағаз қорының қажеттi көлемi мен түр-түрiн, сондай-ақ полиграфиялық материалдар бөлудi көздейтiн болсын.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Экономика министрлiгi, Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiмен бiрлесiп және Қазақстан Республикасы Ұлттық академиясының тиiстi ғылыми-зерттеу институттарының, сондай-ақ жоғары оқу орындарының қатысуымен баспа шығаратын әдебиеттiң болмысы жөнiндегi проблемаларды талдап жасауына тұрақты әдiстемелiк көмек көрсетiп отыратын болсын.
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi қысқа мерзiмде баспаның жұмыс көлемi мен өндiрiстiк қызметiне сай келетiн қажеттi қызмет және өндiрiс үйлерiн бөлетiн болсын.
      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгiмен бiрлесiп баспаны қажеттi полиграфия базасымен, қазiргi отандық және шетелдiк техникамен қамтамасыз ететiн болсын.
      6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне "Қаржы-қаражат" баспасын қаржыландыру үшiн Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң резервтiк қоры есебiнен 100 млн. сом бөлiнсiн.
      7. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бiр ай мерзiм iшiнде "Қаржы-қаражат" баспасы туралы Ереженi бекiтсiн.
     Қазақстан Республикасының  
         Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады