Қазақстан Республикасының Германия Федеративтiк Республикасындағы елшiлiгiнiң мәселелерi

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 30 шiлде 1993 ж. N 648

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Германия Федеративтiк Республикасында Қазақстан Республикасының Елшiлiгiн ашу туралы" 1993 жылғы 9 қаңтардағы N 1054 U931054_ Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Елшiлiгiнiң штат саны жылдық жалақы қоры 404055 АҚШ доллары сомасында жылдық жалақы қоры бар 25,5 адам мөлшерiнде. <*>
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда берiлген - ҚРМК-нiң
               13.04.1994 ж. N 384 қаулысына сәйкес.
      2. Қазақстан Республикасының Германия Федеративтiк Республикасындағы Елшiсiнiң лауазымдық жалақысы 2050 АҚШ доллары мөлшерiнде белгiленсiн.
      Елшiлiк қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақысы штат кестесiне сәйкес ГФР-дегi Қазақстан Республикасы Елшiсiнiң шетел валютасымен есептелетiн жалақысына қарай белгiленсiн.
      3. Германия Федеративтiк Республикасымен қатынастардың ерекше маңыздылығын, күрделiлiгiн және жұмыс көлемiнiң көптiгiн ескере отырып, Қазақстан Республикасы Елшiсiнiң жалақысына оның шетел валютасымен есептелетiн жалақысының 20 процентi мөлшерiнде үстеме белгiленсiн.
      4. Елшiлiк қызметкерлерiне медициналық қызмет көрсету үшiн

олардың АҚШ долларымен есептелетiн жалақы қорының 2 процентi
мөлшерiнде аударым бөлiнсiн.
     5. Қазақстан Республикасының ГФР-дегi Елшiлiгiнiң шығыс
сметасы 1993 жылға 669,1 мың АҚШ доллары және 58566,9 мың сом
болып бекiтiлсiн.
     Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1993 жылға
арналған республика бюджетi мен Республикалық валюта қорында
көзделген жоғарыда аталған мақсаттарға тоқсан сайын қаржы бөлудi
қамтамасыз етсiн.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады