Экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi Қазақстан-Жапония комитетiн құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 19 тамыз N 714. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 18.01.1995 ж. N 62 қаулысымен.

      Қазақстан-Жапония экономикалық ынтымақтастығын жандандыру, өзара тиiмдi сауданы дамыту, инвестициялар мен кредиттердi қатыстыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi Қазақстан-Жапония комитетi құрылып, оған Жапониямен экономикалық ынтымақтастықты дамыту жөнiндегi Республика министрлiктерi мен ведомстволарының, мемлекеттiк кәсiпорындардың, жеке бизнестiң, қоғамдық ұйымдар мен қауымдастықтардың күш-жiгерiн үйлестiру қызметi жүктелсiн.
      2. Экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi Қазақстан-Жапония

комитетiнiң жеке құрамы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
     3. Экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi Қазақстан-Жапония 
комитетi хатшылығының қызметiн атқару Қазақстан Республикасының 
Экономика министрлiгiне жүктелсiн.
            Қазақстан Республикасының
                 Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                       1993 жылғы 19 тамыздағы
                                           N 714 қаулысына
                                            Қосымша
            Экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi
                Қазақстан-Жапония комитетiнiң
                             Құрамы
Үркiмбаев М.Ф.     - Қазақстан Республикасының Экономика министрi 
                     (төраға)
<*>

Айманов Ә.К.       - Қазақстан Республикасы Сыртқы экономикалық
                     байланыстар министрiнiң орынбасары (төрағаның
                     орынбасары)
Арыстанов А.К.     - Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi 
                     жанындағы шетелдiк инвестициялар жөнiндегi 
                     Ұлттық агенттiк басқармасының бастығы (хатшы)
     Ескерту. Қосымшаға iшiнара өзгертулер енгiзiлдi - ҚРМК-нiң
              5.04.1994 ж. N 327 қаулысымен.
                             Комитет мүшелерi:
Байсейiтов Б.Р.    - Қазақстан кәсiпкерлерi Конгресiнiң президентi
Бейсенов О.М.      - Қазақ акционерлiк "Тұранбанк" банкi 
                     басқармасының төрағасы
Бектемiсов А.И.    - Шығыс Қазақстан облысының әкiмi 
Дәукенов Д.К.      - Қазақстан Республикасы Ғылым және жаңа 
                     технологиялар министрiнiң орынбасары
Жандосов О.Ә.      - Қазақстан Республикасы Экономика министрiнiң
                     бiрiншi орынбасары, Қазақстан Республикасы
                     Экономика министрлiгi жанындағы шетелдiк
                     инвестициялар жөнiндегi Ұлттық агенттiгiнiң
                     төрағасы
Жомартов А.Ш.      - "Жеңiлинвест" акционерлiк инвестициялық
                     компаниясының президентi
Дүйсебаев Б.Д.     - Сыртқы iстер министрлiгiнiң халықаралық
                     қатынастар басқармасының бастығы
Дүйсенов Д.Т.      - Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп министрiнiң
                     орынбасары
Есенғарин Н.Қ.     - Қазақстан Республикасының Көлiк министрi
Кәкiмжанов З.Х.    - "Кинко" инвестициялық компаниясының 
                     президентi
Қиынов Л.К.        - "Маңғыстаумұнайгаз" өндiрiстiк бiрлестiгiнiң
                     бас директоры
Милованов В.Д.     - "КЭМПО" корпорациясының президентi
Мұхамеджанов Б.Ғ.  - Шағын кәсiпорындар одағының президентi
Нәбиев Ж.Ж.        - "Қазақстан коммерция" сыртқы экономикалық
                     қауымдастығының президентi
Түкенов Ә.Ә.       - Президент пен Министрлер Кабинетi Аппаратының
                     Сыртқы байланыстар бөлiмi меңгерушiсiнiң 
                     бiрiншi орынбасары
Үркiмбаев М.Ф.     - Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi
Шарафутдинов Р.Я.  - Қарағанды металлургия комбинатының бас 
                     директоры
  
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады