"Құрылыс" мемлекеттiк холдинг компаниясын құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 24 тамыз N 726. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996.06.13. N 736 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шаруашылықты басқару органдарының жүйесiн жетiлдiру туралы" 1993 жылғы 23 маусымдағы N 1291 Жарлығын орындау үшiн жаңа нарықтық құрылымдарды қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. "Қазақстанқұрылыс" мемлекеттiк-акционерлiк құрылыс концернi кәсiпорындарының, ұйымдары мен акционерлiк қоғамдарының және саланың басқа кәсiпорындарының негiзiнде, мекен-жайы Алматы қаласында болатын "Құрылыс" мемлекеттiк холдинг компаниясы (мұнан былай - Компания) құрылсын.
      2. Компанияға iрi құрылыс бағдарламаларын жүзеге асыруға қатысу, күрделi құрылысты инвестициялауға арналған қаржы ресурстарын шоғырландыру, құрылыс кешенiн басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру, өнеркәсiптiк және басқа объектiлердi контрактiмен салуды өрiстету және дамыту, тұрғын үй нарығын қалыптастыру, республиканың құрылыс өнiмдерi мен көрсетiлетiн қызметке деген мұқтажын неғұрлым толығырақ қанағаттандыру, тұрақты пайда алуды қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi шешу жүктелсiн.
      3. Компания "Қазақстанқұрылыс" мемлекеттiк-акционерлiк құрылыс концернiнiң мүлiктiк хұқықтары мен мiндеттерiнiң хұқықтық мұрагерi болып табылады деп белгiленсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi бiр ай мерзiмде кәсiпорындар, ұйымдар, акционерлiк қоғамдар құрамында Компания құру жөнiндегi құрылтай құжаттарының пакетiн қосымшаға сәйкес әзiрлесiн.
      5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi

мемлекеттiк комитетi Компаниямен бiрлесiп Компания құрамына 
енген кәсiпорындар мен ұйымдардың мемлекеттiк меншiгiне Қазақстан
Республикасында мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 
1993-1995 жылдарға (II-кезең) арналған Ұлттық бағдарламасына 
сәйкес қайта өзгерту жүргiзсiн.
     6. Қазақ ССР Министрлер Советiнiң Мемлекеттiк-акционерлiк 
"Қазақстанқұрылыс" құрылыс концернiн құру туралы" 1990 жылғы 
28 желтоқсандағы N 540 қаулысының (Қазақ ССР ҚЖ, 1991 ж.,
N 5, 34-бап) күшi жойылды деп танылсын.
            Қазақстан Республикасының
                  Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң     
                                       1993 жылғы 24 тамыздағы
                                           N 726 қаулысына
                                             Қосымша
            "Құрылыс" мемлекеттiк холдинг компаниясы
            құрамына енетiн кәсiпорындар, ұйымдар мен 
                      акционерлiк қоғамдар
                             Тiзбесi
"Шилiсайауыриндустриякәсiпорындарықұрылыс" тресi, Ақтөбе облысы,
Октябрьск қаласы
"Қайрақтыауыриндустриякәсiпорындарықұрылыс" жалгерлiк кәсiпорны,
Жезқазған облысы, Жоғары Қайрақты поселкесi
"Қостанай құрылыс кешенi" акционерлiк-құрылыс концернi, Қостанай 
қаласы   

"Құрылыскомплект" мемлекеттiк-кооперативтiк кәсiпорынын қоса алғанда "Қазақ асбест өнеркәсiбi құрылысы" жалгерлiк жобалауқұрылыс бiрлестiгi, Жiтiқара қаласы, Қостанай облысы "Соколов руда базасы құрылысы" жалгерлiк-акционерлiк құрылыс тресi, Қостанай облысы, Рудный қаласы "Лисаков руда базасы құрылысы" жалгерлiк тресi, Қостанай облысы, Лисаков қаласы Керамзиттi қиыршық тас зауытымен бiрге "Құйма құрылыс" жалгерлiк тресi, Петропавл қаласы "Павлодар өнеркәсiп құрылыс" акционерлiк қоғамы, Павлодар қаласы "Торғай алюминий құрылыс" акционерлiк қоғамы, Арқалық қаласы "Мырғалымсай қорғасын өнеркәсiбi құрылысы" тресi, Оңтүстiк Қазақстан облысы, Кентау қаласы "Лениногор қорғасын өнеркәсiбi құрылысы" акционерлiк құрылыс Қоғамы, Шығыс Қазақстан облысы, Лениногор қаласы "Зырянов құрылыс" жалгерлiк тресi, Шығыс Қазақстан облысы, Зырянов қаласы "Қазақ мыс кәсiпорындары құрылысы" жалгерлiк-акционерлiк тресi, Жезқазған қаласы "Балқашқұрылыс" акционерлiк қоғамы, Жезқазған облысы, Балқаш қаласы "Қызылордақұрылыс" акционерлiк қоғамы, Қызылорда қаласы "Петропавлқұрылыс" аумақтық жобалау-өнеркәсiптiк құрылыс бiрлестiгi, Петропавл қаласы. "Талдықорған өнеркәсiп құрылыс" акционерлiк қоғамы, Талдықорған облысы "Жәйрем ауыр индустрия кәсiпорындары құрылысы" акционерлiк қоғамы, Жезқазған облысы, Жәйрем қаласы Шымкент iрi панельдi үй құрылысы акционерлiк қоғамы, Шымкент қаласы "Семей өнеркәсiп құрылыс" жалгерлiк кәсiпорыны, Семей қаласы "Қазақ кен қабаттарын механикаландырылған тәсiлмен өндiру" жалгерлiк оңтайлы мамандандырылған тресi, Ақтөбе қаласы "Алтай қорғасын кәсiпорындары құрылысы" құрылыс фирмасы, Өскемен қаласы

"Теңiз мұнай өнеркәсiбi құрылысы" акционерлiк қоғамы, Атырау 
облысы, Теңiз поселкесi
"Атырауқұрылыс" жобалау-өндiрiстiк-құрылыс бiрлестiгi, Атырау 
қаласы
"Құлсары мұнай өнеркәсiбi құрылысы" тресi, Атырау облысы, Құлсары
поселкесi
"Жамбыл химия өнеркәсiбi құрылысы" акционерлiк қоғамы, Жамбыл 
қаласы 
"Қаратау химия өнеркәсiбi құрылысы" тресi, Жамбыл облысы, Жаңатас
қаласы
"Қаратау фосфор өнеркәсiбi құрылысы" тресi, Жамбыл облысы, Қаратау
қаласы
"Қостанай ауыр индустрия кәсiпорындары құрылысы" жалгерлiк тресi,
Қостанай қаласы
"Целиноград ауыр индустрия кәсiпорындары құрылысы" тресi, Ақмола
қаласы
"Қазақ ауыр индустрия кәсiпорындары құрылысы" жалгерлiк 
құрылыс-өнеркәсiп бiрлестiгi, Алматы қаласы
"Сочиқұймақұрылыс" трест алаңы, Сочи қаласы
"Темiр-бетон" акционерлiк қоғамы, Жамбыл қаласы

"Павлодар ағаш өнеркәсiбi" акционерлiк қоғамы, Павлодар қаласы "Құрылысконструкция" акционерлiк фирмасы, Ақмола қаласы "Темiр-бетонды конструкциялар, құрылыс бөлшектерiн өндiру" өнеркәсiптiк-өндiрiстiк бiрлестiгi, Қостанай облысы, Рудный қаласы "Темiр-бетон" жалгерлiк кәсiпорыны, Петропавл қаласы "Оңтүстiк Қазақстан құрылыс конструкциялары" өнеркәсiптiк-өндiрiстiк бiрлестiгi, Шымкент қаласы "Ақтөбе азаматтық құрылыс" жобалау-құрылыс бiрлестiгi, Ақтөбе қаласы "Арнаулы iргетасы құрылыс одағы" ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгi, Қарағанды қаласы "Павлодар машина жасау зауыты" жалгерлiк кәсiпорыны, Павлодар қаласы Жамбыл тәжiрибелiк-эксперименттiк механика зауыты, Жамбыл қаласы Қарағанды тәжiрибелiк-эксперименттiк металды формалар және жақтаулық жабдықтар зауыты, Қарағанды қаласы Алматы жалгерлiк эксперименттiк машина жасау зауыты, Алматы қаласы "Жамбыл бiрiккен темiр жол шаруашылығы" акционерлiк қоғамы, Жамбыл қаласы "Павлодар бiрiккен темiр жол шаруашылығы" акционерлiк қоғамы, Павлодар қаласы "Жамбылқұрылыс" жалгерлiк акционерлiк кәсiпорыны, Жамбыл қаласы "Ақмола бiрiккен темiр жол шаруашылығы" акционерлiк қоғамы, Ақмола қаласы "Павлодар жеңiл конструкциялар зауыты" жалгерлiк кәсiпорыны, Павлодар қаласы Шымкент автокөлiк өндiрiстiк бiрлестiгi, Шымкент қаласы Қостанай автокөлiк өндiрiстiк бiрлестiгi, Қостанай қаласы Алматы автокөлiк кәсiпорыны, Алматы қаласы "Құрылыста технологиялық процестердi жобалау" акционерлiк қоғамы, Алматы қаласы "Құрылысты басқарудың ақпараттық-есептеу жүйесiн әзiрлеу, жасау және енгiзу" акционерлiк компаниясы, Алматы қаласы "Қарағанды өнеркәсiптiк құрылысты жобалау" жалгерлiк жобалау-өндiрiстiк кәсiпорыны, Қарағанды қаласы

"Құрылысты коммерциялық жабдықтау" акционерлiк қоғамы, Алматы
қаласы
"Қазақ металлургия объектiлерi құрылысы" жалгерлiк акционерлiк
кәсiпорыны, Қарағанды облысы, Темiртау қаласы
"Металлист" жалгерлiк тәжiрибелiк-эксперименттiк кәсiпорыны, 
Қостанай облысы, Лисаков қаласы
"Степногор мамандандырылған құрылыс басқармасы" акционерлiк
қоғамы, Ақмола облысы, Степногор қаласы

      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады