Жергiлiктi өнеркәсiпте "Зергер" мемлекеттiк акционерлiк компаниясын құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 26 тамыз 1993 ж. N 736. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.12.14. N 1725 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шаруашылықты басқару органдарының жүйесiн жетiлдiру туралы" 1993 жылғы 23 маусымдағы N 1291 Жарлығын орындау үшiн және өтпелi кезеңде мемлекеттiк реттеудi күшейту, нарықтық құрылымдарды қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
      қосымшаға сәйкес мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдардың, акционерлiк қоғамдардың құрамында "Зергер" мемлекеттiк акционерлiк компаниясын (бұдан былай - Компания) құру жөнiндегi құрылтай құжаттарының жобасын әзiрлесiн және бiр айлық мерзiмде Компанияның мүлiктiк кешенiн қалыптастыру жұмысын аяқтайтын болсын;
      заңда белгiленген тәртiппен Компанияның құрамына енгiзiлген мемлекеттiк кәсiпорындардың мүлкiн иелену, пайдалану және басқару құқығын, сондай-ақ бұрын құрылған акционерлiк қоғамдардың акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену, пайдалану және басқару құқығын Компанияға берсiн.
      Мемлекеттiк кәсiпорындарды акционерлендiру дәрежесiне қарай акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн, Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға арналған Ұлттық бағдарламасында (II кезең) көзделген тәртiппен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi сататын акциялардың пакеттерiнен басқасын, иелену, пайдалану және басқару Компанияға берiлсiн.
      2. "Зергер" акционерлiк компаниясы "Қазжергiлiктiөнеркәсiп" мемлекеттiк концернiнiң мүлiктiк құқықтары мен мiндеттерiнiң құқылы мирасқоры болып табылады деп белгiленсiн.
      Компанияның басқармасы Алматы қаласы Жiбек жолы көшесiндегi 64 үйде орналасады.
      3. Компания қызметiнiң негiзгi мақсатын халық тұтынатын тауарлардың өнеркәсiп өндiрiсiн дамыту және халыққа қызмет көрсету, шетелдiк инвесторлардың тарту, өндiрiстi көп салалы ету және коммерцияландыру деп анықталып, оған:

     өзiнiң құрамына кiретiн кәсiпорындардың қызметiн үйлестiру;
     Компанияның өзара байланысты өндiрiстiк бағдарламаларын жасау
және оларды қарастыру;
     негiзгi өнiм түрлерi бойынша мемлекет мұқтажына арналған 
тапсырысты кәсiпорындарға жеткiзу;
     халық тұтынатын тауарлар өндiрiсiн дамыту мен ұлғайту, 
техникалық қайта жарақтандыру, айналадағы ортаны қорғау жөнiндегi
аса маңызды ғылыми-техникалық бағдарламаларды жасау жүктелсiн.
            Қазақстан Республикасының
               Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                       1993 жылғы 26 тамыздағы
                                            N 736 қаулысына
                                             Қосымша
            "Зергер" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының
                   құрамына кiретiн кәсiпорындардың
                            Тiзбесi

     "Темiр-зат" акционерлiк қоғамы, Алматы қаласы
     Атырау металл бұйымдары зауыты, Атырау қаласы
     Қарағанды металл бұйымдары зауыты, Қарағанды қаласы
     Талдықорған металл ойыншықтар зауыты, Талдықорған қаласы
     "Ақтөбехимпласт" өндiрiс бiрлестiгi, Ақтөбе қаласы
     "Ақбұлақ" бiрлескен кәсiпорны, Алматы қаласы
     Қарағанды тоқыма-галантерея пабрикесi, Қарағанды қаласы
     Ақтөбедегi "Светотехника" зауыты, Ақтөбе қаласы 
     "Түскиiз" көркем кәсiпшiлiгi пабрикесi, Алматы қаласы
     Жамбылдағы "Өнерпаз" пабрикесi, Жамбыл қаласы
     Алматыдағы "Кәдесый" кәсiпорны, Алматы қаласы
     "Охотзоопром" өндiрiс бiрлестiгi, Алматы қаласы
     Жамбыл тоқыма-галантерея пабрикесi, Жамбыл қаласы
     Шымкенттiң халық тұтынатын тауарлар шығаратын пабрикесi, 
Шымкент қаласы
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады