"Береке" мемлекеттiк акционерлiк компаниясын құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 30 тамыз N 746. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.03.28. N 350 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шаруашылық басқару органдарының жүйесiн жетiлдiру туралы" 1993 жылғы 23 маусымдағы N 1291 Жарлығын орындау, өнiм берiп тұруды мемлекеттiк реттеу және халықты аса маңызды азық-түлiк түрлерiмен жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Сауда министрлiгiнiң "Қазетсүтбалықөнеркәсiпсаудасының" осыған қосылған тiзбеге сәйкес облыстық бөлу тоңазытқыштары негiзiнде акционерлiк қоғамдарды бiрiктiру жолымен құрылатын мемлекеттiк холдинг компаниясы құрылсын.
      2. "Береке" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы республикалық "Қазетсүтбалықөнеркәсiпсауда" концернiнiң құқылы мұрагерi болып табылады деп белгiленсiн.
      3. "Береке" мемлекеттiк акционерлiк компаниясына мемлекеттiк саясатты:
      - белгiленген тапсырмаларға сәйкес халықты қамтамасыз ету мұқтажына арналған белгiлi бiр номенклатура тауарларының және аса маңызды контингенттерiнiң қажеттi ресурстары мен мемлекеттiк резервтерiн қалыптастыру, сақтау және пайдалану;
      - компанияның номенклатурасына кiретiн өнiмдердi берiп тұру жөнiндегi мемлекетаралық келiсiмдердi орындау және олардың республикаға әкелiнуiн қамтамасыз ету;
      - республика аймақтары арасында ресурстармен маневр жасау; iрi өнеркәсiп орталықтарының нарықтық және нарықтан тыс тұтынушыларын жабдықтау үшiн қажеттi маусымаралық кезеңге арналған тауарлар қорын жасау;
      - "Береке" мемлекеттiк акционерлiк компаниясына кiретiн акционерлiк қоғамдардың қызметiн реттеу және аймақтар мен жеке тұтынушылар бойынша мал шаруашылығы, маргарин өнiмдерi, жұмыртқа, балалар тамағы, балық өнiмдерi және басқа азық-түлiк ресурстарын республикада белгiленген бөлу тәртiбiне сәйкес пайдалану;
      - компанияның материалдық базасын дамыту мен жаңғырту, оның коммерциялық қызметi және кәсiпорындарының жарнасы есебiнен мақсатты қаржы қорларын қалыптастыру;
      - "Береке" мемлекеттiк акционерлiк компаниясына кiретiн кәсiпорындарды жаңғырту, жаңа объектiлер салу үшiн шетел инвестицияларын тарту мәселелерiнде мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру жүктелсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi

мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Сауда министрлiгiмен
және "Береке" мемлекеттiк акционерлiк компаниясымен бiрлесiп
компанияның құрылтай құжаттарын әзiрлеп, бекiтсiн.
     5. "Береке"мемлекеттiк акционерлiк компаниясының басқармасы
Алматы қаласында "Қазетсүтбалықөнеркәсiпсауда" концернiнiң әкiмшiлiк
үйiне орналастырылсын.
 
        Қазақстан Республикасының
           Премьер-министрi
                                               Қазақстан Республикасы
                                               Министрлер Кабинетiнiң
                                               1993 жылғы 30 тамыздағы
                                                   N 746 қаулысына
                                                       қосымша

        "Береке"мемлекеттiк акционерлiк компаниясына кiретiн
                   акционерлiк қоғамдардың
                        ТIЗБЕСI

     Ақмола бөлу тоңазытқышы
     Ақтөбе бөлу тоңазытқышы
     Атырау бөлу тоңазытқышы
     Өскемен бөлу тоңазытқышы
     Жамбыл бөлу тоңазытқышы
     Жезқазған бөлу тоңазытқышы
     Балқаш бөлу тоңазытқышы
     Орал бөлу тоңазытқышы
     Қарағанды бөлу тоңазытқышы
     Қызылорда бөлу тоңазытқышы 
     Көкшетау бөлу тоңазытқышы
     Қостанай бөлу тоңазытқышы
     Жаңа Өзен бөлу тоңазытқышы
     Петропавл бөлу тоңазытқышы
     Павлодар бөлу тоңазытқышы
     Екiбастұз бөлу тоңазытқышы 
     Семей бөлу тоңазытқышы
     Талдықорған бөлу тоңазытқышы
     Арқалық бөлу тоңазытқышы  
     Шымкент бөлу тоңазытқышы
     N 2 Алматы бөлу тоңазытқышы
     "Көмек" көтерме-бөлшек сауда кәсiпорны
     (N 1 Алматы бөлу тоңазытқышы)   
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады