Қазақстан Республикасының Жекелеген мемлекеттiк наградтарымен наградталған азаматтарға берiлетiн жеңiлдiктер туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 3 қыркүйек 1993 ж. N 783. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.03.04. N 205 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы" Заңның 33-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. "Даңқ" орденiмен наградталған әскери қызметшiлерге, iшкi iстер, ұлт қауiпсiздiгi органдарының қызметкерлерiне: 
      белгiленген нормалар бойынша тұрғын алаңмен бiрiншi кезекте қамтамасыз етiлу хұқығы берiлсiн; 
      санаторий-курорт емiне адамдарға санаторийге немесе демалыс үйiне жұмыс (қызмет) орындары арқылы, ал жұмыс iстемейтiн зейнеткерлерге зейнетақы төлейтiн органдар арқылы жыл сайын тегiн жолдама берiлсiн. 
      2. "Күмiс алқамен" наградталған (6-7 бала туып тәрбиелеген), сондай-ақ I, II, III дәрежелi "Ана даңқы" ордендерiмен және I дәрежелi "Ана медалiмен" наградталған көп балалы аналарға: 
      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 17 ақпандағы N 122 қаулысында белгiленген тәртiп бойынша балаларының жасына қарамастан қаланың iшкi көлiгi мен қала маңына жүретiн көлiктi (таксиден басқасы), ал ауылдық жерлерде ауданның iшкi желiсiндегi автобустарды жеке өзiнiң тегiн пайдалану хұқығы берiлсiн (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ, 1993 ж., N 4, 50 бап); 
      - мұқтаждарға тұрғын үй салу үшiн бiрiншi кезекте процентсiз кредит берiлсiн; 
      - жергiлiктi атқару органдарына осы топқа жататын көп балалы аналарды және "Алтын алқамен" наградталған аналарды, сондай-ақ бұрын "Ардақты ана" атағын алған, I, II, III дәрежелi "Ана даңқы" ордендерiмен және I дәрежелi "Ана медалiмен" наградталған аналарды заказдар бойынша қызмет көрсететiн столдар жүйесi арқылы азық-түлiкпен қамтамасыз ету мүмкiндiгiн қарастыру ұсынылсын. 
      3. 1993 жылдың 1-қыркүйегiнен бастап: 
      - "Қазақстанның халық жазушысы"; 
      - "Қазақстанның халық артисi"; 
      - "Қазақстанның халық ақыны" атақтарын алған және сонымен дәрежелес республиканың "Халық" құрметтi атақтары бұрынырақ берiлген адамдарға, сондай-ақ бұрынғы КСРО-ның "Халық" құрметтi атағы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының негiзгi еңбек ақысына ай сайын Қазақстан Республикасының заңында белгiленген есептi көрсеткiштiң 1,5 көлемiнде үстеме белгiленсiн;<*> 
      - "Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы"; 
      - "Қазақстанның еңбек сiңiрген қайраткерi"; 
      - "Қазақстанның еңбек сiңiрген қызметкерi"; 
      - "Қазақстанның еңбек сiңiрген артисi"; 
      - "Қазақстанның еңбек сiңiрген ғылым және техника қайраткерi"; 
      - "Қазақстанның еңбек сiңiрген өнертапқышы" атақтарын алған және сонымен дәрежелес республиканың "Еңбек сiңiрген" құрметтi атақтары бұрынырақ берiлген адамдарға, сондай-ақ бұрынғы КСРО-ның "Еңбек сiңiрген" құрметтi атағы бар Қазақстан Республикасының азаматтарының негiзгi еңбек ақысына ай сайын есептi көрсеткiштiң 1 көлемiнде үстеме белгiленсiн.<*> 
      Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары, кәсiпорындары (бiрлестiктерi), ұйымдары мен мекемелерi меншiк түрi мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, сондай-ақ облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi осы үстемелердi еңбекақы қорының есебiнен төлеуiн қамтамасыз етсiн. 
       ЕСКЕРТУ. 3-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.04.02. 
N 465 қаулысымен.  
      4. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "КСРО мен Қазақстан Республикасының құрметтi атақтарын алған адамдарға үстеме ақша төлеудiң жүйесiне өзгерiстер енгiзу туралы" 1992 жылғы 29-сәуiрдегi N 390 қаулысы 1993 жылдың 1-қыркүйегiнен бастап күшiн жойды деп саналсын (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ, 1992 ж., N 17, 271-бап). 

      Қазақстан Республикасының 
      Премьер-министрi 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады