"Асыл" мемлекеттiк акционерлiк компаниясын құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 7 қыркүйек N 836. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997.12.30. N 1856 қаулысымен ~P971856.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шаруашылықты басқару орындарының жүйесiн жетiлдiру туралы" 1993 жылғы 23 маусымдағы N 1291 U931291_ Жарлығын орындау үшiн және асыл тұқымды ауыл шаруашылық түлiктерiнiң қолда бар гендiк қорын сақтау, селекциялық-асылдандыру жұмысы саласында бiрыңғай саясатты жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Ауыл шаруашылығы түлiктерiн асылдандыру iсi және қолдан ұрықтандыру жөнiндегi Республикалық өндiрiстiк бiрлестiктiң (Қазасылтұқымбiрлестiгi) кәсiпорындары мен ұйымдары негiзiнде қосымшаға сәйкес "Асыл" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы (бұдан әрi Компания) құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне Компаниямен бiрлесе отырып 1993-1995 жылдарға арналған (II кезең) мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiру жөнiндегi Ұлттық бағдарламаға және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Агроөнеркәсiп кешенiнiң мемлекеттiк ауыл шаруашылық, дайындаушы, ұқсатушы және қызмет көрсетушi кәсiпорындарының мүлкiн жекешелендiру жөнiндегi қосымша шаралар туралы" 1993 жылғы 5 наурыздағы N 1137 U931137_ Жарлығына сәйкес Компания құрамына кiретiн кәсiпорындар мен ұйымдардың мемлекеттiк мүлкiн қайта құруды жүзеге асыру тапсырылсын.
      3. Компанияға Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң келiсiмiмен мына мәселелер бойынша:
      - мемлекеттiк асыл тұқым станцияларының, асыл тұқым заводтарының, асыл тұқым шаруашылықтарының қызметiн үйлестiру мен реттеуде;
      - республикада ауыл шаруашылығы түлiктерiн селекциялық-асылдандыру жұмысы мен қолдан ұрықтандыруда барынша жоғары тиiмдiлiкке қол жеткiзу жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламаны әзiрлеп, жүзеге асыруда;
      - сапалық қайта жаңарту жөнiндегi ғылыми-техникалық талдамаларды орындау мен енгiзудi және жоғары бағалы түлiктердi өсiрудiң биотехнологиялық әдiстерi және басқа осы заманғы генетика мен электронды-есептеу техникаларының жетiстiктерiн қолдана отырып ауыл шаруашылығы түлiктерiнiң өнiмдiлiгiн арттыруды жеделдетуде;
      - Компания құрамына кiретiн кәсiпорындарды қайта жаңғырту, жаңа объектiлер салу үшiн шет елдiк инвестицияларды тарту мен пайдалануда;
      - өндiрiстiк қызметтi жүзеге асыру барысында айналадағы ортаны қорғау және табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану жөнiндегi шараларды әзiрлеп, жүзеге асыруда мемлекет мүддесiн ұсыну құқы берiлсiн.
      4. Компания Қазасылтұқымбiрлестiгiнiң заңды мұрагерi болып

белгiленсiн.
     5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi
мемлекеттiк комитетi Компанияға оның құрамына кiретiн, бұрын 
құрылған акционерлiк қоғамдардың мемлекеттiк акциялар пакеттерiнiң
белгiленген бөлiгiн иелену, пайдалану және басқару құқын берсiн.
     6. "Асыл" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы заңды ұйым 
болып табылады, Қазақстан Республикасының заңдары, өз Жарғысы
негiзiнде iс-әрекет етедi және республика агроөнеркәсiп кешенiнiң
құрамына кiредi.
            Қазақстан Республикасының
                Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                      1993 жылғы 7 қыркүйектегi
                                           N 836 қаулысына
                                            Қосымша
            "Асыл" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының
                  құрамына кiретiн кәсiпорындардың
                             Тiзбесi
            Ақмола облысы
Ауыл шаруашылығы түлiктерiн асылдандыру iсi және қолдан ұрықтандыру
жөнiндегi облыстық өндiрiстiк бiрлестiк
"Краснояр" асыл тұқымды совхозы
"Балхаш" асыл тұқымды заводы
"Атбасар" асыл тұқымды заводы

            Ақтөбе облысы
Ауыл шаруашылығы түлiктерiн асылдандыру iсi және қолдан ұрықтандыру
жөнiндегi облыстық өндiрiстiк бiрлестiк
"Мұғаджар" жылқы заводы

            Алматы облысы
Ауыл шаруашылығы түлiктерiн асылдандыру iсi және қолдан ұрықтандыру
жөнiндегi облыстық өндiрiстiк бiрлестiк
"Ақсай" асыл тұқымды заводы
"Қастек" асыл тұқымды заводы
П. Ф. Томаровский атындағы асыл тұқымды совхозы
"Ұзынбұлақ" асыл тұқымды совхозы
"Дегерес" жылқы заводы
Республикалық ипподром
Республикалық Алматы ипподромының жемшөп шаруашылығы

            Атырау облысы
Ауыл шаруашылығы түлiктерiн асылдандыру iсi және қолдан ұрықтандыру
жөнiндегi облыстық өндiрiстiк бiрлестiк

            Шығыс Қазақстан облысы
Ауыл шаруашылығы түлiктерiн асылдандыру iсi және қолдан ұрықтандыру
жөнiндегi облыстық өндiрiстiк бiрлестiк
"Родина" колхозының асыл тұқымды заводы

            Жамбыл облысы
Ауыл шаруашылығы түлiктерiн асылдандыру iсi және қолдан ұрықтандыру
жөнiндегi облыстық өндiрiстiк бiрлестiк
"Луговой" жылқы заводы
"Ленин" асыл тұқымды заводы
"Мерке" асыл тұқымды заводы

            Жезқазған облысы
Ауыл шаруашылығы түлiктерiн асылдандыру iсi және қолдан ұрықтандыру
жөнiндегi облыстық өндiрiстiк бiрлестiк
"Красная поляна" асыл тұқымды заводы
"Просторный" асыл тұқымды заводы

            Батыс Қазақстан облысы
Ауыл шаруашылығы түлiктерiн асылдандыру iсi және қолдан ұрықтандыру
жөнiндегi облыстық өндiрiстiк бiрлестiк
"Бiрлiк" асыл тұқымды заводы
Қазақ КСР-iнiң 40 жылдығы атындағы асыл тұқымды заводы
"Чапаев" асыл тұқымды заводы
"Анқаты" асыл тұқымды заводы

            Қарағанды облысы
Ауыл шаруашылығы түлiктерiн асылдандыру iсi және қолдан ұрықтандыру
жөнiндегi облыстық өндiрiстiк бiрлестiк
"Қарағанды" асыл тұқымды заводы

            Қызылорда облысы
Ауыл шаруашылығы түлiктерiн асылдандыру iсi және қолдан ұрықтандыру
жөнiндегi облыстық өндiрiстiк бiрлестiк

            Көкшетау облысы
Ауыл шаруашылығы түлiктерiн асылдандыру iсi және қолдан ұрықтандыру
жөнiндегi облыстық өндiрiстiк бiрлестiк
"Көкшетау" жылқы заводы
"Алабота" асыл тұқымды заводы

            Қостанай облысы
Ауыл шаруашылығы түлiктерiн асылдандыру iсi және қолдан ұрықтандыру
жөнiндегi облыстық өндiрiстiк бiрлестiк
"Москалев" асыл тұқымды заводы
"Мичурин" асыл тұқымды заводы
"Покровка" асыл тұқымды заводы
СОКП XXIII съезi атындағы "Сұлукөл" асыл тұқымды заводы

            Маңғыстау облысы
Ауыл шаруашылығы түлiктерiн асылдандыру iсi және қолдан ұрықтандыру
жөнiндегi облыстық өндiрiстiк бiрлестiк

            Павлодар облысы
Ауыл шаруашылығы түлiктерiн асылдандыру iсi және қолдан ұрықтандыру
жөнiндегi облыстық өндiрiстiк бiрлестiк
"Бесқарағай" асыл тұқымды заводы
"Песчанка" асыл тұқымды заводы

            Солтүстiк Қазақстан облысы
Ауыл шаруашылығы түлiктерiн асылдандыру iсi және қолдан ұрықтандыру
жөнiндегi облыстық өндiрiстiк бiрлестiк
"Ұзынкөл" асыл тұқымды заводы

            Семей облысы
Ауыл шаруашылығы түлiктерiн асылдандыру iсi және қолдан ұрықтандыру
жөнiндегi облыстық өндiрiстiк бiрлестiк
Б. Әбжанов атындағы "Қаракөл" асыл тұқымды заводы
"Шалабай" асыл тұқымды заводы
"Заветы Ильича" колхозының асыл тұқымды заводы
"Қалбатау" асыл тұқымды заводы

            Талдықорған облысы
Ауыл шаруашылығы түлiктерiн асылдандыру iсi және қолдан ұрықтандыру
жөнiндегi облыстық өндiрiстiк бiрлестiк
"Сарыбұлақ" асыл тұқымды заводы
"Пограничник" асыл тұқымды заводы
Алдабергенов атындағы колхоздың асыл тұқымды заводы

            Торғай облысы
Ауыл шаруашылығы түлiктерiн асылдандыру iсi және қолдан ұрықтандыру
жөнiндегi облыстық өндiрiстiк бiрлестiк

            Оңтүстiк Қазақстан облысы
Ауыл шаруашылығы түлiктерiн асылдандыру iсi және қолдан ұрықтандыру
жөнiндегi облыстық өндiрiстiк бiрлестiк
"Күйiк" асыл тұқымды заводы

      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады