"Станкомаш" мемлекеттiк холдинг компаниясын құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 9 қыркүйек N 846. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.10.26. N 1382 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шаруашылықты басқару органдарының жүйесiн жетiлдiру туралы" 1993 жылғы 23 маусымдағы N 1291 Жарлығын орындау үшiн, өтпелi кезеңде мемлекеттiк реттеудi күшейту, нарықтық құрылымдарды қалыптастыру және станок жасау мен аспан өнеркәсiбiн дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қосымшаға сәйкес кәсiпорындардың негiзiнде "Станкомаш" мемлекеттiк холдинг компаниясы (бұдан былай - Компания) құрылсын.
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi заңда белгiленген тәртiп бойынша Компанияның құрамына енгiзiлген мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдардың мемлекеттiк мүлкiн басқару құқығын, сондай-ақ бұрын құрылған акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн иелену, пайдалану және басқару құқығын Компанияға табыстайтын болсын.
      Мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдардың акционерлендiрiлуiне қарай Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi сататын акциялардың пакеттерiн қоспағанда, акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн иелену, пайдалану және басқару Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға арналған (II кезең) Ұлттық бағдарламасында көзделген тәртiп бойынша Компанияға берiлетiн болсын.
      2. "Станкомаш" мемлекеттiк холдинг компаниясы қызметiнiң негiзгi мақсаты республика өнеркәсiбiнiң өңдеушi салаларына шетел инвесторларын тарту, өндiрiстi көп салалы етiп өрiстету және коммерцияландыру деп белгiленсiн және оған:
      өзiнiң құрамына енетiн кәсiпорындардың қызметiн үйлестiру;
      компанияның өзара байланысты өндiрiстiк бағдарламаларын қарау мен жасау;
      негiзгi өнiм түрлерi бойынша мемлекет мұқтаждарына арналған тапсырысты кәсiпорындарға жеткiзу;
      мәшине жасауды дамыту, техникалық қайта жарақтандыру, айналадағы ортаны қорғау жөнiнде аса маңызды ғылыми-техникалық бағдарламалар жасау жүктелсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп министрлiгiмен бiрлесiп Компанияның мүлiктiк кешенiн қалыптастыру жөнiндегi жұмысты бiр ай мерзiм iшiнде аяқтау және құрылтай құжаттарын бекiту тапсырылсын.
      4. "Станкомаш" мемлекеттiк холдинг компаниясының орналасатын

жерi Алматы қаласы деп белгiленсiн.
     5. Алматы қаласының әкiмi, мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi Алматы
аумақтық комитетi Компанияның атқарушы аппаратын орналастыру үшiн
қажеттi қызметтiк үй-жайлар бөлiп, техникалық құралдармен, телефон 
және телекс байланысы арналарымен қамтамасыз етсiн.
            Қазақстан Республикасының
                 Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                     1993 жылғы 9 қыркүйектегi
                                         N 846 қаулысына
                                          Қосымша
            "Станкомаш" мемлекеттiк холдинг компаниясының
                  құрамына кiретiн кәсiпорындардың
                             Тiзбесi
Станок жасау зауыты, Алматы қаласы
Экскаватор зауыты, Кентау қаласы, Оңтүстiк Қазақстан облысы
Тәжiрибе-механика зауыты, Жамбыл қаласы
"Коммунмаш" зауыты, Жамбыл қаласы
Механика зауыты, Қарағанды қаласы
"Мирас" мәшине жасау зауыты, Талдықорған қаласы

Мемлекеттiк iшпек зауыты-16, Степногор қаласы, Ақмола облысы "Қазстаноксервис" шағын мемлекеттiк кәсiпорны, Алматы қаласы "Станокаспап" өнеркәсiп-сауда үйi, Алматы қаласы

Метиз зауыты, Лепсi қаласы, Талдықорған облысы
Тiгiн фабрикасы, Түркiстан қаласы, Оңтүстiк Қазақстан облысы
Сорап зауыты, Ақмола қаласы
Газ аппаратурасы зауыты, Семей қаласы
Арматура зауыты, Семей қаласы

 
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады