"Қайсар" мемлекеттiк холдинг компаниясы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 17 қыркүйек N 905. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996.02.27. N 245 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шаруашылықты басқару органдарының жүйесiн жетiлдiру туралы" 1993 жылғы 23 маусымдағы N 1291 Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Павлодар аймағындағы кәсiпорындар мен ұйымдардың базасында "Қайсар" мемлекеттiк холдинг компаниясы (бұдан әрi - Компания) құрылсын.
      2. Компания басқармасының орналасатын жерi Павлодар облысының Ақсу қаласы болып белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
      осы қаулыға тiркелген қосымшаға сәйкес кәсiпорындар мен ұйымдардың құрамында Компанияны құру жөнiндегi құрылтай құжаттарының пакетiн бiр ай мерзiм iшiнде әзiрлесiн.
      Компанияға Компанияның құрамына енгiзiлген кәсiпорындар мен ұйымдардың мемлекеттiк мүлкiн иелену, пайдалану мен басқару құқығын беретiн болсын.
      Мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдарды акцияландыру барысына қарай акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi өткеретiн акциялардың пакеттерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасында 1993-1995 жылдары (II кезең) мемлекет қарамағынан алу мен жекешелендiрудiң Ұлттық бағдарламасында көзделген тәртiппен Компанияның иеленуi, пайдалануы және басқаруына берiлсiн.
      4. Компания қызметiнiң негiзгi мақсаттары ферросплав өндiрiсiн дамыту, кәсiпорындардың жөндеу базасын нығайту, шет ел инвесторларын тарту деп белгiленiп, оған мыналар жүктелсiн:
      ферросплав зауыты мен жөндеу кәсiпорындарының қызметiн, зауытты техникалық жағынан қайта жарақтандыруды және хром қорытпаларын өндiрудi ұлғайтуды үйлестiру;
      Компанияның кәсiпорындары мен ұйымдарының өндiрiстiк бағдарламаларын қарап және жасап, Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп министрлiгiнде бекiттiру;
      өнiмнiң негiзгi түрлерi бойынша мемлекетке қажет өнiмдер шығарудың көлемiн белгiлеу;
      ферросплав өндiрiсiн дамыту, халық тұтынатын тауарлар мен ауыл шаруашылық өнiмiн өндiру, айналадағы ортаны қорғау және оларды мемлекеттiк инвестициялау жөнiнде аса маңызды ғылыми-техникалық бағдарламалар жасау;
      Компанияның кәсiпорындары өндiретiн өнiмдi экспортқа шығарудың

квоталарын, лицензияларын келiсу, олардың сыртқы экономикалық
қызметiн үйлестiру;
     акционерлiк қоғамдардың Байқаушы кеңестерiн құру және оларға
Компанияның өкiлдерiн тағайындау.
     5. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлiгi Компанияның
қызметiн қамтамасыз ету жөнiнде ұйымдастыру шараларын қабылдайтын 
болсын.
     6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi 
мемлекеттiк комитетi және оның аумақтық комитетi Ермак ферросплав
зауытымен бiрлесiп қолдағы ресурстар есебiнен Компанияға қажеттi
қызмет үй-жайларын, техникалық құралдарды және телефон мен телекс
байланыстары арналарын бөлетiн болсын.
            Қазақстан Республикасының
                 Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы   
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                     1993 жылғы 17 қыркүйектегi
                                         N 905 қаулысына
                                          Қосымша
            "Қайсар" мемлекеттiк холдинг компаниясына
               енетiн кәсiпорындар мен ұйымдардың
                             Тiзбесi
Ермак ферросплав зауыты (оның барлық бөлiмшелерiмен қоса) 
Павлодар облысының Ақсу қаласы
Ермак мамандандырылған "Ферросплавмехжөндеу" құрылыс-монтаж
басқармасы, Павлодар облысының Ақсу қаласы
Ермак мамандандырылған "Энергожөндеу" жөндеу-құрылыс кәсiпорны,
Павлодар облысының Ақсу қаласы
Ермак мамандандырылған "Металлургжөндеу" құрылыс-монтаж кәсiпорны,
Павлодар облысының Ақсу қаласы
"Диатекс" бiрлескен кәсiпорны, Павлодар қаласы
Гагарин атындағы совхоз, Павлодар облысының Ақсу ауданы
Сүт зауыты, Павлодар облысының Ақсу қаласы
Жаңадан салынып жатқан жемiс-консервi заводы, Павлодар облысының
Ақсу қаласы
"Павлодаршыны" зауыты, Павлодар қаласы
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады