Үкiметаралық қазақстан-түрiк бiрлескен экономикалық комиссиясын құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 24 қыркүйек N 949. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 18.01.1995 ж. N 62 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрiк Республикасы Үкiметiнiң арасындағы үкiметаралық қазақстан-түрiк бiрлескен экономикалық комиссиясын құру туралы уағдаластыққа сәйкес және қол жеткен уағдаластықтарды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы

мен Түрiк Республикасы арасындағы экономикалық ынтымақтастықты одан 
әрi дамыту жөнiндегi жұмысты үйлестiру мақсатында Қазақстан 
Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
     1. Үкiметаралық қазақстан-түрiк бiрлескен экономикалық 
комиссиясының қазақстандық бөлiгi мына құрамда бекiтiлсiн:
Әбiшев             - Премьер-министрдiң орынбасары, Сыртқы 
Сыздық Жұматайұлы    экономикалық байланыстар министрi (комиссияның
                     тең төрағасы)
                   
                   комиссияның мүшелерi:
Базылов            - Байланыс министрiнiң бiрiншi орынбасары
Қазыкен Базылұлы

Бекбосынов         - Энергетика және отын ресурстары министрiнiң
Нұрлыхан Өтеуұлы     бiрiншi орынбасары

Бiтiмбаев          - Өнеркәсiп министрiнiң орынбасары 
Марат Жақыпұлы

Дамитов            - "Қазақстан Әлем Банк" басқармасы төрағасының
Қадыржан Қабдошұлы   орынбасары

Даненов            - Сыртқы iстер министрлiгiнiң Басқарма
Нұрлан Жұмағалиұлы   бастығы

Жомартов           - "Легинвест" акционерлiк инвестициялық
Әбдiразақ Шаушенұлы  компанияның президентi

Дауылбаев          - Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң ет-сүт
Оңғар Дауылбайұлы    өнеркәсiбi бас басқармасының бастығы

Каплан             - Көлiк министрiнiң орынбасары 
Теодор Лазаревич  

Семкин             - Маңғыстау облысы әкiмiнiң орынбасары
Владимир Иванович

Сүлейменов         - Президент пен Министрлер Кабинетi
Төлеген Идаятұлы     Аппаратының Сыртқы байланыстар бөлiмiнiң аға
                     референтi

Тайыров            - Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгiнiң
Сәбит Мұхтарұлы      басқарма бастығы (комиссияның хатшысы)

     2. Үкiметаралық комиссияның қазақстандық бөлiгiне, қажет 
болған жағдайда, тұрақты комиссиялар құру, оның құрамын, 
функцияларын және жұмысының негiзгi бағыттарын белгiлеу құқығы
берiлсiн.
     3. Министрлiктер, ведомстволар, облыс, Алматы және Ленинск
қалаларының әкiмдерi комиссияның қызметiне барынша жәрдемдесiп
отыратын болсын.
            Қазақстан Республикасының
                Премьер-министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады