Зерде кiтабы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 29 қыркүйек 1993 ж. N 958

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi мемлекеттiк өкiмет және басқару органдарының, республикалық Әскери комиссариат құрылымдарының қайта ұйымдастырылуына байланысты "Соғыс алдындағы жылдары және Ұлы Отан соғысы кезеңiнде Отанын қорғауда, сондай-ақ интернационалдық борышын өтеуде қаза тапқан совет азаматтарын мәңгi есте қалдыру жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Советтiк Социалистiк Республикалар Одағы Президентiнiң 1991 жылғы 8 ақпандағы N VII-1440 Жарлығын жүзеге асыру туралы" Қазақ ССР Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 28 мамырдағы N 338 қаулысы орындалмай отырғанын атап көрсетедi. Осы уақытқа дейiн Қазақстан Республикасы Ұлттық академиясының Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен "Қазақ энциклопедиясы" бас редакциясы жанындағы жұмыс топтарын қаржыландыру мәселесi шешiлген жоқ.
      Республикалық Зерде Кiтабын әзiрлеу мен шығару жөнiндегi редакциялық алқа құрамы елеулi өзгерiске ұшырады. Зерде Кiтабын шығару жөнiндегi жұмыстың күнтiзбелiк жоспары мен әдiстемелiк ұсыныстары күнi бүгiнге дейiн бекiтiлген жоқ.
      Зерде Кiтабының облыстық, қалалық кiтаптарын және республикалық жиынтық томын шығаратын полиграфия кәсiпорындары осы уақытқа дейiн анықталған жоқ. Зерде Кiтабының республикалық жиынтық томын әзiрлеу мен шығаруды қаржыландыру мәселесi де шешiлмей отыр.
      Соғыс алдындағы жылдары және Ұлты Отан соғысы кезеңiнде, сондай-ақ интернационалдық борышын өтеуде қаза тапқандарды мәңгi есте қалдыру жөнiндегi шараларды белсендi жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Республикалық Зерде Кiтабын әзiрлеу мен шығару жөнiндегi редакция алқасының құрамы бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
      2. Республикалық Зерде Кiтабын әзiрлеу мен шығару жөнiндегi редакция алқасы, облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi Зерде Кiтабының жұмыс топтары мен редакциялық алқаларының қызметiн жандандыру жөнiнде қосымша шаралар қолданылуын қамтамасыз етсiн.
      Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi, "Қазақ энциклопедиясының" бас редакциясы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты жұмыс топтарының қызметi үшiн қажеттi жағдай жасасын.
      3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi ұрыста қаза тапқандар мен соғыс алдындағы жылдары және Ұлы Отан соғысы кезеңiнде, сондай-ақ интернационалдық борышын орындау кезiнде хабарсыз кеткендердiң есiмiн анықтау жөнiнде шаралар қолдансын.
      4. Республикалық Зерде Кiтабын әзiрлеу мен шығару жөнiндегi редакция алқасы, Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгi, "Қазконтракт" Республикалық контракт корпорациясы Республикалық Зерде Кiтабын шығаруды қаржымен және материалдық қамтамасыз ету туралы ұсынысты екi ай мерзiмде қарап, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзсiн.
      Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi

облыстық, қалалық Зерде Кiтаптарының шығарылуын қамтамасыз етсiн.
     5. Қазақ КСР Министрлер Кабинетiнiң "Соғыс алдындағы жылдары
және Ұлы Отан соғысы жылдары кезеңiнде Отанын қорғауда, сондай-ақ
интернационалдық борышын өтеуде қаза тапқан совет азаматтарын
мәңгi есте қалдыру жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Советтiк
Социалистiк Республикалар Одағы Президентiнiң 1991 жылғы 
8 ақпандағы N VII-1440 Жарлығын жүзеге асыру туралы" 1991 жылғы
28 мамырдағы N 338 қаулысының (Қазақ КСР ҚЖ, 1991 ж., N 15, 
93-бап) 2-бабының бiрiншi абзацының күшi жойылған деп танылсын.
            Қазақстан Республикасының
               Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                      1993 жылғы 29 қыркүйектегi
                                          N 958 қаулысына
                                           Қосымша
            Республикалық Зерде Кiтабын әзiрлеу және шығару
                 жөнiндегi редакциялық алқаның
                             Құрамы
Сәрсенбаев А.С.    - Қазақстан Республикасының Баспасөз және
                     бұқаралық ақпарат министрi, редакция алқасының
                     төрағасы
Сағдиев М.Р.       - Қазақ Республикалық Соғыс және еңбек 
                     ардагерлерi кеңесiнiң төрағасы, редакция 
                     алқасы төрағасының орынбасары
Қозыбаев М.К.      - Ұлттық ғылым академиясының Ш. Уәлиханов
                     атындағы тарих және этнология институтының
                     директоры, редакция алқасы төрағасының
                     орынбасары
Нұрғалиев Р.Н.     - "Қазақ энциклопедия" Бас редакциясының бас
                     редакторы, редакция алқасы төрағасының 
                     орынбасары
Едiгенов Н.Е.      - Республикалық Зерде Кiтабының жиынтық томын
                     құрастырушы авторы, тарих ғылымдарының 
                     кандидаты, редакция алқасының хатшысы
  
                   Редакция алқасының мүшелерi:
Әлiбеков Е.К.      - Республикалық Соғыс және еңбек ардагерлерi
кеңесiнiң Отан қорғаушыларды мәңгi есте сақтау
                     жөнiндегi комиссиясының төрағасы, отставкадағы
                     генерал-лейтенант
Ахмадин Ә.А.       - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң
                     орынбасары, милиция генерал-майоры
Белан П.С.         - Ұлттық ғылым академиясы Ш. Уәлиханов атындағы
                     Тарих және этнология институтының жетекшi
                     қызметкерi, Зерде Кiтабын шығару жөнiндегi
                     жұмыс тобының жетекшiсi
Есенғұлов А.Ғ.     - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң
                     орынбасары, генерал-майор
Қосанов Ә.         - Қазақстан Республикасының Жастар iстерi 
                     жөнiндегi мемлекеттiк комитетi төрағасының
                     орынбасары
Соболев В.В.       - Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң
                     бiрiншi орынбасары
Танабаев Р.I.      - Қазақстан Республикасы Бейбiтшiлiк қоры
                     төрағасының бiрiншi орынбасары
Чупров В.М.        - Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi
                     жанындағы архивтер мен құжаттама Бас 
                     басқармасы бастығының орынбасары
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады